Бағдарламасы өтілетін орны: Мектеп ауласындағы арнайы әзірленген алаң


Жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры



бет6/7
Дата20.04.2023
өлшемі32,53 Kb.
#84816
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Жүргізуші:
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Искакова Шарабал Рысчанқызына сөз береміз
/Құттықтау сөз/


Жүргізуші:
Мектептен түсінеміз өмір ауылын,
Білімнің қарсы тұрар жолына кім.
Қол соғып сыңғырлатып алайықшы,
Дауысын сағынғанда қоңыраудың
Құрметті ұстаздар, шәкірттер сіздерді білім күндеріңізбен құттықтай отырып, алғашқы қоңырау соғу құрметі 1-сыныпты алғаш аттағалы тұрған шәкірттеріміз Сайрамғали Аяулым, Мирланұлы Миржан, Қапсемет Нұрасыл, Қабимұрат Ақнұрға беріледі. /күміс қоңырау соғылады/


Жиынды аяқтау. ҚР гимні орындалады.


Жүргізуші:
1-сынып оқушыларын мектеп ұстаздары құрметтеп алғашқы парталарына отырғызуларын сұраймын./Сынып кабинетіне апарып отырғызады/


Жүргізуші:
1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп рахмет.
Қайнар ауылы Қайнар орта мектебі
Бұйрық № 189

24.08.21 жыл.


1-қыркүйек Білім күніне арналған
іс-шаралар өткізу туралы

Аудандық білім бөлімінің 24.08.21 жылғы № 286-Ө бұйрығы негізінде



БҰЙЫРАМЫН:


  1. 2021-2022 оқу жылының басталуына байланысты 1-қыркүйек Білім күнінің салтанатты жиын өткізілсін.

  2. "Кел,балалар, оқылық!" тақырыбында білім беру сабағы өткізілсін.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға:



  1. 1-қыркүйек "Білім күніне "арналған іс-шаралардың жоспары бекітіліп, таныстырылсын.

  2. Салтанатты жиынды өткізу тәртібі, сценарий білім бөліміне 27 тамызға дейін өткізілсін.

  3. Мерекелік іс-шаралар кезінде балалардың өмірі,денсаулық қауіпсіздігі және жалпы мектепішілік тәртіпке байланысты кезекшілік ұйымдастырылып,бақылауға алынсын. .

  4. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналары тарапынан түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, рейд жұмыстары жүргізілсін.




  1. Атқарылған іс-шаралар туралы қорытынды ақпарат аудандық білім бөліміне берілсін.

  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мен басшылыққа алу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Т.З.Байтановаға жүктелсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет