Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)
Топ/сынып Кіші « »
Балалардың жасы 2 жастан бастап
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) Қыркүйек айы 2022 ж
-Музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндерді тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
- Көңілді әуенге қуана білу,шаттану, ән айтуға талпыну;
- Қарапайым әуенге шапалақтау, аяқпен бір уақытта топылдату.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Қазан
Музыка
Аптасына 1 сағ
-Жетекшінің әңгімелеуімен және әнді бірнеше рет тыңдау арқылы әннің мағынасын түсіну;
-Қоңыраулардың жоғарғы және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарды орындалған таныс әуендерді тыңдау;
-Тыңдаған әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;
-Әуеннің ырғағына аяқтан аяққа тербелу қимылдарын қосу.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Қараша
Музыка
Аптасына 1 сағ
-Ән айтуда жетекшінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту;
-Созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту;
- Ән айтуда дауысқа күш түсірмей, асықпай, айқайламай айтуды қалыптастыру;
- Бубен, сылдырмақ аспаптарын түрлі бинелік ойын қимылдарында қолдану.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Желтоқсан
Музыка
Аптасына 1 сағ
- Әнді жеке және топпен айтуға дағдылану;
- Әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру;
- Музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
- Музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, шеңбермен жүру.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Қаңтар
Музыка
Аптасына 1 сағ
- Музыка тыңдай отырып таныс әуендерді және оларға тән ерекшеліктерді танып айта білуді қалыптастыру;
- Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру;
- Көңілді әуенге қол ұстасып, жұптасып ырғақты қимылдар жасау.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Ақпан
Музыка
Аптасына 1 сағ
- Әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, ән арасындағы кідірісті сақтау;
- Үйренген әнді айта отырып сәйкес қимылдар орындау;
- Ересектердің қимылы мен дауыс интонациясына еліктеу, қайталау;
-Әуенді ойындарға эмоционалды түрде еркін қатысуға баулу.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Наурыз
Музыка
Аптасына 1 сағ
-Музыкалық-ырғақты қимылдарды кезекпен аяқтың ұшымен, өкшемен қою, орында тұрып топылдату, шеңбер бойымен бір орында, шашыраңқы топылдатып жүру;
-Бубенмен, сылдырмақпен, бір қалыпты ырғақты, түрлі бинелік- ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
-Әнді орындауда сөзін анық айтуға дағдылану.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Сәуір
Музыка
Аптасына 1 сағ
-Әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып айту дағдыларын қалыптастыру;
-Дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
-Әуенге сай оңға, солға ию, қолдарды сермеу қимылдарын жеке және топпен жасау.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Мамыр
Музыка
Аптасына 1 сағ
-Музыкалық аспаптарды есте сақтау, атау (сылдырмақ, барабан, қоңырау);
-Музыкалық фразалардың жоғарғы және төмен дыбысталыуын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
-Ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, әннің сөзін есінде сақтау;
-Білетін әндерді еске түсіріп қайталу.