Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Түсіндірме жазба


«Сауат ашу» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата14.10.2022
өлшемі56,6 Kb.
#43080
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
«Сауат ашу» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

2. «Сауат ашу» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

19. «Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмыс интеграциялау арқылы жүзеге асады.


20. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
21. «Сауат ашу» пәні оқушылардың:
1) қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;
2) оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;
3) айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
4) жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.
22. «Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
23. Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:
1) қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;
2) әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;
3) оқу дағдысы (дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
4) тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;
5) кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
6) қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;
7) сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
8) сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
9) ана тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
10) коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
11) алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;
12) оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
24. «Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді:
1) оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады. «Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет