Пәннің мақсаты мен міндеттері оқу орындарындағы кәсіби-педагогикалық әдістерді қолданып, өсекелең ұрпақтың дене тәрбиесі дағдыларын дамыту арқылы студенттерге шахматтан теориялық білім беру.
студенттердің шахматтан сабақтарға тұрақты қызығушылығын ояту;
спорттық шеберлікке жету танымына деген мотивацияны дамыту;
шахмат ойнауға үйрету арқылы шығармашылық әлеуетті дамытуға жағдай туғызу;
маңызды жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу (шыдамдылық, табандылық, еңбексүйгіштік, мақсатшылдық, жеңіске деген ұмтылыс, эмоциялық беріктік);
түрлі жарыстарды ұйымдастырып, өткізу әдістерін үйрену.
Студенттер қатарынан раздядшы-шахматшыларды дайындау
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы): ShOT P 2209 БП ЖК/ Арнайы әдістемелік бағдарлама бойынша шахматтан теориялық білім беру, түрлі оқу орындарында шахматтан сабақ жүргізудің түрлі әдістерін зерттеу арқылы кәсіби педагогтар дайындау. Студенттерді өз дағдыларын ойын жағдайларында әдіс айла мен тактикаларды қолданып, спорттық шеберлікке жету үшін қолдануға үйрету.
Түрлі жарыстар ұйымдастырып, өткізу әдістерін қолдану.
Типтік бағдарлама қажетті теориялық білімдерді, ерікті және кәсіби-педагогикалық әдістерді, жалпы білім беретін және спорттық шараларға қажетті спорттық ойындарды қамтамасыз етеді.
Оқыту барысында студенттер оқыту және педагогика әдістерін қолданып шахматтан түрлі турнирлер өткізуге, спорттық жарыстарда қазыларды және үстел үстілік ойындарға оқыту әдістемелерін қалыптастыруға қатысатын болады.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:. Кәсіби шеберлікті игеру. Шахмат ойынының әдістерін; жарыстардың ережелерін білетін болады.
«Шахмат» пәнін білу білімалушыларға шахматты оқыту техникасын игеруге мүмкіндік береді. Шахмат пәнінің өзі спорттық шеберлік түрінің бірі болып табылады және барлық дене шынықтыру деңгейлерінде пайдаланылады. Студенттер нақты техникалық және тактикалық дайындық алады, ойынның техникалық элементтерін зерттейді және жалпы білім беретін мектептердегі болашақ мұғалімнің тактикалық мінез-құлқымен танысады.
Студенттер базалық құжаттарды оқитын болады, төрешілік пен арбитраж әдістері мен ойын ережелерін, сыныпта және практикалық сабақтарда жоспарлау құжаттарын жазу, сабақтардың жоспарларын ұйымдастыру, шахмат жарыстарын ұйымдастырып, өткізуге үйретіледі.
Техникалық және тактикалық оқытуды дайындау процесінде келесі міндеттер шешіледі:
- техникалық және тактикалық оқытуды дамыту және кеңейту;
- спортпен айналысудың заманауи түрлерін білу және оларды түрлі жағдайларда пайдалана алу;
- түрлі ұстанымдарды үйлестіруге арналған әдістерді қолдану мүмкіндігі;
- ойынның күрделі ұстанымдарын игеру және оларды түрлі жағдайларда тиімді пайдалану;
- оқушыларды оқыту, бағдар беру, өнертабыстық, шығармашылық құлшыныс;
- дербес және әріптестік өзара іс-қимылдарды игеру.
Сонымен бірге студенттер балалар, жасөсіпірмдер мен ересек спортшылардың педагогикалық машықтарын игереді (түрлі дайындық деңгейлері), спорт жарыстарын ұйымдастыруда құзыреттілігін арттырады және оқыту мен дайындау әдістерін, тактикасы мен әдістемесін оқиды.