Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Гуманитарлық факультет
Тарих кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Курманбаева С.А.________
«___»____2013ж
Силлабус
Пән: Түркі халықтарының тарихы
Курс:__
Мамандық: 5 В020300 Тарих
Құрастырушы:___ .
Несие саны: __ Семестр: __--
Семей 2013 ж.
«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша силлабус оқу жұмыс
бағдарламасы негізінде жасалған
Құрастырушы: ________________________
«Тарих» кафедрасы отырысында талқыланған және бекітілген
«___»___2013ж Хаттама №1
Кафедра меңгерушісі
Курманбаева С.А.
«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы -
SYLLABUS
1.Оқытушы туралы мәліметтер
Сайлаубаева Нұргүл Ерназарқызы т.ғ.к., аға оқытушы
Ақпараттық байланыстар: 77-31-12
№ 30 кабинет, №3 ғимарат, Шмидта көшесі 43
2.Пререквезиттері.Ежелгі дәуірлердегі Қазақстан тарихы; Орта ғасырлардағы
Қазақстан тарихы; Археология; Этнология; Алғашқы қауымдық құрылыс
тарихы.
3.Постреквизиттері: Мәдениеттану; философия; ерте дүние және орта
ғасырлардағы шетелдердің тарихы; шетелдердің жаңа және қазіргі заман
тарихы; Қазақстанның жаңа жөне қазіргі заман тарихы; деректану және т.б.
4. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақстан Республикасы педогогтік жоғары
оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының
тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін
тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси
конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми – қоғамдық
сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезінде жүзеге асырылған. 70 – тей дерлік
халық пен жұрт – жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың
тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан – ақ
лайық еді. Көшпелі және отырықшы түркі халықтарының бүгінгі таңда әлемдік
өркениет пен мәдениетке теңдесі жоқ үлес қосып отырғандығын жоққа
шығаруға болмайды. Сонымен қатар түркі халықтарының тарихын жүйелі және
дәйектілікпен оқып білмей тарих білімін терең меңгеру мүмкін емес. Екінші
жағынан, Отандық тарихты толыққанды, терең оқып-үйрену, қазақ халқының
қалыптасуы XIV-XV ғғ. Жүзеге асты деген ғылымда қалыптасқан фактіні
көрсету, түркі тайпаларының ерте және ортағасырлардағы тарихынын міндетті
түрде бастау алуы және соның негізінде сүйенуі тиіс.
Пәннің мақсаты. «Түркі халықтарының тарихы» пәнінің мақсаты: түркі
халықтарының бай тарихы мен мәдениетін оқып үйренуге студенттерді
дағдыландыру, түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу, отан
тарихының туысқанхалықтардың өткені және бүгінгісімен органикалық
байланысын көрсету.
Пәннің міндеттері.«Курстың міндеті: студенттерді деректермен-жазба,
ауызша,этнографиялық, лингвистикалық, археологиялық, соның ішінде
түркілердің өзіндік жазба ескерткіштеріне ерекше көңіл аудара отырып жұмыс
істеу дағдысына төселдіру. Пәннің маңызды міндеті- студенттерді қазіргі
заманғы
теоретико-методологиялық
концепциялармен
қаруландыру.
Расистердің еуропацентристердің, китаецентристердің, шовнистердің идеялық
постулаттарын сыни тұрғыда қабылдау дағдысына үйрету. Ұлтшылдық
теориялар мен ережелерге де сыни тұрғыда қарай білу шеберлігін
қалыптастыру. Моноцентризм мен этноцентризмнің қауіптілігін ашу.
5. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
№ Тақырып атауы
Сағаттарды бөлу
Дәріс семинар ОСӨЖ СӨЖ
1
Кіріспе
1
Түрік тайпаларының түп-тамыры.
1
Тәңіршілдік
1
Түркістан – адамзат өркениетінің
ежелгі ошағы
6
2
Хунну тарихы (сюнну, ғұндар)
1
Ұлы түрік қағанаты.
1
Көне түріктердің жазба мәдениеті
1
Үйсін мемлекеті мен қаңлылар.
6
3
Хунну тарихы (сюнну, ғұндар)
1
Орталық Азиядағы VIII- XIII ғғ.
Түрік қағанаттары.
1
Түріктердің мәдениеті
1
Түріктердің шығу тегі туралы
шежірелер және жазба деректер
6
4
Хунну тарихы (сюнну, ғұндар)
1
"Түрік" этнонимінің мәні.
1
Түріктер арасына таралған әлемдік
діндер. (VI-IX ғғ.)ескерткіштер
1
Көне түріктер
6
5
Ежелгі орта ғасырлардағы түркі
мемлекеттері. Түрік қағанаты.
1
Монғол шапқыншылығы қарсаңында
түрік халықтары.
1
Түрік халықтарындағы шамандық.
1
X-XI ғасырлардагы түріктер
6
6
Батыс түрік қағанаты.
1
Түріктер Шыңғысхан және оның
мұрагерлері д әуірінде.
1
"Түрік" этнонимінің мәні.
1
XYI-XYIII FF. түрік халықтарының
мәдениеті
6
7
Батыс түрік қағанаты.
1
Орталық
Азиядағы
түрік
халықтарының этногенезі.
1
Түрік
тілдерінің
бүгінгі
даму
барысы.
1
Қазақ хандығы.
6
8
Екінші түрік қағанаты.
1
Түрік халықтары хандық дәуірде
1
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері -
тарихи дерек.
1
Түріктер Ұлы Даладан тысқары
жерлерде.
6
9
Түргеш қағанаты
1
Еділ-Жайық бойы және Солтүстік
Кавказ бен Сібірдегі түріктер және
олардың Ресеймен қарым-қатынасы.
1
В.В.Бартольдтің
көне
түркілер
тарихын зерттеуге қосқан үлесі.
1
XY ғ. соңы XYII ғ. Орталық
Азиядағы этномәдени процестер.
6
10 Ұйғыр қағанаты
1
XX ғ. 20-30 жылдарындағы Түркия.
1
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»
1
XYI-XYIII ғ.ғ. түрік халықтарының
мәдениеті.
6
11 Қарлұқ қағанаты
1
Ресей империясы қол астындағы
түрік халықтарының азаттық күресі.
1
М.Қашқари «Диван луғат ит-түрк»
«Түрік тілдерінің сөздігі»
1
Түркі халықтары қазіргі заман
дәуірінде
4
12 Оғыз мемлекеті
1
Кеңес өкіметінің орнауы және түрік
халықтары.
1
Адиб Ахмед Иүгнеки «Һибатул
хақайық» /Ақиқаттың сыйлығы/
1
КСРО-ның ыдырауы және тәуелсіз
түрік республикаларының құрылуы
3,5
13 Қарахандар мемлекеті.
1
Түркістандағы "ұлттық межелеу"
мәселесі
1
«Тефсир»
/Түсініктеме/, «Алтын
йаруқ» /Алтын жарық/
1
14 Хазар қағанаты
1
Түрік халықтары Ұлы Отан соғысы
кезіндегі
1
Қожа
Ахмет
Ясауй
«Диуани
Хиқмет» /Парасаттылық/.
1
15 Қимақ қағанаты.
1
Кеңес өкіметінің ыдырауы жене
тәуелсіз түрік республикалары
1
«Гулистан бит-түрки» /Гүлстанның
түрікшесі/
1
16 Қыпшақ
тайпапларының
конфедерециясы
1
Мамлюк қыпшақтарының тілінде
жазылған ескерткіштер
1
17 Орта
Азия
мен
Қазақстанды
моңғолдардың жаулап алуы
1
Орта Азия қыпшақтарының тілінде
жазылған ескерткіштер
1
18 Алтын Орда мен Моғолстанның
ыдырауы
1
Шағатай
тілінде
жазылған
ескерткіштер
1
19 Ежелгі және орта ғасырлардағы
Түркияның тарихы
1
XX ғ. басындағы жалпыресейлік
мұсылмандық қозғалыс.
1
20 Ежелгі және орта ғасырлардағы
Түркияның тарихы
1
Түрік жұртың журналы
1
21 Қырым,
Қазан
және
Астрахань
хандықтары
1
Түрік халықтарының қазіргі заманда
1
22 XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы
1
М.Шоқай және Тұтас Түркістан
идеясы
1,5
23 ХҮІ-ХХ ғғ. Өзбек хандығы
2
24 ХҮ-ХІХ ғғ. Әзербайжан
2
25 ХҮ-ХҮІІ ғғ. Ноғай ордасы
1
26 ХҮ-ХҮІІІ
ғғ.
қырғыздар
мен
ұйғырлар
1
27. Тақырып №27 Жаңа Тәуелсіз түркі
мемлекеттері
2
Барлығы:
30
15
22,5
67,5
6. Пәннің мазмұны
Дәріс сабақтары 30 сағат
Тақырып №1 Кіріспе 1 сағат
1.«Түрік этносы және этнонимі.
2.Түркі этностары және түркі тілдес халықтар. Олардың территориялық
орналасуы.
3.Ностратиттік тілдер. Тілдердің алтайлық макросемьясы.
4.Батыс түрік және шығыс түрік тілдері. «Лингвистикалық археология».
5.Қазіргі түркі әлемі.
Тақырып №2 Хунну тарихы (сюнну, ғұндар) 1 сағат
1.Хунндар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар. Олардың қоныстанған
территориясы.
2.Қытай тарихи хроникалары – «Ши-цзи»,«Хань шу», «Хоухань шу» және
басқалары хунндар туралы.
3.Хунну державасының құрылуы, территориясы. Тұман-шаньюй, Мөде-
шаньюй, Лаошань-шаньюй.
4.Хунндар және қытай династиясы Хань.
5.Хунндардың қоғамдық-саяси құрылысы.
Тақырып №3 Хунну тарихы (сюнну, ғұндар) 1 сағат
1.Бзд II ғ. аяғына таман Хунндар державасының әлсіреуі. Хань қуатының
күшеюі.
Император
Уди
Чжан
Цянның
елшісінің
юэчжилерге
дипломатиялық миссиясы.
2.Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттік құрылымдар: Қаңлылар,
үйсіндер, Яньцай (Алания). Қытайдың батысқа экспансиясы. Ферғананы
бағындыру.
3.Бүлік, жұт және б.з.д. бірінші ғасырдың бірінші жартысында хунндардың
жеңілуі.
4.Хунндар державасының шығыс және батыс бөліктерге бөлінуі.
Тақырып №4 Хунну тарихы (сюнну, ғұндар) 1 сағат
1.«Әлсіз» хунндар Шығыс Қазақстанда, Юзбань мемлекеті. Юзбандардың
жетісуға біртіндеп енуі және олардың «Үйсіндердің ежелгі жерлерін» алуы.
2.Ғұндар Еуропада. К.А: Иностранцевтің «ғұндар» деген терминді ғылыми
айналымға енгізуі.
3.Хунндар мен ғұндардың этникалық қай құрамға жататындығы, олардың
қай нәсілден шыққандығы туралы дискуссиялар.
4.Аммиан Марцеллин, Прииск, Иорданның ғұндар туралы еңбектері.
5.Аттила империясы. Оның қуаттылығы және Аттила өлгеннен кейін құлауы.
Тақырып №5 Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері. Түрік
қағанаты. 1 сағат
1.Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймағы.
2.Түріктердің жужандардың қол астында. Түрік тайпалық одағының
нығаюы. 3.Оғыздарды бағындыру. Түріктердің жужандарды талқандауы
және Түрік Элінің-мемлекетінің, қағанатының құрылуы.
4.Бумын қаған.Мұқан қағанның билігі.
5.Түріктердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап
алуы. Эфталиттермен соғыс, Иранмен одақ. «Эфталиттік мұраны» бөлісу.
Тақырып №6 Батыс түрік қағанаты. 1 сағат
1.Жегуй-қаған мен Түн-жабғы қаған кезінде мемлекеттің күш-қуатының
тасуы. Византиямен одақтастық қатынастар, интенсивті дипломатиялық
байланыстар, Иранмен соғыс. Орталықтан тепкіш күштің күшеюі.
2.Мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы: Ұлы Бұлғария, «Он оқ бұдун»,
Хазар қағанаты.
3.Дулу және нушиби тайпалық одақтарының арасындағы билік үшін күрес.
4.Соғды колононистері Оңтүстік Қазақстанда, соғды көпестерінің, соғды
тілінің және жазбасының ролі.
5.Қытай әскерінің Жетісуға баса-көктеп енуі және 659 жылы Батыс түрік
қағанатының құлауы.
Тақырып №7 Батыс түрік қағанаты. 1 сағат
1.Мемлекеттік құрылыс.Түрік феодалдық лауазымдары:қаған, жабғы,
шад,тегін, елтебер, тархан. Жоғары билікті мұралану.
2.Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні:тәңірілік, манихейімнің таралуы.
3.Ұлы Жібек жолының маңызы, түріктер кезінде оның солтүстік
тармағының- Сырдария, Солтүстік Кавказ арқылы Византияға баратын
бөлігінің ролінің өсуі.
4.Түрік жазба ескерткіштері,Оның зерттелу дережесі. Вильгельм Томсен,
В.В. Радлов, С.Е.Малов. Күлтегіннің, Білге-қағанның, Тоныкөктің құрметіне
тұрғызылған ескерткіштердің, соғды тілді Бугут жазбасының тарихи
маңызы..
Тақырып №8 Екінші түрік қағанаты. 1 сағат
1.Шығыс түріктердің тауғаштар үстемдігіне қарсы көтерілісі.Құтылыұтың
басшылығымен жеңіске жету.
2.Түрік мемлекетін қалпына келтіру. Елтеріс (Құтылық)-қаған. Қаған (
Мочжо) қаған, Білге қаған кезінде Шығыстүрік қағанатының гүлденуі.
3.Арабтармен соғыс. Білге-қаған өлімінен кейін екінші Шығыс түрік
қағанатының әлсіреуі.
4.Түріктердің қол астындағы басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтардың
көтерілуі. Түріктер билігін құлату.
Тақырып №9 Түргеш қағанаты. 1 сағат
1.6 ғ аяғында Жетісуда, он оқ бұдун жерінде Түргеш қағанатының құрылуы.
2.Түріктердің Сақал-қағанды талқандауы, оның өлімі, елді түріктердің алуы,
түргештердің батысқа қарай шегінуі, кенгерестермен (печенгтер) қақтығысу.
3.Сұлық (Сұлу)-қаған. Арабтармен соғыс, Сұлу-қағанның шығыстағы
дипломатиялық жетістіктері. Оның өлімінен кейін қағанаттың әлсіреуі.
4. «Қара» және «сары» түргештердің күресі.
5.Түргеш қағанатының құлауы, түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ
мемлекетінің қарамағында.
Тақырып №10 Ұйғыр қағанаты. 1 сағат
1.VIIIғ.
40
жылдардың аяғында
Орталық
Азияда ұйғырлардың
гегемондығының орнауы.
2.Ұйғыр қағанатының Қытаймен, қарлұқтармен және де басқа түркі
тайпаларымен қарым-қатынасы.
3.Манихейлік- қағанаттың мемлекетік діні.
4.Ұйғырлардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті.
5.844 ж Ұйғыр қағанатының қырғыздардың шабуылдарының нәтижесінде
қүлауы.
Тақырып №11 Қарлұқ қағанаты. 1 сағат
1.Қарлұқтардың Алтайдан Жетісуға миграциясы. Қарлұқтар ұйғырлардың
қол астында.
2.Қарлұқтардың билеушісі-жабғу.
3.Қарлұқтардың түргештерді бағындыруы, олардың билігінің Ферғанаға
Түркестанның бір бөлігіне таралуы.
4.Ұйғырлармен, арабтармен соғыс.
5.Қарлұқтар Қараханидтер мемлекетінің құрамында.
Тақырып №12 Оғыз мемлекеті. 1 сағат
1.Оғыздардың (теле) шығуы. Оғыздар түрік қағанатының тарихында 6 ғ.
2.Оғыздар Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының құрамында. Оғыздар
мемлекетінің құрылуы.
3.Оғыз мемлекетінің билеушісі-жабғу.Оғыздар туралы Ибн Фадлан,ал-
Масуди, М.Қашғаридің еңбектері. Қорқыт ата кітабы.
4.Алихан Маликшах-хан кезінде Оғыздар мемлекетінің күш-қуатйнйң артуы.
Хорезм, Салжұқтармен қақтығыс.
5.Оғыз-селжұқтардың оңтүстік-батысқа, оғыздардың бір бөлігінің (орыс
жылнамасында торки) оңтүстік-шығыс Еуропаға ығысуы.
Тақырып №13 Қарахандар мемлекеті. 2 сағат
1.«Қарахандар» терминің және қарахандар династиясының келуі. Қарахан
мемлекеті- Қарлұқ қағанатының мұрагері.
2.Жетісу және Түркістандағы түркі тайпалары. Қарахандар және Хорезмшах
мемлекеттері.
3.Қарахандардың саманидтер мемлекетін талқандауы, Орталық Азияны
алуы.
4.Қарахандардың және Газневилердің қарым-қатынастары. Салжұқтардың
Қарахандарды бағындыруы.
5.Жетісуда қарақытайлардың пайда болуы, Қарахандардың мемлекеттілігін
сақтай отырып, бағындыруы.
6.Қарах андар династиясының исламды ресми дін ретінде қабылдаы.
Тақырып №14 Хазар қағанаты 1 сағат
1.Хазар қағанаты. Хазарлардың этникалық тегі.
2.Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында. Хазар мемлекетінің
құрылуындағы Ашинаның-түркілерден келген патша тайпасының ролі.
3.Хазар қағанатының территориясяы. Билеуші топ. Қағанның жоғары билігі.
Тұрақты армияның болуы.
4.Түрік жазбасы сияқты, мемлекеттік тілі-түрік тілі.
5.Араб-хазар соғыстары.
Тақырып №15 Қимақ қағанаты. 1 сағат
1.Қимақтардың шығуымен орналасу аймағы.
2.Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті.
3.Шаруашылығы, әлеуметтік- саяси жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |