Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Сабақтың психологиялық анализінің түрі



бет47/65
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#11659
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
6e3e7f26-36ef-11e3-a987-f6d299da70eeУМК Пед САтиева

Сабақтың психологиялық анализінің түрі.
Сабақты психологиялық анализдеудің негізгі мінездемелік түрі адамның ойлау процесіндегі екі негізгі процесінің біреуін пайдалануға негізделеді. С.Л.Рубинштейннің айтуы бойынша «анализ дегеніміз- заттарды, құбылыстарды ойша жеке-жеке тарату, олардың элементтерінің құрама бөліктерін, сәттерін анықтау, талдау арқылы құбылыстардың көзге көрінбейтін қатынастарын бөліп шығара аламыз. [194 т. 1, б 377-378].

Анализ түрлері жан-жақты болады. Оның толық түріне анализдің синтез арқылы жасалуы онда «синтез анализдің бөліктеріне біріктіріледі» [194т. 1,б 378].

Мұғалім сабақта берілетін материалға байланысты әр оқушымен, сыныппен қарым-қатынасқа түседі. Осыған байланысты мұғалім оқу пәніне байланысты қарым-қатынаста оқушыларға әр кезде жаңа санамен қасиеттерде көрінеді: мұғалім қызықты әңгімелесуші, зерттеуші (балалармен бірге сабақтың міндеттерін шешеді), орындаушы (мектепке дейінгі балаларға және төменгі сынып оқушыларына өлең айтады) ретінде көрінеді. Жаңа қарым-қатынастарға байланысты ол сабақта өзінің барлық қырынан көрінеді, пән жағынан интеллектуалды қызметтік мінез құлық жағынан да көрінеді.

Сабақтың психологиялық «компоненттері» психологиялық анализге, бәрінен бұрын мұғалім мен оқушы ортақ нәрсеге біріктіретін пән (бірігіп жұмыс жасау, жалпы қарым-қатынас) жатады. Сабақ дегеніміз - өзінің құрамында толық жүйеге жатпайтындықтан, олар бір-біріне қатысты, бір-бірінен бөлек бола алмайды, олар бөліне алуы және бірімен-бірі байланыстырылуы мүмкін. Сонымен сабақтың психологиялық анализін талдауды синтез арқылы елестетуге болады. Талдауға жататын объектіні зерттеген кезде адам оның жаңа бір әлі белгісіз қырларын байқай алады. Егер адам өздігінен осындай қарым-қатынастарды өзі зерттемесе ол осы қарым-қатынасарды ашатын жаңа сапа мен қасиеттерді байқай алмайды (А.В.Брушлинский).

Сабақтың синтез арқылы анализдену түрі,сабақтардың құрамының алуан түрлі қарым –қатынастағы компоненттері , мұғалімді оқытудың күрделі психологиялық сәттерін терең білуге көмектеседі.

Сабақты талдау көбіне отандық психологиялық мектептің негізгі принципін дамыта және тәрбиелей отырып, оқытумен байланыстырыла жүргізеді. Мысал ретінде сабақты талдаудың П.Т.Охитина көрсеткен мысалына жүгінсек,



  1. «Сабақ сабақты өткізу үшін ғана емес, ол оқушының жеке басына әсер ету үшін тек қана қажетті бағдарламаларды өту үшін ғана емес, сонымен қатар осы оқыту барысында балаларға белгілі интеллектуалдық моральді, жігерлілік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

  2. Қандай да бір сабақтың ортақ компоненті - оқушылардың білімге деген ынтасын ұйымдастыру білімнің негізгі үрдісінде ойлау мен еліктеудің мәні зор. Аналитикалық-синтетикалық қызметтің қатысуы барысында білімнің интеллектуалдық біліктілігін және өзекті мәселелерді зерттеуде шығармашылық шешім қалыптасады.

5. Оқытудың жетістігі тек қана сыртқы факторларға, сонымен қатар әдістемені жетілдіруге, мұғалімнің жеке шеберлігіне және оқушылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады

[159, б 82-83].

Келтірілген мысалдар дамыта отырып оқытуды ғана емес, балалардың жеке бас ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын қуаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет