КІРІСПЕ
Өзектілігі Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың
деңгейлік бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлауды жүзеге
асыратын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан
тренерлерді оқыту бағдарламалары (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
мақсаттары мен міндеттеріне негізделген, оның жетекші басымдықтары, өз кезегінде,
Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания сияқты білім беру саласында көш бастап тұрған
ілгерінді елдерге тән қазіргі заманғы мақсаттар және құндылықтар жүйелерімен
салыстырылады [1]. Осы бағдарламаның жетекші мақсаттарының мәні - ең алдымен, әрбір ел
үшін маңызды және ерекше рухани, мәдени және моральдық құндылықтар негізінде мектеп
оқушыларын оқыту мақсатында педагог кадрларды оқытатын жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушылар құрамы қатарынан тренерлер құрамын даярлау, бұл оқушыларды
өмірлік жағдайларда өз білімдерін пайдалануға, қажетті дағдыларды дамытуға және әртүрлі
құбылыстар мен жағдайларды барабар түсінуге мүмкіндік беретін сыни ойлауға үйрету
қағидатынан кем емес, сондай-ақ бұл оларға сенімділік пен қарқынды әлемде табыс
сыйлайды.
Қазіргі уақытта бұл мақсаттарды жүзеге асыруда шешуші рөл атқаратын мұғалімнің
жеке басы деген пікір дау туғызбайды. Білім беру саласындағы әлемдік зерттеулердің
нәтижелері тиісті кәсіби қасиеттері, қажетті құзыреттіліктері және оқыту мен білім беру
үдерістерін концептуалды түсінуі бар мұғалімдердің жастардың білімін сапалы өзгертуге
қабілетті екендігін растайды (Барбер мен Муршед, 2007).
2011 жылғы 22-26 шілдеде Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында өткен
халықаралық білім берудің 6-шы дүниежүзілік конгресінде оның қатысушылары, олардың
80%-дан астамы әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқытушылар болды. Бұл білім беру
саласына инвестиция салу қажеттілігі бұрынғыдан да айқын екенін көрсетті, өйткені білім
Достарыңызбен бөлісу: |