Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Қалай үйрену керек екені жайлы оқыту



Pdf көрінісі
бет20/48
Дата31.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#21468
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Қалай үйрену керек екені жайлы оқыту. 

"Оқытудыүйренудің"  қозғаушы  күші  "метатаным"деп  аталады.  Басқаша  айтқанда, 

оқыту бар, бірақ онымен бірге оқытуды үйренуде бар. Адамдар ойлауға қабілетті, бірақ ойлау 

туралы да ойлана алады. Сондай-ақ, таным және таным туралы білім бар. "Метатаным" деп 

қадағалау,  бағалау,  бақылау,  жеке  тұлға  қалай  ойлайды  және  оқиды,  соны  өзгерту 

қабілеттілігі  түсініледі.  Басқаша  айтқанда,  оқытуды  үйрену  өзін-өзі  оқыту  туралы  ойлау 

үдерісі және кейінгі оқыту үдерісінде осындай ойлаудың нәтижелерін саналы түрде қолдану 

деп  сипаттауға  болады.  Бұл  үдерісте  мұғалім  білім  алушыға  төмендегілер  бойынша 

көмектеседі: 

• білім беру міндетіне қойылатын талаптарды түсінуге; 

• жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге; 

• тапсырманы орындау стратегиясын әзірлеу және қарастыруға; 

• нақты тапсырма үшін ең қолайлы стратегияларды таңдауға. 

Осы  төрт  тармақты  жүзеге  асыру  үшін  білім  алушылар  оқуды  үйренулері  қажет

Мұғалімдер,  өз  кезегінде,  назарын  өзінің  жеке  оқытуына  емес,  оқушылардың  оқу  қабілетін 

дамытуғааударуы  керек  .  Осы  мақсатта  мұғалім  білім  беру  ортасын  құруы  керек,  соның 

арқасында  оқушылар  ақпаратты  пассивті  емес,  оқу  үдерісіне  белсенді  қатысады.  Алдыңғы 

бөлімнің  негізгі  идеясы:  ақпарат  беріледі,  бірақ  білім  мен  түсінік  оқушының  өзінде 

қалыптасады және мұғалім осы үдерісте көмек көрсетуі керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет