Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Жаңа педагогикалық технологиялар



бет12/65
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#11659
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
6e3e7f26-36ef-11e3-a987-f6d299da70eeУМК Пед САтиева

Жаңа педагогикалық технологиялар
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып, орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде;

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу;

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері « педагогикалық технология» терминін енгізді. « Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (В.Беспалько).

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагокикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын-ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту / тірек сигналдарын пайдалану арқылы/, Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модулдік технологиясы мен В.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.Занков, Д.Эльконин, В.Даыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады.



  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі.

  3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.

Л.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін-өзі емін-еркін сезінеді, оның

әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады.

Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасында жаңаша қарым- қатынастың

іргесі қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес

оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д.Эльконин мен В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның

субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-

танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша

әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан

танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік

жүйенің басқа бөліктерінің де / мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының/

өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін

төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.


  1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап

етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту

әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі»

деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз

байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен

білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.


  1. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері- оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат- оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталдылығы, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  2. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдаоы оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:



  • қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

  • әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

  • оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

  • параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

  • мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б .

Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді / мұғалімнің қалауы бойынша/ төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет