Бағдарламасы негізінде 2023 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет1/28
Дата21.10.2023
өлшемі97,98 Kb.
#120118
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ересек топ перспективалық жоспар




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2023 - 2024 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Білім беру ұйымы:
Тобы:
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі:қыркүйек 2023 жыл

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қыркүйек

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Жүру. Өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру.
Тепе-теңдікті сақтау.Сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 см) жүру, сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру. Қолды екі жаққа созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу. Қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жүру. Қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, еденнен 20 – 25 см жоғары қойылған сатының таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту;

Сөйлеуді дамыту



Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, үнді және ызың дыбыстарды анық айтуды үйрету.
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет