Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет1/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива


Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
Топ «Қошақан» мектеп алды тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қыркүйек айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қыркүйек



Дене шынықтыру

Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау, бекіту, қимыл біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Негізгі қимылдар:
Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау, қозғалыс бағытын өзгерту, шашырап, заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, қадамды алмастыра жүру, жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру;



Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
- дыбыстарды дұрыс, анық айтуды бекіту, айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз г - ғ, л - р, ж - з, с - з, ж - ш, н - ң, х - һ дыбыстарын естуі бойынша ажыратуға және анық айтуға үйрету;
Сөздік қор:
- балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту;

Сауат ашу

«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.

Көркем әдебиет



Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет