Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»


Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту 
шаралары:  
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік 
көмек көрсетілді.  
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша 
еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.  
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.  
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.  
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына 
келтірілді.  
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.  
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың 
әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың 
өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз 
етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. 
Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа 
медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.  
Соғыстың зардабы мәдениет саласының  дамуында да үлкен қиыншылық 
тудырды. 
Республиканың 
интеллигенция 
өкілдері, 
мәдениет 
қайраткерлерінің  соғысқа  алынуы,  мәдени  мекемелер,  оқу  орындары  мен 
мектептердің  санының  азаюы  елдің  мәдени  даму  үрдісіне  кедергі  келдірді. 
Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен 
жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына 
Ғ.Мүсіреповтің 
“Қазақ 
солдаты”, 
Ә.Нұрпейісовтың 
“Курляндия”, 
С.Мұқановтың  “Сырдария”,  Ғ.Мұстафиннің  “Миллионер”  еңбектерін 
жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар  республика  әдебиеті  жазушылар 
Ә.Нұрпейісовтың, 
Т.Ахтановтың, 
Б.Момышұлының, 
С.Мұқановтың, 
Ғ.Мүсіреповтің,  ақындар  Қ.Аманжоловтың,  Х.Ерғалиевтің  т.б.  жаңа 
шығармаларымен  байыды.  М.Әуезовтің  “Абай  жолы”  романы  дүние  жүзіне 
танылды.  М.Төлебаевтың  “Біржан  мен  Сара”,  Брусиловскийдің  “Дударай”, 
Қ.Қожамияровтың 
“Назугул” 
опералары 
Қазақстанның 
музыкалық 
мәдениетінің алтын қорына кірді.  
1946  жылы  ҚазКСР  Ғылым  Академиясы  ашылып,  оның  тұңғыш 
президенті  болып  Қ.И.Сәтбаев  сайланды.  Ғылым  Академиясының  толық 
мүшелері  болып  көрнекті  ғалымдар  –  М.Әуезов,  Ә.Бектұров,  М.И.Горяев, 
А.Қ.Жұбанов,  Н.Г.Кассин,  Н.Т.Сауранбаев,  мүше-корреспонденттеріне 
Н.О.Базанова,  Р.А.  Барукаев,  Ә.Х.Марғұлан,  М.И.Усанович  және  т.б. 
сайланды.  50-шы  жылдардың  аяғында  Қазақстан  Ғылым  Академиясының 

жүйесінде  50  ғылыми  зерттеу  институты  жұмыс  жасады.  1958  жылы 
Орталық  Қазақстанның  комплексті  металлогендік  әрі  болжамдық  картасын 
жасағаны  және  оның  методикасын  зерттегені  үшін  ғалымдар:  И.И.Бек, 
Р.А.Борукаев,  Г.Ц.Медоев,  Д.Н.Казанин,  Қ.И.Сәтпаев  және  басқалары 
Лениндік сыйлыққа ие болды.  
Ал  жоғарғы  оқу  орындарының  құрамына  тоқталар  болсақ,    50-ші 
жылдары  13  институт:  Семейде  –  малдәрігерлік-зоотехникалық  және 
медициналық,  Қарағандыда  –  медициналық,  политехникалық  және 
педагогикалық,  Атырауда,  Қостанайда,  Шымкентте  және  басқа  жерлерде 
педагогикалық институттар ашылды.  
Соғыстан  кейінгі  жылдарда  мектепте  білім  беру  ісі  тоталитарлық 
тәртіптің  ықпалынан  шықпады.  Партия,  комсомол  және  пионер  ұйымдары, 
мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады.  
Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, 
оқу  процестерін  жасанды  жүргізу,  оқушылардың  оқуға  немқұрайлы  қарауы 
орын  алды.  Осының  салдарынан  20  жылдың  ішінде  (1950-1970)  қазақ 
мектептерінің    саны  3891-ден  2577-ге  дейін  азайды,  ал  сабақ  орыс  тілінде 
жүретін  орыс  мектептерінің  саны  1,5  мыңға  көбейді.  Қазақ  тілі  тек 
тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл 
ретінде  қолданылды.  Кітаптардың  95  %  орыс  тілінде  басылды,  теледидар 
хабарларының  70  %  эфирде  тек  орыс  тілінде  жүргізілді.  Кеңестік  тәртіптің 
бұл  қылмысының  нәтижесінде  қазақ  халқының  ұлттық  мәдениетінің    аясы 
жылдан  жылға  тарылып,  тіпті  ұлттық  территорияға  қауіп  төнген  жағдайлар 
орын алды. 
Сонымен,  қаралған  жылдары  республикада  интернационализм  түсінігі 
үстем  идеологияға  айналды.  Ұлттық  мәселелердің  барлығы  тек 
интернационалдық  тәрбиені  жақсарту  арқылы  шешіледі  деген  түсінік 
негізінде  ұлыдержавалық  шовинизм  жатты.  Ұлттық  салт-санадан  гөрі 
кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек  дәріптелді.  
 
Қазақстан экономикасын бейбіт өмірге лайық  қайта құру. 
Индустриялық даму. Ауыл шаруашылығының жағдайы. 
 II  дуниежүзілік  соғыс  КСРО  шаруашылығына  өте  көп  зиян  әкелді. 
Кеңес  одағы  679  миллиард  сом  материалдық  зиян  шекті.  Басқыншылардың 
КСРО  халық  шаруашылығына  жасаған  жалпы  зияны  –  2  триллион  569 
миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 
мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол 
станциясы  толық  немесе  ішінара  талқандалды.  2  млн.  адам  қираған  үйде 
тұруға  мәжбүр  болды.  Киев,  Ленинград,  Станиград,  Минск  т.б.  қалалардың 
көп бөлігі талқандалды .  
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына 
келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең 
алдымен  жұмыс  күшінің  жетіспеуі  кедергі  жасады.  Өндірістегі  жұмыс 
қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес 
Армиясы  қатарынан  8  млн.  500  мың  адам  босатылды.  1945  жылдың  шілде 

қыркүйегі  бірінші  кезекте  халық  шаруашылығына  қажетті  мамандар 
жіберілді.  
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 
жж.)  арналған  жоспар  бойынша  соғыстан  бүлінген  аудандарды  қалпына 
келтіру,  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының  соғыстан  бұрынғы 
дәрежесіне  жетіп,  одан  едәуір  асып  түсу  міндеті  белгіленді.  Сонымен  бірге 
онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.  
Республикада  ауыр  өнеркәсіпті  қалпына  келтіріп,  тез  дамыту,  сондай-
ақ  женіл  тамақ  және  тоқыма  өнеркәсібін  одан  әрі  өркендету  көзделді. 
Халықтың  материалдық  қажеттерін  қанағаттандыру  ісі  екінші  кезектегі 
мәселе  болып  саналды.  Төртінші  бесжілдық  жоспарда  Қазақстанның  халық 
шаруашылығы  мен  мәдениетін  дамытуға  мән  берілді.  Ауыр  өнеркәсіпке, 
темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға 
қаржы  бөлінді.  Қазақстанға  бөлінген  күрделі  қаржы  одақ  бойынша  үшінші 
орында  болды.  Төртінші  бесжылдықта  бүкіл  елде  өнеркәсіп  өнімі  1940 
жылғымен  салыстырғанда  40%-ға  өсетін  болып  белгіленсе,  Қазақстанда  ол 
2,2 есе артатын болды.  
Бұрын  соғысқа  қажет  өнімдер  шығарған  өнеркәсіп  орындары  бейбіт 
тұрмыс  өнімдерін  шығару  үшін  қайта  құрылды.  Төртінші  бесжылдық 
құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және 
түсті  металлургия,  тау-кен  және  көмір  өнеркәсібі  үшін  қолдан  жасалған 
талшық  өндіру  жүзеге  асырылды.  Осы  жылдары  Теміртау  заводында  үй 
прокат  станы,  2  мартен  пеші,  Актөбе  ферроқорытпа  заводының  үшінші 
кезегі,  Өскеменде  қорғасын-мырш  (1947  ж.)  комбинаты  салынды. 
Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай 
кәсіпшіліктері  салынды.  1950  жылы  мұнай  өндіру  52  %-  ға  артты.  50-
жылдардың  басында  республикадағы  кәсіпорын  саны  –  65  болды. 
Бесжылдық  қортындысында  Қазақстан  өнеркәсібінің  жалпы  өнімі  1940 
жылмен  салыстырғанда  2,3  есе,  оның  ішінде  көмір  шығару  2,5  мұнай  –  1,5 
газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.  
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы 
өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. 
Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.  
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – 
Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.  
Байланыс  ісі  жақсартылды.  Барлық  аудан  орталықтары  телефон 
байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен 
байланыстыратын  автоматтық  станция  салынды.  Радио  жүйесі,  40-
жылдармен  салыстырғанда  2  есе  артты.  Маманданған  жұмысшылар  қатары 
өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 
жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 
403000-ға жетті.  
Ауыл  шаруашылығы.  Соғыстан  әлсіреп  шыққан  еліміздің  ауыл 
шаруашылығын  қалпына  келтіру  жолында  көптеген  кедергілер  кездесті. 

Олар:  ауыл  шаруашылық  техникасының  жетіспеуі,  жұмыс  күшінің  аздығы, 
әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.  
1946  жылғы  16  қыркүйекте  ауыл  шаруашылығында  орын  алған  ауыр 
жағдайды  жою  туралы  қаулы  қабылданды.  Осы  қаулыға  сәйкес  савхоздар 
мен  колхоздардың  бұрынғы  зардаптарын  жою  басталды.  Ауыл 
шаруашылығын  жаңа  техникамен  қамтамасыз  ету  үшін  мемлекет  арнайы 
қаражат  бөлді.  Төртінші  бесжылдықтың  аяғына  қарай  Қазақстан  ауыл 
шаруашылығында  50683  трактор,  16  мыңнан  астам  комбайн,  ондаған  мың 
автомашина,  шөп  шабатын  және  басқа  машиналар  болды.  1950  жылы 
еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.  
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, 
республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың 
жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.  
1948  жылы  республикада  ауылдар  мен  селоларды  жаппай  электірле- 
ндіру  жорығы  басталды.  Сөйтіп,  төртінші  бесжылдық  тұсында  752  колхоз, 
317  МТС,  164  совхоз  және  193  селолық  аудан  орталығы  электрленді. 
Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе 
өсті.  
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан 
аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 
жылы  астықтың  жалпы  түсімі  47654  центнерге  жетіп,  соғыстан  бұрынғы 
дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа 
тұқымдары  өсіп  жетілді.  Малдың  жалпы  саны  өсті  ірі  қара  мал  27  қой  мен 
ешкі  70,  жылқы  71%  -ға  көбейіп,  шошқа  2,7  есе  артты.  Дегенмен,  ауыл 
шаруашылығын  өркендетуде  елеулі  қиыншылықтар  болды.  1946  жылы 
қуаншылық  болып,  астық  шықпай,  халық  азық-түлік  тапшылығының 
зардабын  шекті.  Колхоз,  совхоз,  МТС-тардағы  техника  ескірген,  еңбек  - 
өнімділігі  төмен  еді.  Ауыл  шаруашалық  жарғысын  (уставын)  бұзушылық 
етек  алды.  Колхозшыларға  еңбек  күнге  өнім  өте  аз  мөлшерде  бөлінді. 
Олардың  еңбекке  ынталылығы  төмен  болды.  Осыған  байланысты  әкімшіл-
әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. 
Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан 
бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты 
саясаты 
жалғастырылды. 
Колхозшылардың 
еркін 
жүріп-тұруын 
шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: 
-Төлқұжаттары болмады.  
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.  
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді 
асырап отырды.  
 
Елде саяси қуғын-сүргіннің жалғасуы. Лагерлік жүйенің қалыптасуы. 
«Бекмаханов ісі».  
Қоғамдық-саяси  жүйеде  20  жылдардың  ортасында  орныққан  қатаң 
әкімшіл-әміршілдік  жүйе  40–50  жылдары  шарықтай  түсті.  Бұл  қоғамдық-
саяси  өмірдің  барлық  саласынан  көрініс  тапты.  Адамның  табиғи  құқығын 

шектеу,  ұлттық  мүддені  ескермеу,  мемлекеттік  басқару  жүйесіне  ықпал 
жасау  сияқты  олқылықтардың  шегі  болмады.  Қоғамдық-саяси  және  мәдени 
өмір  орталықтан  басқарып  отырған  Коммунистік  партияның  қатаң 
бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік 
орын  алды.  Үкімет  басшылары  түрлі  желеулермен    заңдылықтарды  өрескел 
бұзып,  мемлекеттік  билікті  теріс  қолданып  жатты.  Оған  өзгеше  ойлайтын 
адамдарды қудалауға  жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 
жылдың  14  тамыздағы  “Звезда”  және  “Ленинград”  журналдары  туралы 
қаулысы  бұл  құбылыстың  нақты  дәлелі  бола  алады.  Қазақстан  партия 
комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. 
Москва мен  Ленинградта  “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп 
жатқанда 
Қазақстанда 
талантты 
тарихшы 
“Бекмахановтың 
ісі” 
ұйымдастырылды.  Е.Бекмаханов  соғыс  жылдары  А.П.Кучкин,  А.М. 
Панкратова,  Б.Д.  Греков,  Н.М.  Дружинин  және  тағы  басқа  кеңес 
тарихшыларымен  бірлесіп  Қазақ  КСР  тарихын  даярлаған  болатын.  Кітап 
1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына 
қарамастан,  көп  ұзамай  сынға  алынып,  әсіресе,  кітаптағы  ұлт-азаттық 
көтерілістерге  берілген  баға  қызу  айтыс  тудырды.  Е.Бекмахановтың  1947 
жылы  жарық  көрген  “Қазақстан  XІX  ғасырдың  20-40  жылдарында”  деген 
көлемді  еңбегі  де  сынға  ұшырады.  1950  жылы  “Правда”  газетіндегі 
“Қазақстан  тарихының  мәселелерін  маркстік-лениндік  тұрғыдан  жазу  үшін” 
деген  мақалада  Е.Бекмаханов  еңбегі  айыпталды.  1951  жылы  10  сәуірде 
Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті  “Правда”  газетіндегі  мақала 
бойынша  қаулы  қабылдап,  “Бекмахановтың  буржуазиялық-ұлтшылдық 
көзқарасын  айыптады”.  Қаулыны  жүзеге  асыру  барысында  тарих 
ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен 
босатылып,  барлық  ғылыми  атақтарынан  айырылып,  1952  жылы  4-
желтоқсанда 25 жылға сотталды. 
Е.Бекмахановпен  қатар  республиканың  көрнекті  қоғамтану  ғалымдары  
А.Жұбанов,  Х.Жұмалиев,  Б.Шалабаев,  Б.Сүлейменов,  Е.Смайлов,  жазушы 
Ю.Домбровский  осындай  жалған  айыптармен  жазаланып,  сондай-ақ 
Ә.Марғұлан,  Ә.Әбішев,  С.Бегалин  секілді  ғалымдар  мен  жазушылар  саяси 
және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 
1948  жылы  “космополитизммен”,  яғни  шетел  мемлекетерінің 
мәдениетіне  көңіл    бөлушілермен  күрес  науқаны  басталды.  Космополитизм 
науқанында  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  халқының  мақтанышы  болып 
келген  Шортанбай,  Шәңгерей,  О.Қарашев  феодалдық-реакцияшылдар  деп 
танылып,  ал  кейінгі  кеңес  әдебиетшілері  –  Б.Кенжебаев,  Т.Нұртазин, 
Ә.Қоңыратбаев,  Е.Ысмайылов  ұлтшылдар  ретінде  қудаланды.  Ғылым 
Академиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін 
“ұлтшыл”  атанса,  М.Әуэзов  1945  ж.  жарық  көрген  “Абай  өмірінің  және 
творчествосының  биографиялық  очеркі”  еңбегінде  Абайды  “феодалдық 
ақындар  Шортанбай,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  ортасында  суреттегені  үшін” 
қудаланады.  Екі  зиялыға  да  осындай  орынсыз  кінәлар  тағылғаннан  кейін, 
Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі 

шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай 
мәдениеттерін  жоғары  көтерген”  деген  мағынадағы  кінә  тағылды.  Сонымен 
қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби еңбегіне де  
космополиттік  деген  кәні  тағылып,  басылымнан  алынды.  1952  жылы 
баспадан  С.Мұқановтың  “Балуан  Шолақ”,  С.Мұқанов  алғысөз  жазған 
Қ.Аманжолов  пен  Х.Бекхожиннің  “Батырлық  эпосы”,  Қ.Сатыбалдиннің 
“Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып алынды. 
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда 
өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.  
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1. Соғыс аяқталғаннаң кейін Қазақстанда жұмысшылар мен маман 
кадрларының жетіспеу себептері неде?  
2. Төртінші бесжылдықта республиканың өнеркесібі қандай табыстарға 
жетті?  
3. 40-жылдардың екінші жартасында еңбекшілерінің өмір сүру жағдайында 
қандай өзгерістер орын алды?  
4. Әкімшіл - әміршіл жүйенің Қазақстанның экономикалық дамуына кері 
әсерлері қандай болды?  
5. 50-жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығының артта қалуының 
себептері қандай?  
 
 
Тақырып: 1953-1991 жылдардағы Қазақстан – 2 сағат 
1.
 
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.) 
2.
 
Қазақстан кеғестік экономикалық және әлеуметтік-саяси жүйенің 
дағдарысының өршуі кезеңінде (1964-1985 жж.) 
3.
 
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.) 
 
Дәріс мақсаты: Жаңа оқу материалымен таныстыра отырып, білім білік дағдыларын 
қалыптастыру. 
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.) 
1953-1964 жылдары  КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер 
Кеңесінің төрағасы  
Н.С.Хрущев  тұсында  ауыл  шаруашылығының  қатаң  басшылығынан, 
орталық  жоспарлауды  колхоздар  мен  совхоздардың  тәуелсіздігімен 
ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы 
КОКП ОК-нің  қырқүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық 
табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, 
ауыл  шаруашылық  өндірісін  сатып  алу  және  дайындау  бағалары  көтерілді. 
Сталиндік  қатаң  бақылаудан    бас  тарту  көп  ұзамай-ақ  өз  нәтижесін  бере 
бастады.  
Бірақта  бұл  кезеңдегі  аграрлық  саясат  тұрақты  болмады.  1954  жылдан 
бастап  тез  арада  ауыл  шаруашылығының  тарихта  болмаған  дамуын 
қамтамасыз  ету  үмітімен  Қазақстанға  тікелей  қатысты  тың  және  тыңайған 

жерлерді  игеру  науқаны  басталды.  Қазақстан  басшылығы  бұл  бастаманы 
қолдай  қоймады.  Осыған  байланысты,  1954  жылы  11  ақпанда  өткен 
Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы 
Л.И.Афонов 
босатылып, 
олардың 
орнына 
орталықтан 
жіберілген 
Р.К.Понаморенко    және  Л.И.Брежнев    сайланды.  Жергілікті  жердің  қазақ 
басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 
1-ші хатшылары ауыстырылды. Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін 
науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым 
Академиясының  тарих,  археология,  этнография  институтын,  тіл  және 
мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау 
саясаты  тоқтатылды.  1953  жылы  мамыр  айынан  бастап  социалистік 
қоғамдағы  қайшылықтар,  жеке  тұлға  мен  халықтың  тарихтағы  рөлі, 
Сталиннің  жеке    басына  табыну  мәселелері  төңірегінде  алғашқы  пікірлер 
айтыла  бастады.  Кезінде  ОГПУ,  НКВД-ні  басқарып,  әкімшіл-әміршіл 
жүйенің  адамзатқа  қарсы  жасалған  қылмыстарын  заңдастырған  Берия  ату 
жазасына  кесілді.  “Үштіктер”,  “Бестіктер”,  “Ерекше  кеңес”  жойылып, 
ГУЛАГ  МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді 
тоқтату  қоғамдық  өмірді  демократияландыру  жолындағы  маңызды  кезең 
болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.  
Сотталған  адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының 
аяққа  басылуына  Сталиннің  өзі  сияқты  қатысы  болған  көптеген  саяси 
қайраткерлер  жоғарғы  өкімет  орындарында  отыра  берді.  1954  жылы 
Қазақстандағы  тың  және  тыңайған  жерлерді  игерудің  басталуы 
республикадағы  қоғамдық  өмірге  үлкен  әсерін  тигізді.  Тың  жерлерді  игеру 
науқаны  барысында  кадрлар  өрескел  түрде  алмастырылды.  Он  жылдың 
ішінде  Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы 
алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы  Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет 
министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов 
орнына  Д.Қонаев  келді.  1955-1957  жылдары  Қазақстан  компартиясы 
Орталық  Комитетінің  екінші  хатшысы  қызметін  атқарған  Л.И.Брежнев 
П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957-
1960),    Д.А.Қонаев  (1960-1962),  И.Юсупов  (1962-1964)  болды.  Бұл  науқан 
барысында  тағайындалған  басшылардың  көбі  қазақ  тарихын,  ұлттық  табиғи 
ерекшеліктерін  білмейтін.  Сондықтан  науқан  нәтижесі  экологиялық, 
демографиялық, рухани зардаптар алып келді. 
1956  жылы  14  ақпанда  Москвада  КОКП-ның  ХХ  съезі  өтіп,  онда 
Сталиннің  жеке  басына  табыну  айыпталды.  КОКП  Орталық  Комитетінің 
бірінші  хатшысы  Н.С.Хрущев  бастаған  коммунистер  партиясы  сталиндік 
диктат  үстемдігін  әшкерелеп,  талдау  жасауға  тырысты.  “Жеке  басқа 
табынушылық және оның салдары” туралы  мәселе 25 ақпанда съездің жабық 
мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында 
“Жеке  басқа  табынушылықтың  зардаптарын  жою”  жөнінде  қаулы 
қабылданды.  Н.С.Хрущевтің  ХХ  съездегі  «Сталиннің  жеке  басына 
табынушылығын  әшкерелеу”  туралы  баяндамасының  толық  мәтіні  33  жыл 
өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. 

Тарихта  “жылымық”  деп  аталып  жүрген  1954-1964  жылдары  біршама 
басшылықтың  ұжымдық  принциптері  енгізіліп,  әміршіл-әкімшіл  басқару 
жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі 
біршама  өсті.  Қоғамдық  өмірді  демократияландыруға  бағытталған  бұл 
шаралар  біршама  ой  еркіндігін  тұғызды.  Нәтижесінде  мыңдаған  кінәсіз 
сотталған  адамдар  лагерлерден  босатылып,  партияның  кейбір  көрнекті 
қайраткерлері  ақталды.  1930-1950  жылдары  істі  болған  зиялылардың  істері 
қайта  қаралып,  1953-1956  жылдары  партия  қатарынан  шығарылған  5456 
адам,  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  жау  басып  алған  территорияларда 
қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы 
Е.Бекмаханов,  Қ.Сәтбаев,  М.Әуезов  еліне  оралды.  К.Бекхожин,  С.Мұқанов, 
С.Кенебаев  партия  қатарына  қайтадан  алынды.  Әйтсе  де,  Н.С.Хрушев  пен 
оның  төңірегіндегілердің  Сталиндік  тәртіпті  сынға  алуы  үлкен  ерлік 
болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған 
жоқ.  Әлі  де  кінәсіз  соталған  адамдар  түрмелерде  қалды.  Ресейлік  патша 
өкіметінің  отарлау  саясатын  ақтау  мақсатында,  Қазақстанның  Ресейге  өз 
еркімен  қосылғандығы  кеңінен  насихатталып,  қазақтардан  бірыңғай 
коммунистік  ұлт  шығаруға  бағыт  алынды.  Тарихи  шындық  ақтандақ 
қалпында  қалып,  кеңестер  жүргізген  қанды  қырғын  біржақты  көрсетілді. 
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және 
т.б.  алаш  қайраткерлерінің  қызметіне  саяси  әділ  баға  берілген  жоқ.  Ұлттық 
республикалардың  егемендігі  жоққа  шығарылып,  экономика  салаларында 
жалпы  бағытты  белгілеу,  кадрларды  тағайындау  және  тағы  басқа  көптеген 
мәселелер    орталықтағы  шағын  топтың  қолында  қала  берді.  Қайта  құрулар 
соңына  дейін  жеткізілмеді.  Сталиннің  өлімінен  кейін  жасалған  іс-әрекеттің 
жартыкештігінің  салдарынан  бір  жағынан  депортацияға  ұшыраған  
башқұрттар,  қалмақтар,  шешендер,  ингуштар  мен  қарашайлықтардың 
автономиясы  қалпына  келтірілсе,  ал,  екінші  жағынан  қырым  татарлары, 
немістер,  месхет  түріктеріне  өз  автономиясын  қайта  құруға  әкімшіл-
әміршілдік жүйе тиым салды. 
Әкімшіл-әміршіл  жүйені  мойындаған  қазақ  зиялыларына  біраз 
кешірімдер  жасалғанымен  тоталитарлық  тәртіп  зиялыларды  бақылауын 
тоқтатпады.  Мысалы,  1953-1954  жылдары  М.Әуезовтің  “Ақын  аға”, 
К.Шаңғыбаевтың  “Намыс”  және  т.б.  еңбектері  басылымнан  алынып, 
жариялауға тиым салынды.  
1956  жылы  19  желтоқсанында  КОКП  Орталық  Комитеті  жергілікті 
партия  ұйымдарына  “Партия  ұйымдарының  бұқара  арасындағы  саяси 
жұмысын  күшейту  және  жау  элементтердің  антисоветтік  бас  көтеруіне 
тыйым  салу  жөнінде”  арнаулы  жабық  хат  жолдады.  Сөйтіп,  тұтқындау 
науқанының  жаңа  кезеңі  басталды.  Саяси  тұрғыда  басқаша  ойлаушылар 
қоғамның  қайшылықтарын  ашық  айтқандары  үшін  қудаланды.  Бір  ғана 
мысал,  1956  жылы  белгілі  тарихшы  Э.Н.Бурджалов  “1917  жылғы  наурыз-
сәуір  айларындағы  большевиктердің  тактикасы”  аты  мақаласы  үшін 
қызметтен  алынып,  қудаланды.  Ал,  1957  жылдың  3  айында  ғана  “Советтік 
шындықты  бұрмалағаны  үшін”  және  өткенді  қайта  қарағаны  үшін  100-ден 

астам  адам  тұтқындалды.  Мұндай  келеңсіздіктер  60-шы  жылдары  да  қоғам 
өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия 
тарапынан  тыйым  салынды.  1960  жылы  Қазақстан  жазушылар  одағы 
республика  компартиясының  төрағасына  С.Торайғыровтың  творчествосын 
қайта  қарау  туралы  ұсыныс  жіберді.  Екінші  жіберілген  хатта  Шәкәрім 
творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика 
компартиясы  1961  жылы  Қазақстан  жазушылар  одағының  қызметін 
қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. 
Осы  жылдары,  керісінше,  орыс  тілінің  рөлін  ұлтаралық  тіл  ретінде  көтеру 
мәселесі өте маңызды болды.  
Коммунистік 
идеологияны 
басшылыққа 
алған 
Н.С.Хрущев 
республиканың  барлық  өміріне  тікелей  араласты.  Қазақстанның  оңтүстік 
аудандары  Өзбекстанға  берілді.  Тың  өлкесінде  6  облыстың  өлкелік  партия 
комитеті  біріктіріліп,  тікелей  Мәскеуге  бағындырылды.  Ақмола  – 
Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. 
Ұлт  саясатындағы  бұрмалаушылықтар  халық  арасында,  әсіресе, 
зиялылар мен  жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе 
оларды  барынша  жасырып,  бүркемеледі.  Осылайша,  Теміртаудағы  толқу 
кезінде  тәртіпсіздіктің  салдары  ретінде  бағаланды.  1963  жылы  Мәскеуде 
оқитын  қазақ  жастарының  бір  тобы  Б.Тайжанов,  С.Ақатаев,  М.Тәтімов, 
М.Ауэзов  бас  болып  “Жас  тұлпар”  атты  ұйым  құрды.  Мақсаты  –  қазақ 
жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, 
Киевте,  Алматыда,  Одессада,  Ригада,  Павлодарда,  Қарағандыда,  Ақмолада, 
Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды. 
Қазақстанды  орталықтан  басқару  ұлттық  егемендікті  толығымен 
шектеді.  Әсіресе,  экономиканың  әскери  сұранысқа  сай  бейімделуі  қоғамға 
теріс  ықпалын  тигізді.  1949  жылы  29  тамызда  Семей,  Павлодар  және 
Қарағанды  облыстарында  салынған  ядролық  сынақ  полигоны  орны  толмас 
адам  өмірі  мен  экологиялық  және  қаржылық    шығын  әкелді.  1963  жылға  
дейін  полигонда  ашық  ауада  113  жарылыс  жасалса,  1964  жылы  жер  астына 
көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.  
Н.С.Хрущев  мемлекеттің  “коммунизмге  өтуіне  байланысты”  жаңа 
Конституцияның  жобасын  жасауды    ұсынғаннан  кейін,  1961  жылы 
Конституциялық  комиссия  құрылады.  Бұл  комиссияның  жобалары  1977 
жылы  КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.  
Сол  жылдардағы  конституциялық  заңдарда  жазылған  демократия 
талаптары  із  жүзінде  жүзеге  аспады.    ҚазКСР  Жоғарғы  Кеңесі  КСРО 
Кеңесіне  бағынды.  Сонымен  бірге  Жоғарғы  Кеңес  тек  бір  палатадан  тұрды, 
яғни  балама  болмады.  Конституцияда  тәуелсіз  деп  көрсетілгенімен,  құқық 
қорғау,  прокуратура  органдары  да  орталыққа  бағынды.  Ал  биліктің 
тармақтары:  заң  шығару,  атқару,  сот-тергеу,  прокуратура  Коммунистік 
партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын  орындап отырған. Ешбір кеңестік 
заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе 
билік  құрды.  Депутаттарды  сайлау  науқандары  да  демократиядан  мүлдем 
алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 

5  –  8  мың  адамнан  –  біреу,  аудандық  кеңеске  1000  адамнан  –  1  таңдау 
негізінде  жүргізілді.  Дауыс  берушілер  іс  жүзінде  депутаттарды  көрмеді, 
білмеді.  Дауыс  беру  тек  сөз  жүзінде  жүргізілді.  Депутаттарды  халық 
таңдамады,  жергілікті  әкімшілік  органдар  “тағайындады”.  Сайлаған 
депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін 
атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. 
Саяси  қателікке  толы  Хрущев  қызметінің  соңы  1964  жылдың  қазан 
айында  аяқталды.  КОКП-ның  Орталық  Комитетінің  Пленумында  1-хатшы 
қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып 
А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан  КП ОК 1- хатшысы 
болып Д.А. Қонаев сайланды. 
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған 
жерлерді  игеру  науқаны  3  кезеңнен  тұрады:  1)  1954-1955  жж.  2)  1956-1958 
жж.  3)  1959-1965  жж.  Тың  игеру  жылдарында  негізінен  солтүстік 
обылыстарда  жүздеген  совхоз  орталықтары  салынды.  Әміршіл-әкімшіл 
басшылыққа  совхоздар  тиімді  болғандықтан,  тың  игерудің  алғашқы 
жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай 
олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар 
совхоздарға,  МТС-тар  жөндеу  станцияларына  айналдыра  бастады.  Тың 
игерудің  тек  алғашқы  кезеңінде  республикаға  өзге  республикалардан  640 
мың  адам    көшіріліп  әкелініп,    Қазақстанда  18  млн.  га.  тың  жер,  немесе 
бұрынғы  Одақтағы  жыртылған  жерлердің  60,6%  игеріліп,  республикадағы 
егістік  көлемі  22,4  млн.  гектарға  жетті.  Осының  арқасында  1956  жылы 
Қазақстан  алғаш  рет  миллиард  пұт  астық  алып,  Ленин  орденімен 
марапатталды.  Қазақстанның  әр  азаматына  өндірілетін  астық  2  мың    кг. 
жетті.  Оның  үстінде  тың  астығы  сапалы  болғандықтан  негізінен  экспортқа 
шығарыла бастады. 
Орталық  басшылық  1956  жылдың  ақпан  айында  өткен  КОКП-ның  ХХ 
съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру 
міндетін  қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда 
жыртылған  тың  және  тыңайған  жер  көлемі  25  млн.  гектарға  жетті.  Бірақта 
тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете 
алмады. Өйткені, жаңадан игерілген тың жерлер 60-шы жылдардың ортасына 
қарай өз мүмкіндіктерін  сарқи бастаған болатын, осының салдарынан әрбір 
гектардан  жоспарланған  14-15  ц.  астық  орнына  1954-1958  жылдары  7,4  ц. 
жиналса,  1961-1964  жылдары  –  6,1  ц.,  ал  1964  жылы  –  3,1  ц.  ғана  астық 
алынды.  Осы  кезден  бастап  еліміз  АҚШ,  Канада,  Аргентина,  Франциядан 
астық сатып алуға кіріседі. 
Қазіргі  таңда  экономистер  тың  және  тыңайған  жерлерді  игермей-ақ, 
астық  өндіру  кезіндегі  астықты    аудандардағы  әр  гектардан  1  ц.  өсірсе,  бұл 
тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,- деген пікірде. Оның үстіне тың 
игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды 
одан әрі күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Европалық бөлігі үшін 
де,  Қазақстан  үшін  де  тиімсіз  сипатта  болды.  Өйткені,  сол  кездің  өзінде-ақ 
Одақтың  европалық  бөлігінде  жылдан  жылға  селолық  жерлерде  тұрғындар 

саны  азайып,  ал  біздің  республикамызда  керісінше,  өсіп  отырған  болатын. 
Осы  ерекшеліктер  ескерілмей,  онсызда  саны  кеміп  отырған  европалық 
аудандардан  тек  1954-1962  жылдары  ғана  Қазақстанға  2  млн.  астам  адам 
көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның 
және  т.б.  республикалардың  бірқатар  аудандарында  мыңдаған  селолар  бос 
қалды.  Екінші  жағынан  20-30-шы  жылдары  жергілікті  тұрғындарға  қарсы 
бағытталған  қуғын-сүргін  салдарынан  күрт  кеміген  қазақ  халқы,  енді 
тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша алатын 
үлесі 30%-ке  дейін төмендеп кетті. 
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік 
саласына  да  үлкен  зиян  алып  келді.  Қазақ  тіліндегі  мектептер  саны  700-ге 
кеміп,  қазақ  тілінде  шығарылатын  әдебиеттердің,  баспасөздің  саны  күрт 
төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық 
санаға шек қойылды.  
Тарихта  бұрын  болып  көрмеген  көлемді  жерді  жырту  орны  толмас 
экологиялық  апаттарға,  мал  жайылымының  күрт  қысқаруына  алып  келді. 
Тың  игерудің  алғашқы  жылдарында  жердің  құнарлы  бет  қыртысы  (гомусы) 
шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияға 
ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем 
дегенде  2-3  ғасыр  уақыт  керек  еді.  Жайылым  азаюы    салдарынан  ұсақ  мал 
өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы 
– 1158 мыңға дейін, ал түйе  1928 жылғы санынан 8 есе кеміді. 
60-шы жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап,  
өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз 
мүмкіндіктерін 
сарқыды, 
колхозшылар 
мен 
ауыл 
шаруашылығы 
еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен болғандықтан еңбекке ынтасы 
болмады.  Сонымен  бірге  ауыл  шаруашылығы  өз  деңгейінде  қаржыланбады, 
ауыл шаруашылығы өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мәдениетін, 
топырақ  құнарлығын  көтеру,  сумен    қамтамасыз  ету  дұрыс  жолға 
қойылмады. Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, 
климаттық ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді.  
Тың  игеру  барысында  орын  алып  отырған  кемшіліктердің  бірқатары 
КОКП  ОК  1965  жылдың  наурыз,  1966  ж.  мамыр  пленумдарында  ашылып, 
оларды жоюдың шаралары белгіленді. Ауыл шаруалышығының берік негізін 
жасау,  жоспарлауды  жақсарту,  колхоздар  мен  совхоздарда  шаруашылық 
есепті  енгізу,  еңбектің  материалдық  және  моральдік  қызығушылығын 
ұштастыру міндеттері қойылды. Егістіктің зоналық тиімді пайдалану жүйесі, 
тың өндіруге бейімделген техникалар  ендіріле бастады. 1966-1970 жылдары 
республика  ауыл  шаруашылығын  дамытуға  5,5  млрд.  сом  қаржы  бөлінді. 
Осының  арқасында  8-ші  бесжылдықта  ауыл  шаруашылық  өнімі  54%  өсіп, 
Қазақстан  Кеңестер  Одағының  өзіндік  ерекше  ауыл  шаруашылық  ауданына 
айналды.  Оның  үлесіне  Одақтағы  ауыл  шаруашылығы  өнімінің  11%  тиді. 
Мемлекеттік  қорға республикадан әрбір 4-ші тонна жүн, 12-ші тонна ет және 
5-ші тонна астық түсті. 

50-ші жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның 
индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның ХХ 
съезінде  қабылданған  халық  шаруашылығын  дамытудың  6-шы  бесжылдық, 
1959  жылы  ХХІ  съезде  қабылданған  1959-1965  жылдарға  арналған 
жетіжылдық  және  1966  ж.  XXІІІ  съезде  қабылданған  8-ші  бесжылдық 
жоспарлармен  белгіленді.  60-шы  жылдардың  өзінде  ғана  700-дей  кәсіпорын 
қатарға  қосылды.  Оның  ішінде  Жезқазған  байыту  комбинаты,  Өскемен  су-
электр  станциясы,  Бұқтырма  су-электр  станциясының  бірінші  кезегі, 
Қарағанды  2-жылу  электр  станциясы,  Соколов-Сарыбай  кен  байыту 
комбинаты,  Павлодар  трактор  зауыты,  Алматы  мақта-мата  комбинаты, 
Жамбыл  былғары  аяқ-киім  комбинаты  және  т.б.  болды.  “Қазақсельмаш” 
зауыты 
ауылшаруашылық 
машиналары 
бөлшектерін 
шығаруға 
мамандандырылып,  егін  шаруашылығы  мен  мал  шаруашылығындағы 
жұмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз ететін жаңа машиналар 
мен жабдықтар шығара бастады.  
  
Сталин  қайтыс  болғаннан  кейін  Хрушев  тұсында  «қырғи-қабақ  соғыс” 
өршіп, жеңіл және тамақ өндіріс салаларына тежеу жасалынып, шикізат пен 
отын  өндірілетін  салалар  жедел  қарқынмен  дамығандықтан,  халықтың 
материалдық  жағдайы  төмен  қалпында  қала  берді.  Республикада  200-дей 
жаңа өндіріс орындары салынды.  
Қазақстаннан  орталыққа  шикізат  жіберу  үшін  темір  жол  құрылысы  
жедел  қарқынмен  дамып,  1953  жылы  Мойынты  –  Шу  темір  жол  торабы 
пайдалануға  берілді.  Сібір,  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Орта  Азияны 
байланыстарған  Павлодар  темір  жолы  ашылды.  Ал  Қазақстанның  мұнайлы 
аудандарын  игеруге  байланысты  Батыс  Қазақстанда  Мақат-Ақтау,  Ақтау-
Жетібай-Өзен,  Атырау-Астрахань,  Бейнеу-Қоңырат  секілді  темір  жол 
жүйелері  салынды.  Халық  шаруашылығын  дамытуда  темір  жол 
транспортымен  бірге  республикада  автомобиль,  құбыр,  әуе,  су  жолдары  да 
негізгі  рөл  атқарды.  Алматыда,  Қостанайда,  Павлодарда,  Ақтөбеде  жаңа  ірі 
автомобиль  жөндеу  зауыттары  қайта  құрылды.  Республикада  60-шы 
жылдары  құбыр  транспорты  Маңғыстау  түбегінің  мұнай  байлығын  игеруге 
байланысты  Өзен-Жетібай-Шевченко,  Өзен-Атырау-Куйбышев  мұнай 
құбырлары  іске  қосылды.  Транспорттағы  бұл  нәтижелерге  қарамастан 
Қазақстанда  сол  уақытта  жол  қатынасымен  қамтылудың  жеткіліксіздігі 
байқалды. 
Өнеркәсіптегі  прогресс  Қазақстандағы  индустрия  саласында  жұмысшы 
табының өсуіне мүмкіндік жасады. 1970 жылы 3,4 млн. жұмысшы болды, бұл 
1940  жылдан  5  есе  көп  еді.  Жұмысшы  табы  ірі  кәсіпорындарда  көптеп 
шоғырланды.  Мысалы,  Қарағанды  металлургия  және  Ащысай  полиметалл 
комбинаттары    жұмысшылардың  көп  шоғырланған  ортасы  болды.  Бірақта 
экономикалық  реформалардың  сәтсіздігі  қоғамның  әлеуметтік  құрамына 
және тұрмыс жағдайына өз әсерін тигізді. Жергілікті ұлт өкілдерінен маман 
жұмысшы    кадрларын  даярлауға  қамқорлық  жасалмағандықтан,  1957-1973 
жылдар жұмысшылар арасында қазақтардың алатын үлесі 17,4%-тен, 11,7%-

ке  дейін  төмендеді.  1970  жылдың  басында  қазақтар  тек  мұнай  және  газ 
саласында ғана басым болды. 
Осыған  қарамастан  республикада  машина  жасау  жеткіліксіз  қарқынмен 
дамыды, өнеркәсіп өндірісінде оның үлес салмағы 1961 жылы  - 10,4%, 1970 
жылы  –  10,6%  дейін  ғана  өсті.  Республиканың  машина,  құрал-жабдықтар 
жөніндегі  құрамының  72%  басқа  республикалардан  әкелу  арқылы  шешілді. 
Республика өндірісінің дамуы негізінен шаруашылық айналымға шикізаттың 
жаңа көздерін қосу арқылы қамтамасыз етіліп, өнеркәсіптің шығарушы  және 
өңдеуші салалары арасындағы алшақтық тереңдей түсті.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет