Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
Тақырып
 
№10 Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет – 2 сағат  
 
Сабақтың мақсаты:  Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасқан 
тұсындағы тарихын жан-жақты білу 
 
7.
 
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы оқиғалар – 
тәуелсіздіктің хабаршысы 
8.
 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы 
9.
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы 
10.
 
Қазақстан Республикасындағы экономикалық үрдістер 
11.
 
Қазақстандағы саяси модернизация 
12.
 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 
 
Бірінші сұрақ бойынша 1986 жылдың 17-18  желтоқсанында болған бас 
көтеруге сипаттама беру керек.  
 Қазақстан тәуелсіз ел ретінде танылуын атап, Қазақстан 
Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік құрылымын 
көрсету керек, 1991 жылдан  кейін Қазақстан Республикасында жүргізілген 
экономикалық реформалар туралы мәлімет қалыптастыру керек. Қазақстан 
Республикасының саяси дамуындағы өзгешелігін көрсету керек.  
Қазақстан  Республикасының  әлемдегі  елдермен  қарым-қатынасының 
барысын анықтау керек. 
 
Есеп формасы: семинар сабағы 
 
 
 
 
 
Тақырып 1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіш 
тері  
Мақсаты: Тас дәуірі кезеңдеріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін 
ұғынып, түсінудегі білім дәрежесін бағалау.  
Тапсырма: Тақырып бойынша студент  тест дайындау қажет. 
 Әдістемелік  нұсқау:  Аталмыш  тақырыпқа  дайындалу  үшін  ұсынылған 
әдебиеттер  тізімімен  танысып,  конспект  жасау  керек.  Адамның  шығуы  мен 
эволюциясына,  еңбек  құралдарының  жетілді-  рілуіне  назар  аудару  қажет. 
Түрлі  аймақтарда  орналасқан  археологиялық  ескерткіштерді  жеке-жеке 
сипаттау  керек.  Аталмыш  тақырыптың  басты  бағыттарының  бірі  аймақтық 
ерекшеліктерді  анықтау  болып  табылады.  Қазақстанның  көптеген 
аймақтарында - Қызылтауда, Борықазғанда, Шақпақатада, Семізбұғыда және 
басқа  жерлерде  анықталған  қоныстарға  тоқталу.  Тас  бұйымдар  түрлері  мен 

сыйпатты типтеріне қарай шапқы, қырғыш, түйреуіш, соққы, бұрғы, пышақ, 
тескіш  және  басқаларына  тоқталу.  Алғашқы  қауымның  ертедегі  тарихты 
зерттеуші  археологтардың  міндеті  де  тасты  сөйлету,  олардан  барынша 
ақпарат алу, өйткені тек тас қана адамзаттың алыстағы өткенінің куәсі болып 
табылады. Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан - Батпақтан, 
Жаман  -  Айбаттан,  Сарыарқаның  солтүстік-шығыс  бөлігі  -  Құдайкөлден 
табылған  ескерткіштерге  сипаттама.  Құралдардың  арасынан  тастың  екі 
жағынан  өңделген  құралдарды,  жануарлар  терілерін  илеуге  және  ағаш 
өңдеуге  арналған  қырнауыштарды,  сондай-ақ  сындырғыштар  мен  қалақтар 
жарылып  алынған  толып  жатқан  нуклеустер-домалақ  тастарға  тоқталу. 
Шығыс  Қазақстандағы  Шульбинка  тұрағында  5000  тас  бұйымдар  ішінде 
қырғыштар, үшкірлер, кескілер, тескірлер,нуклеустер қашау тәрізді құралдар
сондай-ақ  малтатастан  қаланған  ошақтар  және  баспаналадың  кездесуі. 
Құралдар дайындауға шикізат ретінде жартылай асыл тастар-халцедон, яшма, 
кремень, тау хрустальдері қолданылған. Мұндай коллекция Алтай мен Сібір 
тұрақтарында  бар,  бұл  олардың  мерзімін  30-25  мың  жыл  кейінге  шегеруге 
мүмкіндік  береді.  Мезолит  дәуіріне,  келесі  дәуір-неолит  республиканың 
барлық  аймақтарында  табылған  көптеген  ескерткіштерімен  сыйпатталады. 
Қазақстанның  тас  ғасыры  жалпы  әлемдік  мәдениеттің  бөлінбес  бөлшегі 
екенін көрсете отырып білім дағдыларын қалыптастыру. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  2  апта, 
4балл. 
 
 
 
 
 
Тақырып 2. Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі 
мемлекеттер  
Мақсаты: Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі 
мемлекеттер туралы білім дағдыларын қалыптастыру. 
 
Тапсырма:Тақырып бойынша тайпалық одақтар және Қазақстан территория-
сындағы  ежелгі  мемлекеттер  дәуіріне  қатысты  30  тесттік  сұрақ  құрастыру. 
Әр тестте 3 жауап болуға тиіс. 
Әдістемелік  нұсқау:  Сақтардың  саяси  тарихы:  Ахеменидтік  Иранға  қарсы 
перманентті соғыстар (б.з.д. VI ғ.), Ескендір (Александр Македонский б.з.д. 
IV  ғ)  жаулап  алуының  көріністері.Сак  мәдениеті  -  номадтар  және  ежелгі 
Шығыс  өркениеті  мәдениеті  мен 
ӨНЕРІ
  жетістіктерінің  шынайы  қоспасы. 
Жазба, «аң стилінің» өнері, аңызы мен діні. Әлеуметтік құрылыс: мүлік және 
әлеуметтік  теңсіздіктің  өсуі,  тайпа  одақтарының  қосылуы  және  олардың 
этнопотестарлы қауымға бірігуі, прото-мемлекеттің белгілері. Егіншілік, қол 
өнер,  сауда.  Қоныстар  мен  қалалар.  Ассирия,  Мидия,  Парфия,  Иранмен 

байланыстар.  Батыс  Қазақстанның  савромат-сармат  мәдениеті.  Арал-Каспий 
аймағы  тайпаларының  дамуерекшеліктері.  Есік,  Шілікті  қорғандары  - 
Қазақстанның сақ мұрасының айқын ескерткіштері.Ғұндар (Хунну). Орталық 
Азиядағы б.з.д. I мың жылдықтың ортасындағы  этнолингвистикалык ахуал. 
Шығыс Сібір және Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі «алтай» тайпалары 
ортасында прототүрік тілдерінің қалыптасуы. Ғұн қоғамының қоғамдық және 
мемлекеттіқ құрылымы. Билік  етуші әулет. Рулар мен тайпалар иерархиясы. 
Әскери  ұйымның  ондық  жүйесі.  Мал  шаруашылығы,  егіншілік,  қол  өнер. 
Жазба  және  қалалар.  Тәңіріге  табыну.  Мемлекет  дағдарысы,  ғұндардың 
солтүстік  және  оңтүстік  болып    бөліуі.  Қазақстан  аумағында  этномәдени 
өзара
 
ықпал  ету,  метисация  үдерісінің  күшеюі  және  түрік  тілінің  үстем 
етуінің  басталуы.Үйсіндер  және  кангюлер  (б.з.д.  II  -  б.з.  V  ғ).  Қытай 
деректеріндегі  үйсіндер  мен  кангюйлер  туралы  хабарламалар.  Сақтардың 
этномәдени  мұрасымен  сабақтастық.  Орталығы  Жетісу  болған  үйсіндер 
мемлекеті.  Оңтүстік  Қазақстандағы  кангюлердің  мемлекеттік  бірлестігі. 
Егіншілік және отрықшылық. Материалдық мәдениет. Ру-тайпалық құрылым 
-  әскери  және  мемлекеттік  ұйымдардың  негізіне  тоқтала  отырып  білім 
дағдыларын қалыптастыру. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  3-  апта, 
4балл 
Тақырып 2. 6-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер 
Мақсаты: 6-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттерінің 
дамуының ерекшеліктерін ұғыну. 
Тапсырма: Тақырып  бойынша конспект әзірлеу. 
Әдістемелік  нұсқау:  Батыс-Түрік  қағанаты  (603-704  жж.)  -  «Он  оқ  елі»  - 
және  оның  Жетісудағы  орталығына,Әскери-әкімшілік  жүйе,  этноәлеуметтік 
құрылымына 
Тайпа 
аралық 
тартыстарға.Түргештердің 
батыс-түрік 
мемлекетілігін қайта жаңғыртуына тоқталу, Түргеш қағанаты (704-756 жж.). 
Сүлік  қағанның  арабтардан  жеңіліс  табуы
;
  қара  және  сары  түркештер 
арасындағы  20  жылдық  күрес,  қытай  әскери  интервенциясы  және  жаулап 
алуына,Қарлұқ мемлекеті (766-940 жж.). Түркі тілдес қарлұктардың Жоңғар-
Алтай  өңірінен Жетісуға қоныс аударуы. Орталық Азияда мұсылман-қытай 
қайшылықтарының    шиеленісуін  қарастыра  отырып  Қарлұктардың  751 
жылғы  Талас  шайқасына  қатысуы:  арабтар  жағына  өту.  Шайқастың  тарихи 
маңызы  -  аймақта  ислам  дінінің  саяси  және  мәдени-өркениетті  ықпалы  мен 
мұсылман  мәдениетінің  кеңеюі.  Жетісуда  Қарлұқ  мемлекетінің  құрылуы. 
Қарлұқтардың  Қашғарды  басып  алуы.  Оғыз  мемлекеті  (IX  ғасырдың  соғы  - 
XI  ғасырдың  бас  кезі).  Оғыздардың 
 
территориясы  және  Арал  өңірінен 
пешенектерді  ығыстырып  шығаруы.  Қоғамдық    құрылысы,  шаруашылығы, 
қалалары    мен  қоныстары.  Сауда  және  қол  өнердің  дамуы.  Қимақ  қағанаты 
(IX  ғ.  соңы  -  XI  ғ.  бас  кезі).  Ертіс  өңірінде  қимек  тайпалары  одағының 
құрылуы.  Қалыптасулары  туралы  болжамдар,тайпалық  құрамы,  қимақтар 
аумағының  кеңеюі.  Көршілес  халықтармен  этносаяси  және  мәдени 

байланыстары. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мал шаруашылығының, 
аң аулаудың үстемдік етуі. Қалалар және сауда. Қарахан мемлекеті (942-1210 
ж.)  -  Орталық  Азиядағы  тұңғыш  мұсылман  түрік  мемлекеті.  Түрік  тілдес 
елінің  мемлекеттілік  эволюңиясы  және  өркениет  дамуындағы  Қарахан 
мемлекетінің орны: ислам парапарлығының қалыптасуы, Көшпелі дәстүрлер 
және  қарахандықтардың  отырықшы-егіншілік  пен  қала  өркениеті  аясына 
тартылуы. Қалалардың, сауданың, мәдениеттің гүлденуі. Отырықшылық пен 
егіншіліктің  дамуы.  Әскери-тайпалык  және  баскарудың  әкімшілік  жүйесі. 
Мемлекеттің  дағдарысы  және  кұлдырауы.  Қарақытайлар  мемлекеті  (1128-
1213  жж.).  Қидандар  -  солтүстік  Қытайға  бағынған  моңғол  типтес  шығыс 
көшпелілер.  «Қидан»,  «Қытай»,  «Қарақытай»  сөздері.  Қарақытайлардың 
жергілікті  мемлекеттік  дәстүрлерге  тәуелділігі,  жаулап  алушылардың 
этникалық  ассимиляция  үрдістері.  Хорезмшахтардың    қытайлармен  күресі, 
Күшлік  наймандардың  басып  кіруі  қарақытайлар 
БИЛІГІН
  жоюдың 
алғышарттары.  Наймандар  және  кереиттер  ұлыстары  (ХІ-ХІІІғ.  бас  кезі). 
Орталық
 
шығысы  мен  Қазақстан  аумағындағы  этносаяси  үдерістердің  өзара 
байланыстары  және  сабақтастығы.  Түрік  және  моңғол  көшпелілерінің  ортақ 
этно-генетикалық тамырлары, тілдердің өзара ықпалына тоқталу қажет. 
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  4-  апта, 
4балл 
Тақырып 4. 6-12 ғғ. Қазақстан мәдениеті 
Мақсаты: 6-12 ғғ. Қазақстан мәдениетіне тоқтала отырып білім дағдыларын 
қалыптастыру. 
Тапсырма:Тақырып бойынша реферат әзірлейді. 
Әдістемелік нұсқау: Студенттің таңдауы негізінде 1 тақырыпқа реферат 
жазу: 
А) 6-9 ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан қалаларының дамуы. 
Б) Қазақстан қалаларының 9 ғ. 2-ші жартысы- 12 ғ. дамуы. 
В) 6-12 ғғ. Қазақстандағы сәулет өнері. 
Г) 6-12 ғғ. Қазақстанда өнердің дамуы. 
Д) Ертедегі түркілердің жазуы. 
Е) Түркілердің наным-сенімдері 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  5-  апта, 
4балл 
Тақырып 5. Қазақстан моңғол кезеңінде 

Мақсаты:  Моңғол  шапқыншылығының  Қазақстан  жеріне  тигізген  әсерін 
көрсету.  Моңғол  ұлыстары  құрамынағы  Қазақстан  территориясын  анықтау. 
14  –  15  ғасырларда  Қазақстан  жерінде  қалыптасқан  Ақ  Орда,  Моғолстан, 
Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы туралы білім дағдыларын қалыптастыру. 
Тапсырма:Тақырып бойынша глоссарий әзірлейді. 
Әдістемелік нұсқау: 1206 жылы Моңғол мемлекетінің құрылғанын атап, осы 
мемлекеттің билеушісі Шыңғыс ханның әлемдік билікке деген құштарлығын 
көрсету  керек.  Моңғолдар  1219-1224  жылдар  аралығында  Қазақстан  мен 
Орта  Азия  территориясын  жаулап  алуын  көрсету.  Моңғол  империясының 
жерлерін ұлыстарға бөлу және осы ұлыстардың құрамында болған Қазақстан 
территориясын білу қажет. Моңғол империясының ыдырауының нәтижесінде 
қалыптасқан  мемлекеттердің  дамуын  көрсету  және  олардың  болашақ  қазақ 
мемлекеттілігіне тигізген әсерін анықтау керек. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  6-  апта, 
4балл 
Тақырып 6. 14-15 ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан территориясындағы 
мемлекеттер. 
Тапсырма:  «14-15  ғ.  1-ші  жартысында-ғы  Қазақстан  территориясындағы 
мемлекеттер» тақырыбы бойынша 30 тесттік сұрақ құрастыру.
 
 
 Әдістемелік  нұсқау:.  Моңғолдардан  кейінгі  кезеңдегі  Қазақстанның 
этносаяси  және  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  ерекшеліктері.  Ақ  -
Орда  (  ХІІІғ.соңы-XVғ.басы)  -  жергілікті  этникалық  негіздегі  алғашқы  ірі 
мемлекеттік  бірлестік,  Қазақ  хандығының  арғы  бейнесі.  XIV-  XV  ғ  бас 
кезіндегі  Шығас  Дешті-  Қыпшақ,  Орыс  Мұхаммед  ханның  қызметі. 
Сырдария  өңіріндегі  қалалар  үшін  Орталық  Азиямен  өзара  қарым-
қатынастар.  Биліктің  Орда  Ежендіктерден
 
ұрпактарына  өтуі.  Орда-Ежен 
ұрпақтарының  шежіресі:Орыс  Құйыршық—  Барақ  -  Жәнібек  (Қазақ 
хандығының  ошақтағы  негізін  салушы).Моғолстан  (ХІVғ.ортасы  -  ХVIғ.бас 
кезі.).Шағатай  ұлысының  ыдырауы  нәтижесінде  мемлекеттің  құрылуы  және 
Жетісу  және  Қашғарда  жергілікті
 
түрікткр  мен  түркіленген  тайпалардың 
консолидациясы.  «Моғол»  ұғымы.  Аумағы  және  этникалық  құрамы. 
Мұсылмандыктың  таралуы.  Әмір  Темірдің  жорықтары.  Мұхаммед  ханның 
кезінде  биліктің  күшеюі.Ойраттардың  (қалмактардың  )  әскери  шеруі. 
Моғолстанның  әлсіреуі  және  құлауы.Көшпелі  өзбектер  мемлекеті.  (1428-
1468жж.) немесе Әбілқайыр хандығы.Аумағы және этникалық құрамы. Өзбек 
сөзі. Әбілқайыр ханның Орталық Азияға әскери жорықтары. Сырдария өңірі 
қалалары  үшін  күрес.  Әбілқайырдың  ойраттардан  жеңілуі  (1457  гж.  ). 
Жәнібек  және  Керей  сұлтандар  бастаған
 
тайпалардың  наразылығы  және 
Моғолстанға  көшіп  кетуі.  Хандыктың  ыдырауы.  Көшпелі  өзбектердің 
оңтүстікке 
қоныс 
аударуы 
және 
олардың 
 
Азияны 
жаулауы 
(Мауераннахрды).Ноғай  ордасы  (ХІV  ғ.  соңы-ХVғғ.).  «Ұлы  әмір»  Едіге. 

«Ноғай  ордалары»  ұғымдары.  Мемлекеттің  аумағы  және  этникалық 
құрамы.Ноғай  ордасының  Орыс  мемлекетімен  өзара  қарым-қатынастары. 
Ноғай мемлекетінің ыдырауы. Ноғай ордасына енген рулар мен тайпалардың 
қазақ  халқының
 
этникалық  негізін  қалыптастыруға  қатысуы.Солтүстік 
Қазақстан  және  Сібір  хандығы  (ХІV-ХVІ  ғғ.).  Солтүстік,  Шығыс 
Қазақстанның бір бөлігі тұрғындарының Жошы ұлысына қараған Батыс Сібір 
тайпаларымен  өзара  байланыстары.  Сібір  хандығының  құрылуы,  оның  ішкі 
және  сыртқы  саясат  тарихы.  Аумағы,  этникалық  құрамы  шаруашылығы. 
Мәскеу  мемлекетінің  шығысқа  экспансиясы.  Ермак  жорықтары  және  Іскер 
қаласын басып алуы (1581 ж.) Көшім ханның жеңілуі. Хандықтың құлауына 
тоқтала отырып тест құрастыру. 
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:7-  апта, 
4балл 
Тақырып 7. Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы 
Мақсаты: Қазақ халқының этногенезін көрсету, «қазақ» этнонимінің шығу 
тегін анықтау, қазақ мемлекеттігінің пайда болуын білу. 
Тапсырма: «Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы»тақырыбы 
бойынша 30 терминнен глоссарий құрастыру. 
 Әдістемелік  нұсқау

Қазақ  халқының  қалыптасуының  кезеңдерін  және  сол 
уақытта болған жағдайларды білу қажет. «Қазақ» сөзі туралы түрлі пікірлерді 
келтіру керек. Қазақ халқының құрамындағы үш жүздің пайда болуы туралы 
мәліметтерді  келтіруге  болады.  Жүздердің  құрамындағы  руларды  атап 
көрсету  қажет.  Қазақ  хандығының  құрылуының  саяси,  экономикалық  және 
этникалық  себептерін  айқындап  көрсету  керек.  Қазақ  хандығы  туралы 
Мұхамед  Хайдар  Дулатидің  еңбегіндегі  мәліметтерді  білу  қажет.  Алғашқы 
қазақ  хандары  Керей  мен  Жәнібектің  саясаты  жөнінде  қалған  деректерге 
назар аудару абзал. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  8-  апта, 
4балл 
 
Тақырып 8. 16-17 ғғ. Қазақ хандығы  
Мақсаты: 

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының жағдайын анықтау. Осы 
уақыттағы Қазақ хандығының дамуына Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және 
Жәнгір хандардың қосқан үлесін көрсету. 
Тапсырма:
 
«16-17 ғғ. Қазақ хандығы» тақырыбы бойынша конспект 
дайындау. 

Әдістемелік нұсқау:ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі Қасым ханның билігімен 
белгілі екенін көрсету және осы заман Қазақ хандығының гүлденген уақыты 
деп  анықталатынын  білу  қажет.  Қасым  хан  тұсындағы  Қазақ  хандығының 
территориясының  ұлғайуын  картадан  көрсету  керек.  Қасым  ханның  басқа 
елдермен  дипломатиялық  қарым-қатынасын  анықтау  қажет.  Қасым  ханнан 
кейінгі  кезең  Қазақ  хандығының  тарихында  саяси  тұрақсыздық  уақыты 
болғанын  атап  кету  жөн.  Әкесі  Қасым  ханның  саясатын  жалғастыруға  ден 
қойған  Хақназар  хан  тұсындағы  хандықтың  жағдайын  көрсету  керек.  ХҮІІ 
ғасыр  Қазақ  хандығы  үшін  күрделі  уақыт  екені  туралы  мәлімет 
қалыптастыру  керек.  ХҮІІ  ғасырда  Есім,  Жәнгір  хандардың  саясатын 
көрсету дұрыс болады. Қазақ қоғамы «ақ сүйек» және «қара сүйек» деген екі 
әлеуметтік  топқа  бөлінетінін  атап,  олардың  құрамына  кіретін  әлеуметтік 
жіктерді анықтау керек. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы  орындау  мерзімі  және  студенттің  білімін  бағалау:  9-  апта, 
4балл 
 
Тақырып  9.  ХҮ-ХҮІІІ  ғғ.  қазақ  халқының  материалдық  және  рухани 
мәдениеті.  
Мақсаты: Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті туралы жан-
жақты қарастыру.  
Тапсырма: Тақырыбы бойынша 30 тесттік сұрақ құрастыру. 
Әдістемелік  нұсқау:  Қазақ  халқы  этногенезі  мәселелері  және  оны  кешенді 
зерттеу  бағыттарының  қажеттілігі.  Қазақ  халкының  қалыптасуының 
алғышарттары,  кезеңдері,  ерекшеліктері.  Ежелгі  дәуір,  ерте  және  кейінгі 
ортағасырлардағы 
этно-лингвистикалық, 
нәсілгенетикалык 
үдерістер. 
Мәдени-тарихи қауымдардың және мемлекеттік құрылы ыдырдап ауысымы, 
этникалық  интеграңииялык  және  дифференңиаңиялық  үдерістердің 
диалектикалық  бірлігі.  Саяси  фактордың,  көші-қонның,  жаулап  алудың, 
мәдениетаралық  түйісулердің  рөлі.  Шығыс  иран  субстратының  «алтайлық» 
(түрік-монғолдық)  компонентіне  соңғысының  үстем  еткімен  бөлінуі  - 
Қазақстанның көпғасырлық этникалық және өркениетті дамуының маңызды 
сипаты.  Моңғол  жаулауының  этногенезге  қайшы  әсері.  Біріктіруші 
үдерістердің  монғолдар  кезеңінен  кейінгі  жаңа  кауымдардың  этносаяси 
шеңберінде күшеюі (ХІУ-ХУ ғғ.): қазақ халкының қалыптасуының аяқталуы, 
этникалық аумақтың анықталуы, ортақ тілдің қалыптасуы. Қауымдастыктың 
этноқалыптастыру  белгілері:  өзіндік  сана  және  өзіндік  идентификаңия, 
өзіндік  атауы  (этноним),  тіл,  мәдениет,  шаруашылық  өмір,  тарихи  жад, 
аумақ,  мемлекет  ортақтығы.  Саяси  фактор  және  оның  этникалық  үдеріске 
әсері.  Түрік-қыпшақ  сөзі  «қазақ»:  этимология,  әуелгі  әлеуметтік  мәні  - 
«ерікті»,  «еркіндікті  іздеуші»,  белгілі  бір  кезеңде  әскери-  көшпелі  өмір 

салтын  кешуші.    Жәнібек  пен  Керей  бастаған  «өзбек-казақтардың»  көшіп 
кетуі  және  Қазақ  хандығын  құру  нәтижесінде  трансформациялануы.  Қазақ 
жүздерінің құрылуына негіз болған этносаяси және шаруашылық факторлар. 
Күрделі  ішкі  этникалык  (рулык-  тайпалық)  құрылым  -  ортағасырлык  қазақ 
көшпелі  этносының  өзіндік  белгісі.  Жүздер  -  ірі  этноаумақтық  бірлестіктер 
(немесе  тайпалар  одағы).  Ұлы,  Орта  және  Кіші  жүздердің  аумақтарына 
тоқталу қажет. 
 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 10- апта, 
4балл 
 
Тақырып 10.18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы  ұлт-азаттық қозғалыс 
Мақсаты: 18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы  ұлт-азаттық қозғалысына 
сипатына тоқталу. 
Тапсырма: Тақырып бойынша конспект әзірлеу. 
Әдістемелік  нұсқау:Кіші  жүздегі  Сырым  Датұлы  бастаған  халық-азаттық 
қозғалысы  (1783  -  1797  жж.).  Көтерілістің  себептері.  Көтерілістің  басталуы 
және  барысы,  оның  сипаты  және  қозғаушы  күштері.  Сұлтандардың,  билер 
мен старшындардыц көтерілістегі ұстанған бағыттары мен рөлдері. Генерал-
губернатор  0.  Игельстром  реформаларының  жобасы.  Шекаралық  соттың 
және шекаралық жазалаушылықтың құрылуы, Көтерілісшілер қозғалысының 
1790-жылдардағы 
жаңа  қарқыны.  Царизмныц  отарлық  саясатының 
әдістеріндегі  өзгерістер.  Ералы  (1792  -  1794  жж.),  Есім  (1795  -  1797  жж.) 
хандардың  ішкі  саясаты.  Көтерілістік  қозғалыстың  күшеюі.  Көтерілістің 
жеңілу  себептері  және  маңызы.  Сырым  Датұлының  Хиуа  хандығына  кетуі. 
Сырым  батыр  халықтық  шығармаларда  және  тарихи  әдебиетте.  Бөкей 
хандығындағы  1836-1838  жж.  қазақтар  көтерілісі.  Бөкей  хандығым  дағы 
(Ішкі  орда)  жер  мәселесінің  шиеленісуі.  Шаруалар  наразылығының  өсуі. 
1827-1829  жж.  толқулар.  Бөкей  хандығындағы  Исатай  Тайманұлы  бастаған 
халықтық  көтеріліс  (1836  -  1838  жж.).  Көтерілістің  қозғаушы  күштері, 
сипаты, оның маңызы. 
Есеп беру түрі: студент тапсырманы жазбаша тапсырады 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 11- апта, 
4балл 
 

Тақырып 11.
 
19 ғ. Қазақстан мәдениеті 
Мақсаты:  ХІХ  ғасырдағы  Қазақстан  мәдениетінің  ерекшелігі,  қазақ 
әдебиетінің    дамуы,музыка  өнері,  материалдық    мәдениетімен  және 
ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру. 
Тапсырма:
 
«19 ғ. Қазақстан мәдениеті» тақырыбы бойынша реферат жазу. 
Әдістемелік  нұсқау:  XIX  ғ.  азаттық  күресте  халық  ақындарының  рөлі. 
Махамбет    ұлының  шығармашылығы.  Қазақ  халқының  ән  және  саз 
мәдениеті.Қазанғапұлы 
(1815-1862). 
Орыс 
жер 
аударылғандардың 
(Г.С.Карелин,  М.М.  Муравьев-Апостол,  Ф.М  Достоевский  және  т.б. 
Қазақстанды зерттеудегі және мәдениетін дамытудағы рөлі. Ұлы орыс ақыны 
А.С.Пушкин  Қазақстанда.  Қазақстанның  өндіргіш  күштерін,  тұрмысы  және 
мәдениетін орыс ғалымдарының зерттеуі. А.И. Левшин және оның "Қырғыз-
қазақ,  немесе  .  Қырғыс-қайсақ  ордалары  мен  далаларының  сипаттамасы" 
еңбегінің маңызы. И II Дальдің Қазақстандағы қоғамдық қызметі және оның 
шығармашылық  .  Қазақстанда  орыс  білімінің  таралуы.Ағартушы-ғалым 
Ш.Ш.  Уәлиханов  (1835-1865жж)  және  оның  Қазақстанның,  онымен 
шекаралас  Шығыс  аймақтарының  тарихы,  географиясы,  экономикасы  мен 
мәдениеті  бойынша  ғылыми  мұрасы.Халық  ағартушылығының  жайы.  Ресей 
оқу  орындарындағы  қазақ  жастары.  Педагог,  ағартушы,  жазушы,  ғалым, 
этнограф  -  Ы.  Алтынсарин  (1841-1889жж).  Ы.  Алтынсариннің  қазақ  әдеби 
тілі  мен  этнографиясының  дамуына  қосқан  үлесі.  Ы.  Алтынсариннің 
ағартушылық  қызметінің  маңызы.  Ұлы  ақын-ағартушы-Абай  Құнанбайұлы. 
Абай-қазақ 
жазба 
әдебиетінің 
негізін 
қалаушы.Абай 
және 
Е.П.Михаэлис.Абайдың  әуендік  мұрасы.Қазақ  халқының  тарихи  мен 
мәдениетіндегі  Абай  Құнанбайұлының  тархи  орны.  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысында 
Қазақстанда 
ғылымның 
және 
ғылыми 
ордалардың 
дамуы.Кітапханалардың  ашылуы.Қазақстанды  зерттеуге  П.П.Семенова-
ТяньШанскийдің,Н.А.Северцовтың,И.В.Мушкетовтің  қосқан  үлесі.Ғылыми 
қоғамдардың  пайда  болуы.Орыс  географиялық  қоғамдардың  бөлімдері  мен 
бөлімшелері  қызметінің  маңызы.Статистикалық  комитеттер  және  олардың 
қызметі.Қазақ университеті қарамағындағы тарих,археология және этнология 
қоғамы.Орынборлық  ғылыми  мұрағат  комиссиясы.Өнер  және  саз 
мәдениеті.Бейнелеу 
өнеріндегі 
Қазақстан 
тақырыбы 
Құрманғазы 
Сағырбайұлы, 
Дәулеткерей 
Шығайұлы,Тәттімбет 
Қазанғапұлы, 
Біржанқожағұлы,  Ақансері-Ақжігіт  Қорамсаұлы.Ұлттық  сананың  қайта 
жаңғыруы.Қазақ  демократиялық  әдебиет.Орыс-қазақ  мектептері  торабының 
көбеюі.Мектептер  және  медреселел.Жадидизм  және  оның  Қазақ  даласына 

әсері.Ресейдің  жоғары  оқу  орындарындағы  қазақтар.Ауызша  халық 
шығармашылығы 
және 
әуен 
мәдениеті.Күйші-сазгерлер:Қазағап 
Тлепбергенұлы(1854-1921),Ыбырай 
Сандыбайұлы 
(1856-1930),Сеитеп 
Оразалыүлы 
(1861-1933), 
Дина 
Нүрпейісқызы 
(1861-1955),Естай 
Беркімбайұлы(1874-1946).Қазақ 
тіліндегі 
тұңғыш 
мерзімді 
басылымдар,»Айқап» 
журналы 
және 
Мұқамеджан 
Сералин(1872-
1929).Спандияр  Көбеев(1878-1956),оның  педагогикалық  және  жазушылық 
қызметі.Сұлтанмахмұт  Торайғыров(1893-1920),  лирикалық  бағыттағы  ақын 
және  прозаик  және  т.б.  тандау  жасай  отырып  білім  дағдыларын 
қалыптастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет