Бағдарламасы негізінде 2024-2025 оқу жылына арналған



бет8/15
Дата09.10.2024
өлшемі71,77 Kb.
#147243
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Кіші топ жылдық 2024-2025 жыл дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру
тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.
аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру;
әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.
доптарды бір-біріне домалату
10-13 сантиметр биіктіктен секіру


Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),
киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.
Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:
нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу.


Қимылды ойындар.
Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).
Спорттық жаттығулар:
Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет