Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы Топ«Қошақан» мектеп алды тобы Балалардың жасы5-6 жас Жоспардың құрылу кезеңі2022-2023 оқу жылы желтоқсан айы
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Желтоқсан
Дене шынықтыру
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5-6 рет). Топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-6 рет), 3 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу. Қолдарын алға созып, 6-7 рет қатарынан жартылай отырып, тұру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа қойып, отыру; ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру.
Биіктігі 40 см жіптің астынан қолды еденге тигізбей, бүйірімен еңбектеу, гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеу, көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу, гимнастикалық орындық астынан еңбектеу, доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см), доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см), құрсаудың ішіне кіру(биіктігі 50 см), көлбеу басқышқа шығу, доғаның астымен төрт тағандап, допты басымен итеріп еңбектеу, кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу; қолды еденге, құрсаудың шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып құрсаудың ішінен өту;
Сөйлеуді дамыту
Сөздік қор:
- жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту;
Тілдің грамматикалық құрылымы:
- интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеу:
- мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру.
Көркем әдебиет
- шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;
Адамгершілік нормалары туралы түсінік.
- өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, ұл балаларға (мықты, батыл, еңбекқор және тағы басқа) және қыздарға тән мінез-құлық ерекшеліктерін (биязы, әдемі және тағы басқа) талқылау;
Сауат ашу
Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру және қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салуға үйрету.