Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу
Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.
Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу.
Негізгі қимылдар: шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып жүру.
құрсаудан құрсауға аттап өту;
әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен жүгіру.
доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан
нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.
отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,3-1,3 метр арақашықтыққа доптарды домалату
алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-13 сантиметр) секіру
Мәдени-гигиеналық дағдылар. Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),
киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:
нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.