Оқыту мен білім берудегі жаңа тәсілдер
Бұл бөлімде адамдардың қалай оқитыны туралы қазіргі заманғы идеялар бар . Бірінші
бөлімде соңғы теориялық әзірлемелер қарастырылған, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері
мұғалімдерге соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін қолдануға мүмкіндік беретін әртүрлі
әдістерді қолдана отырып, оқу сыныптарындағы тәжірибемен өзара байланысты.
Оқыту деген нені білдіреді?
Оқыту түсінігінің мазмұны алынған нәтижелер немесе нәтижелә тәжірибе тұрғысынан
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу әдебиеттерін талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға
мүмкіндік берді:
1. Оқыту білімнің сандық өсуі ретінде. Нәтижесі - алынған ақпарат (негізгі міндет – "көп
нәрсені білу").
2. Оқыту есте сақтау ретінде. Нәтижесі –
еске
түсіруге
болатын
сақталған
ақпараттың айтарлықтай көлемі.
3. Оқыту ақпарат алу ретінде. Нәтижесі - қажет болған жағдайда сақталуы және
қолданылуы мүмкін дәлелдер, дағдылар мен әдістердің едәуір мөлшері.
4. Оқыту мағынаны түсіну және мағынаны анықтау ретінде. Нәтижесі - оқушы
пәннің құрамдас бөліктері мен нақты әлем арасында байланыс орната алады.
5. Оқыту шындықты басқаша түсіндіру және түсіну ретінде. Нәтижелер білімді
басқаша түсіндіру арқылы әлемді білуді қамтиды.
1-3 концепциялар оқушыларға қатысты сыртқы фактор ретінде оқытуды білдіреді. Бұл
тіпті мұғалімдерге оқушыға қатысты, мысалы, 1-санаттағы сияқты, болып жатқан немесе
жүзеге асырылатын дүние болуы мүмкін. Оқу үдерістерінің осы концепцияларының алғашқы
үшеуі белгілі бір дәрежедебілім алу немесе ақпарат алу үшін "дүкенге бару" сияқты. Тізімде
көрсетілген нәтижелердің алғашқы үш санатынан 4-ші және 5-ші концепцияларының сапалық
айырмашылықтарын атап өткен жөн. 4 және 5 сандарындағы концепциялар неғұрлым
күрделі, жаңа түсіндірулер болып табылады және ақпаратты алу және сақтау шеңберімен
Достарыңызбен бөлісу: |