Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата31.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#21468
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
ЖОО тренерлерін оқыту бағдарламасы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жалпы
Метакогнитивті 

стратегия 

-J. 


H.  Flavell  (1992)  пікірінше,    метакогнитивті  стратегия 

метакогнитивті  мақсаттарға  қызмет  етеді,  яғни  танымдық  іс-әрекетті 

бақылау  мен  мониторингін  қамтамасыз  етеді.  D.  Kuhn  (1983),  

Б.А.Моляко  (1991)  жұмыстарында  метакогнитивті  стратегияларға 

міндеттің  шарттарына  сәйкес  танымдық  стратегиялардың  өзін  таңдау, 

құру  және  өзгерту  рөлі  беріледі.  Мұндай  стратегияларды  зерттеу 

түрлері психологияда кеңінен ұсынылған.   Мысалы



27 

 

 



міндеттің  "кешенді  құрылымын"  құру  (О.  Зельц,  1981),  қайта 

құрылымдау  (М.Вертхаймер,  1987;  К.  Дункер,  1965),  ұғымдарды 

қалыптастыру  стратегиясы  (Дж.  Брунер,  1977),  "әрекеттегі  мағынаны" 

құру  (О.  К.  Тихомиров,  1984)  және  т.  б.  Ақпараттық  теорияларда  (Д. 

Миллер, Ю. Галантер, 1986; А.Ньюэлл, Дж. Шоу, 1965; П. Линдсей, Д. 

Норман, 1974 және т.б.) мәселенің шешімін табу үдерісін ұйымдастыру 

атқарымын  орындайтын  арнайы  эвристика  мен  алгоритмдер 

анықталды. 



Модельдеу 

- таным объектілерін олардың модельдерінде зерттеу; нақты бар заттар 

мен  құбылыстардың  (тірі  организмдер,  инженерлік  құрылымдар, 

қоғамдық жүйелер, әртүрлі үдерістер) модельдерін құру және т.б. 



Дарындылық 

қабілеттердің 



динамикалық 

иерархиясының 

құрылымдық 

компоненттері.  Дарындылық  -  қабілеттердің  сапалы,  ерекше,  жеке 

үйлесімі.  Дарындылық  қабілет  сияқты  туа  біткен  емес  және  даму 

үстінде  жүреді  (Б.М.  Теплов).  Жалпы  дарындылық:  салыстырмалы 

түрде  кең  және  әмбебап  психологиялық  компоненттерді  дамыту  (есте 

сақтау, интеллект). Арнайы дарындылық белгілі бір арнайы, яғни нақты 

қызметке қатысты. Бұл бөлініс шартты; жалпы және арнайы қабілеттер 

жеке,  әрекеттегі  бірлікте  кездеседі.  Адамдардың  дарындылықғы  мен 

қабілеттілігі сандық жағынан емес, сапалық жағынан ерекшеленеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет