Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34

Қыпшақ хандығы 
Қыпшақ  хандығы  (ХІ-ХІІІ  ғ.  басы).  “Қыпшақ”  атауы  ең  алғаш  рет  760 
жылы  ежелгі  түріктің  руникалық  ескерткішінде  жазылған.  Мұсылман 
деректерінде  қыпшақтар  тұңғыш  рет  араб  географы  Ибн  Хордобектің  846-
847  жылы  жазған  “Жолдар  мен  провинциялар  кітабында”  қарлұқтар  мен 
қыпшақтарды  VIII  ғасырларға  жататын  түрік  тайпаларының  тізімінде 
келтіреді. 
656  жылы  Батыс  түрік  қағанаты  құлағаннан  кейін  Алтай  тауының 
солтүстік  жағы  мен  Ертіс  өңірін  жайлаған  қыпшақтар  Кимек  қағанатының 
құрамына кірген еді, ал ХІ ғасырда Кимек қағанаты құлағаннан кейін,  кимек, 
қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси 
жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. 
Қыпшақтың  өкімет  басына  келген  ақсүйектер  әулеті  Оңтүстік  және 
Батыс  бағыттарында  белсенді  қимыл-әрекеттерге  кірісіп,  Орта  Азия  және 
Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. 
ХІ  ғ.  екінші  ширегінде  қыпшақ  тайпалары  оғыз  тайпаларын 
Сырдарияның  орта  және  төменгі  бойларынан,  Арал  мен  Каспий  өңірі 
далаларынан  тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар  билігінің  Арал өңірі мен 
Сырдария  бойындағы  аймақтарға  таралуына  байланысты  этникалық-саяси 
жағдайдың өзгеруіне орай, Х ғ. екінші ширегінде “Оғыздар даласы” (Мафазат 
әл-гуз)  деген  атаудың  орнына  “Дешті  Қыпшақ”  (Қыпшақтар  даласы)  деген 
атау пайда болады. Маңғыстау мен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып 
алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді. 

ХІ ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа 
жылжып,  Орыс  және  Қара  теңіз  өңірі  далалары  мен  Византия,  Венгрия 
шекараларына  дейін  қоныс  аударады.  Еділден  Днепрге  дейінгі  қыпшақтар 
қоныстанған аумақ орыс жылнамаларында половцылар, “Половецтер өлкесі” 
деп  атала  бастайды.  1071  жылы  қыпшақтар  Кіші  Азияға  жетіп  Анатоли 
қаласын  жаулапалады,  сөйтіп,  османдық  түріктердің  негізін  қалады,  осы 
жылдары  Трансилвания  арқылы  Молдавияға  өтеді.  Қазіргі  Венгриядағы 
мадиярлар,  Молдавиядағы  гагауыздар    қыпшақтарға  жатады.  Осылайша 
Батыс Европа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мәлім болады. 
ХI  ғ.  басында  қыпшақ  бірлестігі  мейлінше  күшейеді.  Өріс-қонысы 
шығыста  Ертістен  батысында  Орал  тауына,  Доннан  және  Қара  теңізге 
дейінгі  ұлан-ғайыр  алқапты  алып  жатқан  шығысындағы  бөлігі  Ел-бөрілі 
руынан шыққан хан әулеті билеген Шығыс қыпшак қағанаты, Кавказ, Қырым 
өңірін және одан әрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық 
әулеті түрған Батыс қыпшақ бірлестігі болып екіге бөлінеді.Қазіргі Қазақстан 
аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды. Қазақстан 
жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. 
Бірінші  кезең:  қыпшақтардың  қимақ  тайпалық  одағында  болуы  –  VІІ  ғ. 
екінші жартысынан VІІІ ғ. соңына дейін. 
Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан – ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар 
Алтай  және  Ертістен  Орал  таулары  және  Еділ  бойына  дейін  қоныс  тепті. 
Қыпшақ  тайпалық  одағының  құрамына  Мұғалжар  жеріндегі  кумандар  және 
қимақ тайпалары кіреді. 
XI  ғасырдан  ХІІІ  ғ.  басына  дейін  қыпшақтардың  дамуының  үшінші 
кезеңі  жүрді.  Бұл  кезде  қыпшақ  хандарының  мәртебесі,  күш-қуаты  өсіп, 
олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі башқұрт, оғыз т.б. 
тайпалар  кірді.  Сондай-ақ  қыпшақтардың  этнос  болып  қалыптасуына  түрік 
тілді  қаңлылар,  ұрандар,  шығыс  Түркстаннан  келген  баяттар,  түргештер, 
қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді. 
Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін 
жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш 
көлі және Алакөл ойпаты болды. ХІІ ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің 
жоғарғы  жағында  наймандармен,  қаңлылармен,  керейттермен  шектесіп, 
солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. 
ХІ-ХII  ғғ.  Қазақстан  аумағында  тұрған  қыпшақтар  екі  қанатқа  бөлінді. 
Бірінші  қанаты  -  оң  қанат  Торғай  даласын,  Жем,  Жайық,  Еділ  өзендерінің 
бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді,  оны елбөрі руынан шыққан 
хандар  басқарды.  Ал,  ордасы  -  Сарайшық  қаласы  болды.  Торғай  өңірінде 
жоғарғы ханның ордасы болса керек. 
Екінші  қанат  -  сол  қанат  Орталық  және  Шығыс  Қазақстанды, 
Сырдариядан  Ертіс  пен  Есілге  дейінгі  аралықтағы  жерлерді  қамтиды. 
Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң 
қанат  екіншісінен  күштірек  болған.  Әскери  ұйымдар  мен  әскери  әкімшілік 
басқару  жүйесіне  айрықша  маңыз  берілген,  өйткені  ол  көшпелі  өмірге 
мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған. 

Қыпшақ  хандарының  өкімет  билігі  мұрагерлікпен  әкеден  балаға 
қалдырылып отырған. Хандар шығатын ең әулетті ру елбөрілі еді. Орда деп 
аталатын  хан  қамалында  ханның  дүние–мүлкі  мен  әскерінің  ісін  жүргізетін 
басқару  аппараты  болды.  Әскери-әкімшілік  басқару  жағынан  Қыпшак 
хандығы  көне  түрік  дәстүрлерін  сақтаған.  Қыпшақ  тайпаларының  басында 
хан, тархан, басқақ, бек пен байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және 
жіктік  жағынан  да  тең  болмаған.  Мүліктік  теңсіздіктің  негізі  -  малға  жеке 
меншік  болып  табылады.  Негізгі  байлық  жылқының  саны  болған,  жеке 
меншікті бұзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер 
жеке  меншігін  заң  жолымен  бекітіп  берілмесе  де,  мал  жайылатын  өрістің 
бәрін  меншіктенген.  Жайылымдарды  бөліп  беруді,  көші-қон  мәселелерін 
реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. 
Қоғамның  қатардағы  мүшелерінің  басым  көпшілігі  еркін  де  ерікті  болған. 
Сөйтіп, Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол көне 
түрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды. 
Қыпшақтардың  саяси  жағдайына  келсек,  1065  жылы  селжұқтардың 
билеушісі  Алып  Арсылан  қыпшақтарға  қарсы  Маңғыстауға  шабуыл 
жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға 
жорыққа  шығып,  қыпшақ  тайпаларының  бір  бөлігін  Хорасан  селжұқтарына 
тәуелді етті. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде де қыпшақтар Маңғыстау 
мен  Каспий  теңізінің  шығыс  жағалауында  бұрынғыша  өз  билігін  жүргізіп 
тұрды.  1096 жылы   қыпшақ  бірлестігінің  тайпалары Хорезмге қарсы жорық 
ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.  
XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент,  Сырдарияның төменгі 
ағысындағы  тағы  басқа  қалалар  қыпшақ  көсемдерінің  қолына  қарағанымен, 
XII  ғ.  алғашқы  жартысында  осынау  қалалар  қыпшақ  хандары  мен  соларды 
қайтсе  де  басып  алғысы  келген  Орта  Азияның  мұсылмандық  әулеттері 
арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті 
жаулап  алады,  сонан  соң  солтүстікке  қарай  бет  алып,  өз  қарауына 
Маңғыстауды  да  қосады.  1133  жылы  Жент  қаласынан  Дешті  Қыпшақ 
даласына  тереңдеп  жорық  жасаған  Атсыз  қыпшақтарды  ойсырата  жеңеді. 
Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп 
болған  негізгі  жәйттер:  қыпшақ  тайпалары  ақсүйектерінің  арасында 
Хорезмге  бейімдеушілердің  көбеюі,  қаңлылардың  аса  ірі  бірлестігінің 
құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді. 
XII  ғ.  екінші  жартысынан,  әсіресе,  Текеш  (1172-1200  жж.)  билеген 
кезден  бастап,  Хорезм  қыпшақ  ақсүйектерімен  жақындаса  түсуді  мақсат 
еткен    саясат  жүргізеді.  Қаңлы,  қыпшақ,  имек,  ұран  тайпалары  топтарының 
жетекшілерін  Хорезм  шахтары  әртүрлі  қызметтерге  тартады.  Бұдан  басқа 
туысқандық  үшін  қалыптасқан  дәстүрге  сай  Хорезм  билеушілері  әйелдерін 
қаңлы  мен  қыпшақтардың  хан  әулеттерінен  алып  отырған.  Мысалы,  XIII  ғ. 
бас  кезінде  Хорезм  шахы  Ала  ад-дин  Мұхаммед  қаңлылардың  басшысы 
Әмин  Мәліктің    қызына  үйленген.  Осының  арқасында  Әмин  Мәлік  Хорезм 
шахтар сарайында маңызды рөл атқарған. 

Хорезм шахы Мұхаммед /1200-1220 жж./ өз мемлекетінің құрамына XIII 
ғ.  бас  кезінде  Сығанақ  жерін  қосып  алады.  Сығанақ  иелігінен  айырылып 
қалғанына  қарамастан  қыпшақ  хандары  Хорезмге  қарсы  қажырлы  күресін 
жалғастыра  берді.  Бұл  кезде  Хорезмшахы  Мұхаммед  Дешті  қыпшақ  еліне 
бірнеше  рет  жорық  жасайды.  1216  жылы  қыпшақ  билеушісі  Қадырханға 
қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы 
кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып 
келе  жатқан  Шыңғысхан  қолымен  соқтығысып  қалады.  Бұл  монғолдардың 
Қазақстан  жерінде  алғаш  рет  болуы  еді,  сөйтіп,  бұдан  кейін  монғол 
басқыншылығының дәуірі басталады. 
 Наймандар және керейіттер ұлыстары 
Наймандар  мен  керейлер.  Наймандардың,  керейлердің  ертеректегі 
мемлекеттері Орталық Азияның шығысында  – Қазақстанға шектесіп жатқан 
Монғолия  аумағында  пайда  болса  да,  олардың  тарихының  Қазақстан 
тарихына тікелей қатынасы бар. 
XII 
ғасырда 
керейлер 
мен 
меркіттер 
қосылған 
Наймандар 
конфедерациясы  Орталық  Азиядағы  ірі  мемлекеттік  құрылым  болды. 
Ғалымдар  “найман”  терминінің  мәні    моңғол  тілі  тұрғысынан  алғанда 
конфедерацияға  енген  тайпалар  санына  қарап  “сегіз”  деген  сөзді  білдіреді 
деп  болжам  жасайды.  Сондықтан  наймандардың  шығу  тегі  мен  ертедегі 
тарихы  туралы  мәселе  әлі  күрделі.  Зерттеушілердің  арасында  бұлардың  тілі 
туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бұл тайпаларды моңғол тілдес 
десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық құрамы 
аралас  болуы  да  ықтимал,  бірақ    ғылыми  әдебиеттегі  жаңа  мәліметтер  олар 
түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. 
 Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен 
Орхон  аралығында  сегіз-оғыз  деген  атаумен  пайда  болған.  Сегіз-оғыздар 
Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек 
наймандар  да  сол  араны  жайлаған.  Наймандардың  батыс  жағында  Ертіс 
бойын  мекендеген  қаңлылар  мен  қыпшақтар,  солтүстігінде  Енисей 
қырғыздары,  шығысында  Шығыс  Моңғолияда  көшіп-қонып  жүрген 
керейлер,  ал  оңтүстік  жағында  Орталық  Азияның  басқа  да  көптеген 
тайпалары  мекендеген.  Осы  тайпалармен  және  ұйғырлармен  көрші  ретінде 
қарым-қатынас  жасап  тұрған.  Наймандар,  әсіресе,  қаңлылармен  өте  тығыз 
этникалық-саяси  және  мәдени  байланыста  болған.  Қаңлылар  мен 
қыпшақтардың  кейбір  жеке  топтары  наймандардың  жеріне  келіп 
қоныстанады.  X  ғасырда  сегіз-оғыздар  Қидан  мемлекетінің  қол  астына 
алынған кезден бастап, олар “найман” деген атпен белгілі болған. Наймандар 
Бұйрық және Беткін деген екі үлкен тайпалардың бірлестігінен құралған. 
 Наймандар  мен  керейлерде  ертедегі  феодалдық  қатынастардың 
орнығуы,  ұлыстардың  құрылуымен  қатар  жүрді.  “Ұлыс”  деген  сөз  ол  кезде 
“халық” деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. 
Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Хан ордасы, ұлыстың өздеріне 
меншікті  жазғы  жайылымы,  қысқы  қыстауы  болған.  Әрбір  ұлыстар  ондық 
бірліктер бойынша, әскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған.  

Ұлыстарды  басқару  және  оның  ішкі  жұмыстарын,  салық  жинауды 
арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар 
да болған. Іс ұйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған 
жағдайда ғана бекітілген. 
Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын 
ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен  
және  халықтармен  этно-мәдени  байланыста  болғандығын  дәлелдейді.  X  ғ. 
басында  Солтүстік  Маньчжурия  мен  Моңғолияда  қиданның  Ляо  мемлекеті 
құрылғаннан  кейін  (907-1125  жж.  құрылып,  өмір  сүрген),  наймандар  оның 
құрамына  кірген,  бірақ  Елюй-Даши  өлімінен  кейін  тәуелсіздік  алып, 
өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың 
аяғы - XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың 
екі  ұлы:  Даянхан  мен  Бұйрық  хан  басқарды.  1204  жылы  моңғолдар 
Даянханды,  1206  жылы  Бұйрық  ханды  талқандады.  Даянның  ұлы  Күшілік 
хан  найманның  қалған  әскерін  жинап,  Қидан  мемлекетіне  барып,  бас 
сауғалады.  Қидан  билеушілерінің  тілін  таба  біліп,  наймандардың  шашырап 
кеткен әскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы 
кезде  Хорезмшах  Мұхаммедтің  әскерінен  жеңілген  қидандар  өлкеде  нақты 
биліктен  айырылды.  Осыны  пайдаланып,  Күшілік  хан  1211  жылы  қалған 
қидандарды  тізе  бүктіріп,  өзінің  ордасын  Жетісуға  көшірді.  Күшілік  1213 
жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы әскери қимыл-әрекетін 
бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап 
қалуына  байланысты  кері  шегінді.  1218  жылы  моңғолдар  наймандарды 
талқандап, қашып кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, 
XIII  ғасырдың  басында  бүкіл  Шығыс  Түркістан  мен  Жетісу  моңғолдардың 
қол астына кірді. 
Керейлер  (Керейттер).  Керейлер  туралы  жазба  деректердегі  ең  ерте 
мәліметтер  Х  ғасырдың  бас  кезіне  жатады.  Керейлер  конфедерациясының 
этникалық  құрамы  бір  текті  болмаған.  Олар  түрік  тілді  және  моңғол  тілді 
жұрттан  құралады.  Керейлердің  батысында  –  наймандар,  солтүстігінде  -
меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады. 
Керей  тайпаларының  екі  ордасы  болған,  солтүстік  ордасы  Орхон  өзені 
бойындағы  Қатынбалық  қаласында,  ал  оңтүстік  ордасы  Хуанхе  өзені 
бұрылысының  теріскейінде  тұрған.  1007  жылы  керейттер  наймандармен 
бірге  христиан  дінінің  несториандық  тармағын  қабылдайды.  Керейттер 
белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.  
ХІІ  ғасырдың  50  –  ші  жылдарында  керейлердің  Қытаймен  арадағы 
қатынасы  шиеленісті.  Қытайларға  қарсы  керейлердің  күресін  бастаған 
Маргуз  –  хан  тұтқынға  түсіп,  азаптап  өлтірілді.  Одан  кейін  елді  Худжар 
Бұйрық  –  хан  биледі.  1171  жылы  хан  тағы  оның  баласы  Тоғырылға  көшті. 
Тоғырыл  хан  тұсында  Керейлер  ұлысы  солтүстікте  –  Селенганың  жоғарғы 
бойынан,  оңтүстікте  -    Хуанхеге  дейінгі;  Батыста  –  Хангай  тауынан, 
Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, 
ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық 
– мәдени байланыс жасап тұрған. 

Қарақытайлар мемлекеті 
Бірақтұтас  алғанда  қарақытай  конфедерация  Қарахан  билеушілері 
тұсында  да  шекаралық  қызмет  атқарған,  сөйтіп  бұл  үшін  «наградалар  мен 
үлестер»  алған  Оңтүстік-Шығыс  Қазақстан  мен  Алтай  тайпаларының, 
жетекші  рөл  атқаруы  жағдайында  жергілікті  этникалық-саяси  негізде 
қалыптасты». 
1125  жылы  Елюй  Даши  әскерінің  Емілге  келуі  Жетісуда  қалыптасқан 
мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ. Қарақытайлардың 
саяси  ықпалы  Жетісудың  бір  бөлігіне,  Сырдарияның  оң  жағалауына  және 
басқа аудандарға таралды. 
Қарақытай бірлестігін басқару органдарының қалыптасуына жергілікті 
дәстүрлер  күшті  ықпал  жасады.  Мұның  өзі  қарақытай  армиясындағы 
езгерістердің мысалынан айқын көрінеді. Армияны әскери бөліністерге бөле 
отырып,  Елюй  Даши  Қатүн-Балықтың  өзінде-ақ  әрбір  отрядтың  санын  500 
адамнан  белгіледі.  Бірақ  Жетісуда  гурхан  бұл  тәртіпті  күрт  өзгертті:  бір 
әскери  басшының  қол  астында  жүзден  аспайтын  жауынгер  болуға  тиіс 
болды.  Осы  арқылы  армияны  басқару  ішінара  белшектенді.  Жергілікті 
тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды. 
Бұдан  былай  қарай  өз  құрамына  Оңтүстік-Шығыс  Қазақстанның 
тайпаларын  қамтыған  қарақытай  әскері  мұңдай  әскери  ұйым  сипатынан 
айырылды. Жаулап алу барысында қарақытайлардың әскери жасағы негізінен 
құрамында  түркі  тілдес  тайпалар  мен  халықтардан  тұрған  армиямен 
алмастырылды.  Сонымен  бірге  алғашқыда  Жетісуда,  ал  сонан  соң 
Мауараннахрда  —  жергілікті  этникалық  ортада  келімсек  этникалық 
топтардың  шаруашылық  және  этникалық  «сіңісуі»  жүріп  жатты. 
Қарақытайлар келгенде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратып келген 
жоқ.  Қарақытайлар  Орта  Азияның  қалаларымен  және  егіншілік 
аймақтарымен үнемі сауда жүргізуге мүдделі болды. Олардың арасында мал 
өсірушілермен  қатар  егіншілікті  білетін  жартылай  көшпелі  топтар  аз  емес 
еді.  Деректемелерде:  қарақытайдың  таралуы  бейбіт  сипатта  болғанын  бір 
ауыздан  атап  керсетеді.  «Олар  (қарақытайлар)  қаланы  алған  кезде,  оның 
тұрғындары үшін еш өзгеріс жасамады, — деп жазды Ибн әл-Асир, — тек әр 
үйден  бір  динардан  ғана  алды.  Егістік  пен  сол  тәрізділерге  келетін  болсақ, 
олар  халыққа  берілді».  Бұл  орайда  үлестік  жерлерді  иеленушілер  өздерінің 
гурхан қамқорлығында екендігінің белгісі ретінде өзінше бір үлгідегі сақтау 
грамоталарын (пайцзалар) алды. 
Жағдай  XII  ғасырдың  40-жылдарының  басында  Салжұқтардың 
Мауараннахрда жеңілуінен кейін өзгерді. Жаңадан жаулап алған аймақтарда 
қарақытай  әскерлері  шоғырланды  және  оларға  алым  төлеу  міндетті  бола 
бастады.  Қарақытайлар  тұтас  алғанда  өздеріне  дейінгі  болған  саяси 
құрылымды  және  әр  түрлі  аймаңтар  арасындағы  өзара  байланыстарды 
өзгертпеді.  Жергілікті  жерлерде  билік  басында  осында  бұрын  билік  еткен 
әулеттердің  өкілдері  отырды.  Орын  алып  келген  талас-тартыстар  сарыны 
жойылмай,  қайта  күшейе  түсті,  өйткені  «Түркістан  патшалары», 
Жүзжанидың  айтуынша,  қарақытайлардың  көмегімен  бір-бірін  «бағындыру 

және  талқандау»  әрекеттерін  жалғастыра  берді.  Ұдайы  жанжалдармен 
ездерін  титықтата  отырып,  қарақытай  әскерлерін  ұстауға  мол  сыйлықтар 
беруде  шашетектен  шығындарға  ұшырап,  жаулап  алушыларға  алым  төлеп, 
жергілікті  билеушілер  өздерінің  үлестерін  белшектеуді  күшейтті,  ал  мұны 
гурхандар  белсене  қолдап  отырды.  Осының  салдарынан  қарақытай 
иеліктерінің құрамына кіретін Қазақстан мен Орта Азия аймақтары, сондай-
ақ гурхандарға вассалдық тәуелділікті мойындаған бірлестіктер шаруашылық 
және  саяси  жағынан  әлсіреді.  Жетісуда,  Мауараннахрда,  Ферғанада  бір 
мезгілде бірнеше ұсақ және ірі мәліктер мен сұлтандар биледі. 
Іле алқабы мен Мауараннахр 
Іле  алқабы  мен  Мауараннахрдың  қарлұқтары,  Бесбалық  ұйғырлары, 
Самарқанда  соңғы  Қарахандар  іс  жүзінде  өздерінен  алым  жинайтын  гурхан 
билеушілерінің  басқаруында  болды.  Қарақытай  шонжарларының  басқаруы 
үлкен ауыртпалыққа ұшыратты, ал олардың қысым жасауы, әсіресе салықтар 
жинау  кезіндегі  шамадан  тыс  талаптары  наразылық  туғызды.  Ибн  әл-Асир 
былай  деп  атап  көрсетеді:  «қарақытайлар»  Түркістан  мен  Мауараннахр 
елінде тұрды және олардың халқын ауыр езгіге салды. Олардың әрбір қалада 
билеушісі (болды), ол қарақытайларға ақша жеткізіп беріп тұрды. 
Хорезмде  алымдар  мен  салықтарды  гурханның  арнайы  жіберген 
жинаушылары  мезгіл-мезгіл  жинап  алып  отырды,  басқа  аудандарда  алым 
жинау  мен  оны  қарақытайлардың  астанасына  жеткізу  құқығы  жергілікті 
феодалдарға  берілді.  Империяның  жариялануына  дейін  өздерінен  де  күшті 
болған  наместниктер  институтына  сүйене  отырып,  қарақытай  көсемдері 
өздерінің  әулет  меншігі  ретінде  үлесті  жерлерді  иемденуге  талаптана 
қоймады.  Кейбір  өлкелердің,  мәселен,  Тараздың  наместниктері  кейін  келе 
толық билік жүргізген әміршілерге айналып алды. 
Санжар сұлтанды жеңгеннен кейін гурхан Баласағұн түбінде Ғұз-орда- 
да  өз  ордасын  құрды.  Ұйғыр  көпестері  Жетісуды  Чугал  (Жікіл)  деп  атады. 
Деректемелерде  хабарланғанындай,  оның  тұрғындары  бейбіт,  егіншілікпен 
айналысады,  билеушінің  пайдасына  оннан  бір  үлес  төлейді,  ал  гурхан 
ордасының орасан кендігі соншалық, оны аралап шығу үшін жарты күн керек 
болады. 
Патриархаттық-феодалдық принциптері 
Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен бірге басқарудың 
патриархаттық-феодалдық  принциптері  орнығып,  нығая  берді.  Алайда 
жоғарғы билікті мұраға қалдыру жүйесі өзіндік сипат алды; гурханға, әдетте, 
бұл  да  гурхан  атағын  алатын  әйел  мұрагер  болды.  Мұның  өзі  жергілікті 
мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылыгын туғызды. Бұл дәстүрді 
айыптау 
Шығыс 
авторларының 
шығармаларынан 
көрініс 
тапты. 
Мұрагерліктің 
мұндай 
принципінін 
бөлу 
себебі 
мынада 
еді: 
қарақытайлардың  әулеттік  одағы  некелесетін  ер  және  әйел  ру-
фратриялардан,  император  руы  мен  император  әйел  руынын,  екі  ру-
фратриясынан  тұратын,  сондықтан  олардың  екеуінің  де  бірдей  дәрежеде 
гурхан  тағына  отыруға  құқығы  болды.  Осыдан  «алмасып  мұраға  алу»  келіп 
шықты,  оның  мәнісі  екі  рулас  әулет  топтары  өкілдерінің  арасында  билікті 

бөлуде емес, одан да гөрі өздерінің соңындағы генеалогиялық ортақтығымен 
байланысты  көшпелі  тайпалардың  арасында  белгілі  бір  әскери-саяси  тепе-
тендікті орнықтыруда болатын. 
Елюй  Даши  1143  жылы  өлді  де,  билік  гурханның  жесірі  Табуянға 
көшті,  ал  жеті  жыл  өткен  соң  басқару  тізгінін  Иле  алды.  Оның  тұсында 
тұңғыш рет халық санағы жүргізілді. 84 мың отбасы жазылды, бұл, тегінде, 
Сырдария  мен  Еміл  арасын  мекендеген  көшпелілердің  саны  болса  керек. 
Қарақытайлардың  бүкіл  өмір  салты  даланың  тұрмыс  белгілерін  сақтады. 
Иленің  патшалық  құруы  13  жылға  созылды,  ол  өлгеннен  кейін  1155  жылы 
так  Елюй  Дашидың  қарындасы  Бұсұғанға  берілді.  Оның  мұрагері  Чжилугу 
болып,  ол  1169  жылдан  бастап  шамамен  1203  немесе  1214  жылға  дейін 
патшалық  құрды.  Қарақытай  мемлекетінің  тарихындағы  жаңа  кезең  соның 
есімімен байланысты. Бөлшектену үрдісі қарақытай әскербасыларының шың 
мәнінде  автономиялы  наместниктерге  айналуына  әкеліп  соққан  еді. 
Гурханның атынан әрекет жасай отырып, олар іс жүзінде әбден дербес болды 
да,  оған  тек  алым  жіберіп  тұрумен  шектелді.  Шынына  келгенде,  гурханның 
биледі деген аты ғана болды. Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар. XII 
ғасырдың  орта  шенінен  бастап  қарақытайлар  өздерінің  салық  саясатын 
айтарлықтай 
өзгертіп, 
ашық 
тонауға 
көшті, 
бейбіт 
қоныстарға 
шапқыншылық  жасады,  «өлтірді,  тұтқынға  алды,  тонады  және  есепсіз  көп 
адамды қолға түсірді». 
Жетісу  мен  Мауараннахрдағы  қарақытайлардың  жағдайы  феодалдық 
қырқыстардың  созылуынан  әлі  де  біраз  уақыт  біршама  берік  болып  қала 
берді.  Мәселен,  отырықшы  халықтан  салықтар  алуға  мүдделі  қарлұқтар 
өздерімен  бәсекелесуші  Самарқан  тамғаш-ханы  (1156)  ықпалынан  уақытша 
құтылды.  Гурхан  бұған  дереу  араласып,  өзінің  қолшоқпары  Жағры-ханға 
қарлұқтар  «қару-жарақ  асынуын  қойып,  егіншілікпен  айналысатын  болсын» 
деп, оларды Самарқан пен Бұхарадан көшіруге бұйрық берді. 
Қарақытайдың ыдырауы 
Самарқаннан  аттанған  қарлұқ  атты  әскері  жол  бойында  кездескеннің 
бәрін «тонап, қырып жоя отырып», Бұхара жағына бет алды, бірақ қан төгіс 
ұрыста  оны  қарақытай  әскерлері  тас-талқан  етті.  Көп  ұзамай  гурхан 
Балқыдан  айырылды,  оның  билеушісі  жыл  сайын  харадж  (жер  салығын) 
беріп  туратын  еді.  1198  жылдың  сәуір-мамыр  айларында  Хорасан  мен  Орта 
Азияның  онымен  шекаралас  аймақтарын  басып  алуға  ұмтылған  Ауғанстан 
жерінен шыққан гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. 
Іле-шала  гурханның  қол  астынан  құтылуға  тырысқан  Хорезм  де 
қарақытайларға  қарсы  күреске  шықты.  Гуридтерге  қарсы  күресте  оны 
қолдаудан бас тартқан хорезмшах Бұхараны қоршап, содан соң басып алды. 
1205  жылы  жазда  қарақытайлар  Термезден  кетті,  осыдан  кейін  олардың 
вассалдары — Самарқан пен Бұхара билеушілері — гурханға қарсы күресте 
Хорезммен одақтасу амалын іздестіре бастады. Мауараннахр Үзкентке дейін 
дерлік  осындағы  «әрбір  қала  мен  әрбір  өлкені»  алған  және  өздерінің 
наместниктерін  қойған  хорезмдіктердің  қолында  қалды.  Тараз  да  Хорезмге 
біршама  тәуелді  болып  қалса  керек.  Жергілікті  жасақтың  1210  жылы 

талқандалып,  тұтқынға  алынған  қолбасшысы  символды  түрде  таққа 
отырғызылып, Хорезмге жіберілді. 
Алайда,  Самарқанды  түбегейлі  өзгерістер  бола  қоймады.  Ол  былай 
тұрсын,  хорезмшах  «бәрі  де  қытайлар  белгілегендей  болсын»  деп  ондағы 
сұлтанды  арнайы  наместникпен  бірге  Самарқанға  сый-сыяпатпен 
аттандырып салды. Гурханның Іле алқабындағы (Қойлық және Алмалық) өз 
вассалдары  -  қарлұқ  билеушілерімен  қатынасы  шиеленісе  түсті.  Ол  Ғұз-
ордадан  Қашғарға  көшуге  мәжбүр  болды.  Көп  кешікпей  найман 
тайпаларының  күшті  конфедерациясымен  одақтасқан  қарлүқтар  Қашғар 
шегінде  қарақытайлардың  ең  соңғы  гурханы  Чжи-  лугуді  қолға  түсірді. 
Қарақытайлардың 
иеліктері 
біржолата 
наймандардың 
қолбасшысы 
Күшліктің қолына көшті. 
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1. Түрік тайпаларының ежелгі мемлекеті қалай аталды? Оның негізін салған 
кім?  
2. Қарлұқ мемлекеті қай жылдары өмір сүрді?  
3. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала?  
4. Қарахан әулетінің негізгі қалаған кім?  
5. Қарақытайлар мемлекеті қай жерде орналасты?  
6. Наймандар мен керейіттер қай территорияны алып жатты?  
7. «Ұлы Жібек жолы» қашан пайда болып, жұмыс істей бастады?  
8. Диуани Хикмет («Даналық» кітабі ) авторы кім?  
9. Махмұд Қашғари қай жылдары өмір сүріп , қандай еңбек жазды?  
10. Қазақстан территориясында VI–XII ғғ. Қалалар қай жерде пайда болды?  
11. Орта ғасырлық Қазақстанда өмір сүрген халықтардың діни – нанымдарын 
атаңдар.  
12. Көне түркі жазуы қалай аталынды? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет