Жасы: 3-7жас
Айы: мамыр
Аптасы: 1-2
Күні: Сабақтың тақырыбы:Көңілді барабан
Сабақтың мақсаты: Әуенге ілесе жеңіл би қимылдарына тербелу, бір орында айналуға үйрету,музыка туралы түсінік беру.Әуенді тыңдауға,есту,есіне сақтау қабілетін,ырғақты ажыратуға баулуды жалғастыру,барабанда ойнауға үйрету.
Міндеті: Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Табиғатты аялап, өсімдіктерді қорғау
Көрнекілігі:бірнеше барабан аспаптары
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: өнер, шығармашылық
Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі -Баламен сәлемдесу
-Баланың сабаққа деген жағымды эмоциясын қалыптастыру
-Оқу құралдарын түгендеу
-Алдыңғы сабақты қайталау
2.Сабақтың мазмұны Көңілді әуен ырғағымен балалар залға кіреді.Музыка жетекшісі балаларды ойыншық мысықпен қарсы алады:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Бүгін бізге ала мысық қонаққа келді:
«Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Бетін-қолын жуады,-деп,ойыншықты қозғалтып,қимылын көрсетеді.Қайталап айтып,балаларға мысық қимылын көрсетулерін сұрайды.
«Ала мысық айлалы,
Дыбыстайды ол қалай?»-деп сұрайды.
-Балалар,мысық мияулап шақырып тұр.Мұнда не бар екен?-деп қараған болып,барабанды «тауып алады»
-Балалар,мысық бізге сыйлық әкеліпті.Музыка жетекшісі балаларға кілемге жайғасып отыруды ұсынады.
Барабан аспабын көрсетеді,барабанның дауысын шығара ойнап береді.Балаларды шақырып,барабан аспабын ұстап көруге,ойнап көруге мүмкіндік береді.
-Ала мысықты қуантып ән айтып берейік,ал мысығымыз отырып тыңдасын,-деп орындыққа ойыншықты қояды.Балаларға таныс би қимылдарын ұсынады.
3.Сергіту сәті Саусақ жаттығуы: Жаңбыр себелейді
Артикуляцилық жаттығу «Сағат»
Сабақты бекіту -Бүгін қандай ойын ойнадық?
-Сабақ ұнадыма?
-Барабанды қалай соғамыз?
Үй тапсырмасы Әннің І шумағын жаттау.
Сабақты қорытындылау -Бүгін қандай сабақ өттік?
-Сабақ кезінде не істедік?
-Ән айтқан ұнады ма?