Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


тақырып. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы



бет46/65
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#11659
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
Байланысты:
6e3e7f26-36ef-11e3-a987-f6d299da70eeУМК Пед САтиева

14тақырып. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы

1.Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)

2.Сабақты психологиялық талдауының схемасы

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. «Сабақты психологиялық талдау» терминінің «сабақты педагогикалық (дидактикалық, әдісқойлық) талдау» терминдерінен мәндік айырмашылығы неде?

2.Осы талдаудың негізгі психологиялық механизмі не болады?

3. сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейінің арасындағы айырмашылық қандай?

4. Сабақты психологиялық талдау схемасы не үшін керек?

Әдебиет:

1.Добрынин Н.Ф. Психологический анализ урока//Учен.Зап.МГПИ им.В.П.Потемкина.М.,1952.Т.17.

2. Зимняя И.А.,Ильинская Е.С. Психологический анализ урока иностранного языка// Ин.яз.в школе.1984.№ 3.

3. Иванов С.В. Анализ урока. Воронеж,1975.

4.Кузьмина Н.В.Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения. М.,1989.

5.Львова Ю.Л.Как рождается урок. М.,1976.

6.Охитина Л.Т. Психологические основы урока. М.,1977.


  1. Мұғалімнің жұмысындағы сабақтың психологиялық анализі

Психологиялық анализдің жалпы міндеттемесі.

Педагогикалық жұмыс әртүрлі формада жасалуы мүмкін, соның ішінде – сабақ негізгі ұйымдастырылуы бірлік, сол кезде мұғаліммен оқушының бірлескен жұмысы жүргізіледі. Сабақты талдауға қатысты көптеген психологиялық, педагогикалық және әдістемелік өте көп еңбектер шыққан (Т.Ю.Андрющенко, Н.Ф.Добрынин, В.С.Иванов, Е.С.Ильинская, И.В.Карпов, Ю.Л.Львова, Л.Т.Охитина, Е.И. Пассов және т.б.).

Зерттеушілер сабақты талдаудың көптеген объективті жақтары бар екенін мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынастың барлық жақтарын есепке алып отыруының өте маңызды екенін айтады.

Сабақты мұғалімнің тұрғысынан қарасақ, психологиялық талдау оның өзінің педагогикалық еңбегінің артуына жәрдемдеседі және мұғалімнің проективті және рефлексивті біліктілігін арттырады. Қандай да сабақты талдаудың нәтижесінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік бағыттардың өзара тығыз байланысты екенінен келіп шығады. Осылардың бір бағытын жеке алып қарау шартты түрде болады.

Сабақты талдау сабақты жүргізуді жақсартумен қатар, мұғалімнің өзінің білімінің артуымен қатар білімінің дамуында маңызды процесі мен қорытындысында мұғалім өзінің сабағына сырттай қарап оны талдай алады және ойша бағалай алады.

Сабақты психолоиялық талдау мұғалімге өзінің теориялық білімін жұыстың әдістерімен тәсілдерін ойлауға, оқытуда және сыныппен бірге жұмыс істеуде пайдалануға негіз болады.Өзін педагогикалық жұмыстың субъектісі ретінде өзін-өзі ұстау және өзінің әлді және әлсіз жақтарын сезінуі жатады. Сабақтың психологиялық анализінің көлемі көп жақты болады: бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері (оның жеке басының, белгілі бір сабақтағы жұмысы), оқыту үрдісінің заңдылықтары оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, олардың жеке басының заңдылықтары бүкіл сыныптың ерекшелігі (олардың сабақты түсінудегі біліктілігі мен үйрену деңгейі). Бұл дегеніміз психологиялық ерекшеліктер, мұғалім мен оқушылардың арасындағы арым-қатынас заңдылықтары, белгілі бір сабақты оқушылардың түсініп, қабылдау заңдылықтары және т.б. (Н.Ф.Добринин) [70]. Сабақты психологиялық талдау мұғалімнің аналитикалық, жобалық біліктілігін арттыра отырып оның білуге қызығушылығын арттырады, оқыту мен тәрбиелеу психологиялық өзекті мәселелерді өз бетімен анықтауға үйретеді. Күрделі педагогикалық жайттарды анализдеу және психологиялық бақылау жүргізуді үйрету, дұрыс және психологиялық негізделген қорытынды жасау – мұғалімнің педагогикалық мамандығын арттыруда сенімді нәрсе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет