Бағдарламасы «Педагогикалық психология»



бет42/65
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#22104
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларда соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П. Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Сондықтан да біз өз зерттеуімізде автордың пікіріне қосыла, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс – тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады.

Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л. Лернердің, А.Н. Луктың, В.И. Андреевтің, А.Л. Яколевтің,

Д.Б. Богоявленскаяның еңбектері. Біздің ойымызша, осы аталған еңбектердің ішінде И.Л. Лернер мен А.Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударарлық.

А.Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:


  1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);

  2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл - күй);

  3. ақыл – ой қабілеттері.

Біздің пікірімізше, А.Н. Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіре аламыз

  1. оқушы кез келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс - әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.

  2. Көңіл – күй – бұл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады.Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың осы бағыттағы іс-әрікетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер ететіні белгілі.

  3. Кез келген іс-әрікетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін алдымен осы ақыл – ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.

Я.А. Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы – шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттенусіз іске аспайтыны анық. Сондай – ақ адамның «ойша» әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б. – бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.

Біріншіден, адам, «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады;

Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, негізгі оқу іс - әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай – ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықталуына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.

В.В. Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады».

Оқу іс - әрекетінде қажетті бақылау, өзін - өзі бақылау, сондай – ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға қолайлы жағдай туғызады.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың шығармашылық әлеуеті әсіресе, ән – күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.

Сондықтан да біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық қабілетерін біз компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды (үйрету, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет