Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет11/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
Топ «Қошақан» мектеп алды тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы ақпан айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Ақпан



Дене шынықтыру

Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.
Заттарды аттап өтіп бір-бірден бір қатарда, тізені жоғары көтере отырып, бағытсыз ирелеңдеп, 2 мин. дейін заттардың арасымен үздіксіз жүгіру, жылдамдыққа, кегльдер арасымен жүре отырып, жүрумен алмастыра отырып 100-120 м қашықтыққа; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру; қырлы бөренелерден аттау арқылы орташа қарқынмен бір-бірлеп бір қатарда жүгіру; үш қатарға қайта сап түзеу арқылы (жолай кегльді алу); баяулатып, сап түзеу арқылы жылдамдыққа ирелеңдеп жүгіру; қиылысқан жерлермен баяу жүгіру;

Сөйлеуді дамыту

Дыбыстардың сөздегі орнын, сөздегі буындардың санын,сөйлемдегі сөздердің санын анықтау дағдыларын қалыптастыру;
Сөйлемде көп мағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға, белгілі бір затқа белгілерін таңдауға, затпен әрекет етуді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуге жаттықтыру;
Сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауды дамыту;

Көркем әдебиет



Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету;
Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;
Драматизация ойындарының және режиссерлік театрландырылған әрекеттің алуан түрлерін (қуыршақ-марионеткалар, «жанды қолды» қуыршақтар, ұзын бойлы қуыршақтар).



Сауат ашу

Сөйлем туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз);
Дыбыстардың белгілерін ажырату (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді), оларды дұрыс атау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет