Менің -Отаным Қазақстан. Қазақстан республикасының бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.
Жолда жүру ережелері: Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту) туралы білімдерін қалыптастыру.
Сурет салу
Заттық сурет салу: көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу.
Сюжеттік сурет салу: қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру. Қарапайым табиғат құбылыстарын салу.
Сәндік сурет салу:қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. Элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру.
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу: Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу.
Сюжеттік мүсіндеу:Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Сәндік мүсіндеу: Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Жапсыру
Заттық жапсыру: Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Сюжеттік жапсыру: Күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік жапсыру: Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру.