Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет5/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
Топ «Қошақан» мектеп алды тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қараша айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қараша



Дене шынықтыру

Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру, қолды алға созып оңға, солға бұрылу, гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсынан жіңішке тақтайшаны ұстап, алға еңкейіп, иілу, гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру, алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру, тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. 5 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
- лақтыру, қағып алу, домалату: қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4-5 рет), допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату, допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу, 2-2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру, допты екі қолымен бір- біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттар арасымен жүргізу (арақашықтығы 4 м), алға қарай жылжып, қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м);

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
Сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік қор:
- жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту;
- қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.

Көркем әдебиет



- Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауға үйрету;
- кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану;
- таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға;
- әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.

Сауат ашу

- дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет