Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы. Голощекиннің «Кіші Қазан»



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы. Голощекиннің «Кіші Қазан» 
саясаты 
Алайда,  большевиктер  қазақ  ауылында  әлеуметтік  теңсіздікті  жою 
мақсатында  шабындық  және  жайылымдық  жерлерді  бөліске  салды.  Ф. 
Голощекин: “Жайылымдық жерді  бөлу деген не?“ дей отырып, бұл науқанға 
зор екпін беру үшін және өз төңірегіндегі  большевиктерді жігерлендіру үшін   
“Бұл кіші Қазан“ – деді.  
Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитеті-і  (ҚОАК)  және  Халық 
Комиссарлар  Кеңесі  (ХКК)  1926  ж.  20  мамырда  “Жерге  орналаспай  жерді 
пайдаланатын  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  аудандардың  шабындық 
және егістік жерлерін уақытша  қайта бөлу туралы” заң қабылдады. Оған сол 
кездегі  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  төрағасы  және  Орталық  Атқару 
Комитеті  төрағасы  қызметін  уақытша  атқарушы  Н.  Нұрмақов  қол  қойды. 
1927  ж.  3  ақпанда    бұл  заңға  ішінара  толықтыру  енгізілді.  Онда  шабындық 
және  жайылымдық    жерлер  жан  басына  қарай  бөлінетінін,  мұндай  бөлініс 
мүмкін  болмаған  жағдайда  үй  басына  қарай  бөлінетіні  туралы  атап 
көрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан жүргізу  Қазақстанның Егіншілік халық 
комиссариатына    тапсырылды  және    бұған  жоғарғы  қарқын  беру  үшін 
губерниялық,  уездік  және  округтік  атқару  комитеттері    жанынан  ерекше 
жедел  “бестіктер“,  ал  болыстық  атқару  комитеттері  мен  ауылдық  кеңестер 
жанынан  “үштіктер“  ұйымдастырылды.  Конституциялық  тұрғыдан    мұндай 
заңсыз  құрылған  бұл  “бестіктер“  мен  “үштіктер“  құрамдары  жергілікті 
атқару  комитеттері  мен  ауылдық  кеңестерде  бекітілді.  Шабындық  және 
жайылымдық жерлерді  бөлу науқанына байланысты  құрылған бұл төтенше 
және  заңсыз  органдар  кеңес  үкіметінің  басқа  да  шараларын  жүзеге  асыруда  
таптырмас әдіс болды. Қазақстанда большевиктер 1926-1927 жылдары  1250 
мың десятина жайылымдық және  1360 мың десятина шабындық   жерлерді 
бөлді.  Бөлінген шабындық жердің  61,6  %-ін  кедейлер,  8,8%-ін  ауқаттылар 
алды. Ал  жайылымдық   жердің 59,3%  кедейлерге, 31,7% орташаларға және 
9% ауқатты қожалықтарға берілді.  

Ф.Голощекин алғаш “Кіші Қазан“ төңкерісін  бір ғана әлеуметтік-саяси 
науқанмен,  яғни  шабындық-жайылымдық  және  егістік  жерлерді    қайта 
бөлумен  аяқтай  аламын  деген  пікірде  болды.  Большевиктер  жерге 
орналастыру жөніндегі бұл шара  әсіресе ауылдағы  байға өте тиімді болып 
отырған  жерді  дәстүрлі  қауымдық  (рулық)  пайдалануды      жояды  деп 
есептеді.  
Алайда  Ф.Голощекин  бастаған  Қазақстан  большевиктерінің  қазақ  
қоғамына  байланысты  жүргізген  бұл  шаралары    қазақ  ауылында  Кеңес 
өкіметінің  жеңісін  қамтамасы  ете  алмады.  Оның  себебі    бұл  реформа  
алғашқы  кезден-ақ    қате  тұжырымдарға  негізделген  еді.  Біріншіден,   
қазақтың  дәстүрлі    шаруашылық  жүйесі  сақталып  отырған  жағдайда 
шабындық  және  жайылымдық    жерлерді  жәй    бөліске  салу  еш    нәтиже 
бермеді. Екіншіден, шабындық және жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі 
егін  шаруашылығы  жүйесіндегі  заңдылықтар  жетегінде  қалып  қойды,  яғни 
шабындық және жайылымдық жерлерді  бөлу шаруа қожалығындағы отбасы 
мүшелерінің  санына  байланысты  жүргізілді.  Ал  қазақтың  дәстүрлі 
шаруашылығында,  керісінше,    жерді  малдың  санына  қарай  иемденді,  яғни 
көшпелілер  үшін    жайылымға  сұраныс  мал  басының  санына    және  оның 
құрамына  байланысты  болды.  Үшіншіден,  жартылай  көшпелі  аудандардағы 
жер  бөлінісі  нәтижесінде  жерге  ие  болған  шаруалар  үшін  бұл  кезеңде  ол 
жерлерден  келер  пайда  жоқ  еді.  Себебі  ауылдағы    кедей  шаруалардың 
қожалықтары ғана емес,  тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауыл-
шаруашылық  құрал  саймандарына,  егетін  тұқым  және  т.б.  заттарға  өте  зәру 
болды.  Мысалы,  1928  жылы  республикада  1927  жылғы  есеп  бойынша  800 
мың қазақ шаруа қожалықтары  бар болғаны 124 мың  өте  қарапайым еңбек 
құралдарына ие болды.  Олар  54 мың соқа, 0,5 мың  тұқым себетін   машина, 
13,5 мың шөп шабатын шалғы,  9,4 мың тырма т.б. Бұл еңбек құралдары сан 
жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай ғана  еді және оның сапасы да өте 
төмен  болды.  Тіпті  әлеуметтік  тұрғыдан  келгенде  Петропавл  округінде    еш 
құрал-сайманы  жоқ  щаруа  қожалығының    мөлшері  95,5%,    ал    орта  шаруа 
қожалықтары  83,2  %    болса,  Павлодар  округінде  99,45%  және  85,8  5%, 
Қызылорда    округінде  72,95%    және  69,15%    болған.  Шаруашылық  
құралдардың  жетіспеуі,    әрине,    кедей    қожалықтарын    өз  үлесінен    бас 
тартып, бөлінген  жерлерді бұрынғы иесіне  қайтаруға мәжбүр етті.  
Қазақстанның  өнеркәсібі  саласында  да  едәуір  өзгерістер  болды. 
Қазақстан  халық  шаруашылығы  орталық  кеңесі  (ВСНХ)  сегіз  (Балық,  Тері, 
Илецктұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді 
және    сантонин  зауыты  мен  Қарғалы  шұға  комбинатын    біріктірді. 
Губерниялық кеңестің құзырына  жергілікті  деңгейдегі  өндірістер  бағынды.  
Олардың  көбі  арендаға  берілді.  Сонымен  бірге  Қазақстанның  көптеген 
өндіріс  орындарын  одақтың  қорғанысына  қажетті,  оның    мүддесін 
дүниежүзілік  рынокта    қорғайды  деген  желеумен  бүкілодақтық  деңгейдегі 
трестерге  біріктірді.  КазАКСР-де  одақтық  деңгейдегі  Ембімұнай, 
Алтайполиметал,  Атбасцветмет  сияқты  трестер  құрылды.  Олар  республика 
бюджетіне  белгілі  мөлшерде  ғана  қаржы  бөліп  тұрды.  Ал  қалған 

табыстардың    бәрі  орталықтың  иелігінде  болды.  Мұндай  жоғарғы  дәрежеде 
өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем болды. 
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында 
жүргізілген  шаралары  кейін  республика  экономикасына  орталықтың 
үстемдігінің  мейілінше  күш  алуына  әкелді.  Өндіріс  орындарын 
орталықтанған  трестерге  біріктіру  сонымен  бірге  өндіргіш  күштерді 
региондарға  орналастыруда  кемшіліктерге  жол  ашты,  яғни    Қазақстан 
экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады.  
ЖЭС  аясында  Республиканың  халық  шаруашылығында  болған 
өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің 
кең  етек  жайғанын  көрсетеді.  Елдің  шаруашылық  жүйесі  нарықтық 
экономика  қатынасына  біртіндеп  енді.  Өлкенің  экономикасы    көпукладты 
сипатқа  ие  бола  бастады,  яғни  әртүрлі  меншік  түрлерінің  қатар  өмір  сүру 
мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың 
арасындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір толықтыруы халық 
шаруашылығының алға даму бағытын айқындады.    
Большевиктер  таптық  мүддені  қорғау  принциптерінен  ажырамаса  да, 
жаңа  экономикалық  саясат  аясында  мемлекеттің  экономикаға  араласуы 
шектелді.  Мемлекет  белгілі  мөлшерде  ғана  көпукладты  ұдайы  өндірісті 
кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп отырды. Экономикалық өмірдің 
нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.  
Алайда  ірі  өнеркәсіп  саласын  мемлекеттік  монополизациялау 
нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы 
жеке  тұтынушыларға)  өте  жоғары  бағамен  ұсынды.  Партия  және  үкімет 
шешімдері  ауыл  шаруашылық  кооперацияның  ЖЭС  жағдайындағы  жаңа 
ролін  анықтағанына  қарамастан,  оны  бақылап  отыруға  мемлекет  мүдделі 
болды,  соның  нәтижесінде  мемлекет    ауылшаруашылық  товарларын  сатып 
алу бағасын өзі белгіледі және ол  өте төмен болды.  
Ұзақ  әлеуметтік  даму  барысында  қалыптасқан  дәстүрлі  товарлы 
шаруашылық  мемлекет  тарапынан  ендірілген  мұндай  реттеуші    бақылауға 
сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ 
ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндірушілер  тарапынан  қарсылық  тудырды.  
Олар  өндірген  өнімдерін  төменгі  бағамен  сатудан  бас  тартты.  Алайда  бұл 
қарсылықты  мемлекет  өзі  жүргізіп  отырған  саясаттың  кемшілігінен  деп 
есептемеді.  Керісінше  ол  қарсылықты  тап  жауларының  іс-әрекеті  деп 
бағалады.    Мемлекет  тарапынан  жеке    шаруа  қожалықтарына  қарсы 
бақылауды  күшейтті.    Ұсақ  тауар  өндірушілерді  әкімшілік  жолмен  бақылау 
мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни  ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.     
Мұндай  жағдай    “соғыс  коммунизм”  саясаты  тұсындағы  әкімшілік 
басқару  әдістерін  жандандырды.  Экономикалық  даму  жүйесіне  әкімшілік 
тұрғыдан  араласу  большевиктердің  негізгі  жұмыс  әдісіне  айналды.  Таңдау 
мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде 
қалып  отырды.    Экономиканы  жоспарлы  түрде  дамыту  идеясы  күш  алды.  
Дағдарыстардың  бәрі  осы  жоспарлаудағы  кемшіліктерден  деп  есептелді. 
Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік 

әдіске  жиі  сүйенді.  Алайда  экономиканы  мемлекеттің  тарапынан  жоспарлы 
түрде  дамыту  мен  әкімшілік  басқару  әдістері  нарықтық  қатынаспен  сәйкес 
болмады.  Соған  қарамастан  таптық  идеологияны  ту  еткен  Кеңес  үкіметі 
экономиканы  жоспарлы  түрде    дамыту  идеясына  сүйеніп,  1925  жылдың 
аяғында  өнеркәсіп  өндірісін  халық  шаруашылығының  жетекші  саласы  етіп  
белгіледі  және  оның  жоғары  қарқынмен  дамуын  қамтамасыз  етті.  Бұл  ЖЭС 
аясында  қалыптасқан    көпукладты  ұдайы  өндірістік    жүйенің    қатар  даму 
барысын  шектеді,  яғни  20-жылдардың  аяғында  ұсақ  товар  өндірушілерге 
қарсы күресті күшейтті.  Соның нәтижесінде  нарықтық қатынас  тоқырады, 
яғни   ЖЭС  тоқтатылды.   
 
Елді индустрияландыру саясаты. Оның қиыншылықтары мен 
жүзеге асырылуы 
Партияның  1925  жылы  (18-31  желтоқсан)  өткен  ХІY  съезі  елді 
соцалистік  индустрияландыру  жоспарын  жүзеге  асыру  міндетін  қойды. 
Социалистік  индустрияландыру  саясаты  өзінің  мазмұны  жағынан    ірі 
машиналы  өнеркәсіпті,  ең  алдымен  ауыр  индустрияны  бүкіл  халық 
шаруашылығының  салаларын  түбегейлі  қайта  құруды  қамтамасыз  ететіндей 
дәрежеде  дамытуға  бағытталды.    Кеңестер  одағының  экономикалық 
тәуелсіздігі  мен    қорғаныс  қабілетін  қамтамасыз  ету  үшін  алдыңғы  қатарлы  
капиталистік  елдерді  индустриялды  даму  жағынан  барынша  қысқа  тарихи 
мерзімде  қуып  жетіп,  елді  индустриялды  державаға  айналдыру  міндетін 
қойды.  Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және 
өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.     
Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік  индустриялан- 
дырудан  ерекшелігі    болды.    Капиталистік  мемлекеттер  өздерінің 
индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп  салаларын 
дамытудан  бастайды.    Осы  салаларға  тән  болып  келетін  кәспорындардың 
шағындылығы 
мен 
оған 
жұмсалатын 
қаржының 
(капиталдың) 
айналымдылығы  әуелгі  кезде    жеңіл  өнеркәсіпті  өте  тиімді  салаға 
айналдырады.  Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр 
өнеркәсіпке  ауысуына  байланысты  ауыр  индустрия  салаларын  дамытуға 
мүмкіндік туады.   
Кеңестік  тарихнамаға  партияның  15-ші    съезі  елді  индустрияландыру 
съезі  болып  енді.  Көптеген  кеңестік  кезеңдегі  зерттеулерде  лениндік  
индустрияландыру  саясаты    республикалардың    ұлттық    ерекшеліктерін  
қатаң  ескерді  деген  пікір  басым  болды.  Алайда  большевиктер  партиясының 
басшылығымен  жүзеге  асырылған  елді  индустрияландыру    саясаты  шеткері 
орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл 
бағытта болды.  
Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының  бағыты қандай болу 
керек деген мәселе  сол кездің  өзінде  өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір 
топ  өлкедегі  кеңес  және  партия  қызметкерлері    көшпелі  халық    бірден 
социализмге  өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі  өмір салты  
ұлттық  ерекшелік  болып  табылады,  олай  болса  елді    индустрияландыру 

бағыты  оның осы ұлттық ерешелігін  жояды деп есептеді.  Мұндай пікірдегі 
партия  мүшелерін  большевиктер  негізгі  партиялық  жолдан  ауытқушылар, 
яғни “уклонистер” деп айыптады.   
Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов   өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын  
ауыл 
шаруашылығынан 
алыстатып, 
қазақтардың 
дәстүрлі 
мал 
шаруашылығының  құлдырауына  әкеледі  деп  есептеді.  Бірақ,  ол  мүлде 
индустрияландыру  саясатына  қарсы  болды  деуге  болмайды.  Оның  пікірі 
бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада 
индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай  дамыту қажет. С. 
Садуақасов  шикізат  қоры  көздеріне  өнеркәсіптерді  жақындату  мақсатын 
көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол 
жақтан  дайын өнімді қайта  алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы 
жұмсауға, яғни өлкені  тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.  
Қазақстанға  өнеркәсіпті    күштеп  ендіру  мүмкін  емес,  ол  қазақ 
қоғамының  табиғи  қалыптасқан  жағдайына  жат  деп  есептегендер  болды. 
Олардың пікірінше  артта қалған көшпелі халық  индустрияландырудың өте 
жоғарғы  қарқынына  ілесе      алмайды.  Сонымен  қатар    өндіріс  орындарына  
жергілікті  ұлт  өкілдерін    көптеп  тарту,  яғни    жергіліктендіру  (коренизация) 
саясаты    өндірісті  өте-мөте  қымбаттатады,  қазақтар    жұмыс  істей  алмайды, 
олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы 
топты большевиктер  “ұлыдержавалық шовинистер”  деп айыптады.   
Осылайша  большевиктер  социалистік  индустрияландыру  саясатының 
бағыттары  жөнінде  пікір  айтушыларға  әртүрлі  айдар  тақты.  Ал  өздері 
белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, 
толық  аяқталған  саясат  деп  қарастырды.  Большевиктер  белгілеген 
индустрияландыру  саясатында  Қазақстан  Одақтың  шикізаттық  бөлшегіне 
айналуы    керек  болды.  Орталық  ұсынған  бұл  көзқарасты  осы  кезде  өлкенің 
партия ұйымының басшылығына тағайындалған  Ф. Голощекин де қолдады.          
Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық 
жүйесіндегі ерекшелікті  мойындамады.   
Қазақстанда  индустрияландыру  саясатын  жүзеге  асыру    барысы  елдің 
орталық  аудандарымен  салыстырғанда  өте  күрделі  жағдайда  жүргізілді. 
Біріншіден,  өлкенің  әлеуметтік-экономикалық    дамуы  Рессейдің  орталық 
аудандарымен  салыстырғанда  артта  қалған  еді.  Екіншіден,  өлкеде  соғыстан 
қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. 
Яғни,  ол уақыт жағынан  бірінші бесжылдықпен сәйкес келді.  
Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық 
көлемдегі  елді  индустрияландыру  бағытында  жетекші  орынға  қойды.  
Қазақстанды  индустрияландырудың  ең  алғашқы  қарлығашы      Түркістан–
Сібір  темір  жолы  болды.  Индустриаландыру  жылдарында  Қарағанды-
Балқаш,  Гурьев  –Доссор,  Ақмола-Қарағанды,  Жарық-Жезқазған,  Рубцовка-
Риддер темір жолдары салынды. Өлкені  индустрияландыру барысында кеңес 
үкіметі  түрлі-түсті  металлургия,  көмір  және  мұнай  өндіріс  орындары  мен 
теміржол  саласын  одан  әрі  өркендету    міндеттерін  қойды.  Осыған 
байланысты  жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс 

орындарын  қайта  құру  үшін  тек  1933-34  жылдары  566,6  млн  сом  қаржы  
бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың  
ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту 
зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты  болды.  
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен 
Балқаш  мыс  қорыту  комбинатын    салу  жоспарланды.  Республиканың  сол 
кездегі  экономикалық  ресурстары  мұндай  күрделі  құрлыстарды  салуға 
мүмкіндік  бермейтін  еді.  Алайда  соған  қарамастан  Кеңес  үкіметі  бұл 
құрылыстарды  тез  аяқтау  міндетін  қойды.    Қарағанды  көмір  өндіріс 
орындарын да тез қарқынмен дамыту  қажет болды. Себебі  түрлі-түсті метал 
өндіру  саласын  тез  дамыту  барысы  елде  көмір  өнімдеріне  деген  сұранысты 
ұлғайтты.  Ал  сол  кездегі  елдегі  көмір  өндіріс  орындары  сұранысты 
қамтамасыз  ете      алмады.  Осыған  байланысты  большевиктер  төтенше 
жағдайда  Қарағанды  көмір  өндірісінің    бар  мүмкіндіктерін  жұмылдыруға 
тырысты. 
Қазақстанды  индустриаландыру  барысында  Текелі  полиметалл  және 
Жезқазған  мыс  қорыту  комбинаттары,    Өскемен  қорғасын-мырыш  
зауыттары    салына  бастады.  1933  жылы  ақпан  айында    Шымкент  қорғасын 
зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар  Қазақстанда  ғана емес бүкіл 
ел  көлеміндегі      түрлі-түсті  металдардарды  өндіруші  өте  ірі    өндіріс 
орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты  бүкіл Одақтағы қорытылған  
қорғасынның  73,9  процентін  берді.  Балқаш    мыс  қорыту  зауыты   
республикадағы    қорытылған  мыстың  51  процентін  берді.      Осының  бәрі 
Қазақстанды    түрлі-түсті  металдар  шығарудан    одақ  көлемінде    2  орынға 
шығарды.   
Мұнай  өндірісінен  де  Қазақстан  алдыңғы  орынға  шықты.  1940  жылы  
мұнай өндірудің көлемі  700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан 
Одақ  көлемінде  3  орынға  шықты.  Эмбі  мұнай  орны  игерілді.    Сағыз  және 
Құлсары  мұнай орындары  ашылды.  
Қазақстанда химия өндірісі  қалыптасты. 1933 жылы  қарашада Ақтөбе  
химия комбинаты  мен  Аралсульфат  комбинаты да іске қосылды.  1928-1940 
жж.  темір  жолдардың  өсуі  50  процентке  артып,  оның  ұзындығы  6581  км. 
жетті. 
Қазақстан  20-жылдардың  аяғы  мен  30  жылдары,  өте  қысқа  мерзімде  
аграрлы  елден  индустриялы  елге  айналды.  Большевиктер  өлкені  
индустрияландыруды  өте  жоғарғы  қарқынмен  жүргізді.  Мысалы:  Одақ 
көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе,  Қазақстанда - 5,9 есе 
көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша  5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге 
артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 
есе  артқан,  яғни  одақтық  көлемнен  20  еседен  артық  болған;  темір  жолдар 
салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда –3,1 есеге артқан.  
Қазақстанда  индустрияландырудың  өте  кең  көлемде  және  жоғарғы 
қарқында  жүзеге  асырылуы  инженер-техникалық    маман  кадрларды  қажет 
етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы 
жаңа  құрал-саймандармен,  машиналармен  қамтамасыз  етілді.  Оларды  игеру 

үшін  маман  кадрлар  қажет  болды.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  қысқа  мерзімді 
курстар,  фабрика-зауыт  мектептері,  техникалық  минимум  кружоктары 
ашылды. 
Өнеркәсіп 
орындары 
шоғырланған 
қалаларда 
орта 
мамандандырылған  оқу  орындары  ашылды.  Жоғары  дәрежедегі  маман 
кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-
металлургия  институты  сияқты  алғашқы  жоғары  оқу  орындары  ашылды.  
1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары  мен техникумдар  13  мың маман 
кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін 
маман  кадрларды  Рессейдің  орталық  аудандарындағы  жоғары  оқу 
орындарында  даярлады.  Алайда  айта  кететін  бір  жәй,  Кеңес  үкіметі  өте 
күрделі  инженер-техникалық  маман  кадрлар    даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарын  республикада  ашпады.  Бұл  мәселеде  республика  орталыққа 
тәуелді болды.  
Қазақстанда  өндірілген  шикізаттарды  өңдейтін  өндіріс  орындары 
салынбады.  Өлкені  индустрияландыру  барысында  өнеркәсіп  өндірісінің 
жүрегі  болып  саналатын  машина  жасау  бағыты,    оның  мынадай  жетекші  
салалары:  станок  жасау,  автомобиль  шығару,  трактор,  ауыл  шаруашылығы 
машиналарын  жасау  мүлде  қамтылмады.  Республиканы    индустрияландыру  
тек шикізаттық бағытта болды.  
Осындай  сипатта  жүргізілген  өлкені  индустрияландыру  саясатының 
қазақ  халқы  үшін  зардабы  өте  күрделі  болды.    Біріншіден,    өлкенің 
экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл 
шаруашылығы  өнімдеріне  қарағанда  өнеркәсіп  өнімдері  үлесінің  көбейюіне 
әкелді. 
Екіншіден, 
қала 
халқы 
санының 
артуына, 
қалалардың 
урбанизациялануы  мен  күшеюіне  әкелді.  Қала  халқының  жартысы  дерлік 
(47,5 %)  50 мыңнан  астам халқы бар  қалаларда  жинақталды. 1928-1939 жж. 
Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі 
механикалық  өсуі  1,8  млн  адамнан  асты.  Үшіншіден,  көші-қонымның 
нәтижесінде  демографиялық    өзгерістер  болды,  яғни  Қазақстан  көп  ұлтты 
республикаға  айналды.  Большевиктер    өлкеге  жұмысқа  басқа  ұлттардың 
алдыңғы  қатарлы    өкілдерін  әкелді  деуге  болмайды.  Себебі  кеңес  үкіметі 
әртүрлі  қылмысы  үшін      сотталып,  түрмеде  отырғандардың    еңбегін  арзан 
жұмыс күші ретінде  пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты 
республикада  жергілікті  ұлт  өкілдерінің  санының  азаюына  да  әсер  етті. 
Төртіншіден,  индустрияландыру  саясаты  нәтижесінде  өлкедегі  ұлтаралық 
қарым-қатынас  шиеленісті.    Оның  себебі  Орталықтан  әкелінген  европалық 
ұлт  өкілдерінен    шыққан  партия,  кеңес  қызметкерлері  мен  жұмысшылар 
қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына  менмендікпен жоғарыдан қарады. 
Мұндай  көзқарас  туралы  фактілерді  құжаттардан  көруге  болады. 
Большевиктер,  сонымен  қатар  ірі  өндіріс  орындарынның    басшылығына 
жергілікті  ұлт  өкілдерін  жібермеуге  тырысты.  Орталық  үкіметтің  нұсқауын 
бұлжытпай орындайтын адамдарды  орталықтан жіберіп отырды. 
Қорыта  айтқанда,  большевиктер  индустрияландыру  саясатын  жүзеге 
асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. 
Бұрынғы  кезеңде  жетекші  орында  болған  ауыл  шаруашылығы,  әсіресе, 

көшпелі  мал  шаруашылығы  және  оның  өнімдері  әрі  қарай  дамытылмай,  
дағдарысқа  ұшырады.  Оның  себебі  большевиктік  саяси  басқару  жүйесі  
өлкенің  экономикалық      дамуының    бағытын  өзгертті,  яғни    халық 
шаруашылығының  жетекші  саласы  етіп    өнеркәсіп  өндірісін  белгіледі  және 
оның  қарқынын  жеделдетті.      Кеңес  үкіметі  экономикалық  дамудың 
объективті 
 
заңдылықтарын 
мүлде 
жоққа 
шығарды. 
Халық 
шаруашылығының  барлық  саласы  әкімшіл-әміршіл    большевиктік  басқару 
әдісіне  бағынышты болды.  Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы 
шын  мәніндегі  индустриялық  даму  жолымен  жүргізілмеді.  Кеңес  өкіметі 
республиканы  тек  шикізат  көзі  етіп    пайдаланды.  Сөйтіп,  большевиктер 
патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі 
жалғастырды.  
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жылдамдату және оның 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет