Бағдарламасы «Сөйлеу шеберлігі»



бет3/5
Дата28.01.2023
өлшемі34,82 Kb.
#63467
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
КТП Жанарға для журнал

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу мен қазақ тілі
Қолданбалы курсында жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану, сөздердің маңызын айқындау;
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде сөз мағыналары, сөйлем, мәтіндермен жұмыс істеу;
3. Сөздердің дұрыс жазылып, мағыналарын танып, бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;
4. Деңгейлік тапсырмалар орындау;
Қорытындылау: оқушылардың білімі әр модулді өткен сайын тест, жазба жұмыстары арқылы бағаланады.
Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені білу керек:
-сөз және олардың мағыналарын;
- қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді;
- білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
- талдау машығының жоғары болуы
- орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
- салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйрену керек:
- тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
- грамматикалық ережелер негізінде сөз және мәтіндермен жұмыс істеу;
- сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру
- деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;
ББД деңгейін тексеру:
1. Өзіндік жұмыс
2. Тест жұмыстары
3. Талдау жұмыстары
4. Жазба жұмысы
Оқу-әдістемелік кешендер:
1. Дидактикалық материалдар
2. Фразеологиялық сөздік, мақал-мәтелдер жинағы, қанатты сөздер жинағы.
3. Электронды оқулықтар
Күтілетін нәтижелері:
- сөздердің мағынасын біледі;
- тұрақты тіркестерді игереді;
- нақыл сөздерді жаттайды;
- салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгереді, тілдік және әдеби білімдерінің толығады;
- практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алады;
- сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет