Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған



бет5/6
Дата18.11.2022
өлшемі35,43 Kb.
#51070
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
песрспективалық жоспар үлгі

Менің -Отаным Қазақстан. Қазақстан республикасының бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.
Жолда жүру ережелері: Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту) туралы білімдерін қалыптастыру.

Сурет салу

Заттық сурет салу: көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу.
Сюжеттік сурет салу: қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру. Қарапайым табиғат құбылыстарын салу.
Сәндік сурет салу: қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. Элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру.

Мүсіндеу 

Заттық мүсіндеу: Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу.
Сюжеттік мүсіндеу: Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Сәндік мүсіндеу: Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.

Жапсыру 

Заттық жапсыру: Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Сюжеттік жапсыру: Күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру. 
Сәндік жапсыру: Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет