талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасы беріледі
Кілт сөздер: принциптер, тұжырымдама, пәні мен нысаны
Дәріс жоспары:
5. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі.
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал
деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу
әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс - әрекеттердің түзілу
принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы
зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері,
зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің
шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика
әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер
топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады.
Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не
прескриптвтік.
Достарыңызбен бөлісу: