Бағдарламасы «Педагогикалық психология»



бет11/65
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#11659
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
Байланысты:
6e3e7f26-36ef-11e3-a987-f6d299da70eeУМК Пед САтиева

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Ш.Таубаева мен К.Құдайбергенова берген анықтама бойынша «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже- жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. ХVII ғасырда Я.Коменскийдің жасаған сабақ жүйесі, А.Макаренко және В.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері, С.Лысенкованыңоза отырып оқыту әдістері, М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясы, т.б жаңалықтары, ой-идеялары қазірде қолдануға тиімді болып отыр.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдау жасасақ бұл ұғымның түп-төркінін белгілі бір уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтуға болады. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып инновцияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселелерін қарастырады. Н.Апатова, М.Поташник, В.Ляудис, т.б ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабылеттілігіне ерекше көңіл бөледі. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті- енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы- мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептеуге болады. Білімнің ағартушылық жүйесінде нысанның динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл мұғалім арасында қарама-қайшылық туындатады.

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Қысқасы, еліміздегі атаулы мектептерде / лицей, гимназия, т.б/ жекелеген инновациялық ізденістер бар болғанымен ғылыми негізде жүйеге түспеген. Олай дегеніміз, көптеген жерлерде жаңашылдықтың атын өзгерту, яғни педагогикалық қызметтің берілу мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан оның негізгі ішкі мәнінің ашылмауы көрініс тауып отыр, Ал инновация дегеніміз: белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс емес пе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет