Бағдарламасы «Сөйлеу шеберлігі»



бет2/5
Дата28.01.2023
өлшемі34,82 Kb.
#63467
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
III модуль. Сөз маржаны
Сөз өрнектері (метафора, кейіптеу, эпитет). Сөздегі әзіл, оның орны. Сөз мақсаты мен авторлық көзқарасты айқындау сөйлеуге даярлық кезеңдері ретінде. Сөйлеуге қажетті материал жинақтап, оны өңдеу. Этикет, оның сөйлеу үшін маңызы. Мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді көрнекі құралдар арқылы көрсету, олардың мағыналары, туындауы. Көркем шығарма үзінділерін талдау. Соларға ұқсас мәтіндер құруды жетілдіреді.
IV модуль. Сөз құдіреті
Сөз сөйлеудің түрлі әдістері: оқу, ішінара оқу, жатталған сөзді сөйлеу. Сөйлеуші мінез-құлқын бағалау. Тұрақты тіркестердің тізбегі. Өзіндік сөз мәтінін даярлау. Өз бетімен дайындалып, сөйлеу секілді тақырыптармен танысып, практикалық жұмыстар орындайды.
КІРІСПЕ

Сөз қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интеллектуалдық деңгейін биіктетеді. «Сөйлеу шеберлігі» курсында практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі сөздің мағынасын түсініп, сауатты жазып, орынды қолдана білуі мен өздігінен жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді жетік түсінбеген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасап, сөздердің мағынасын жетік аша білуге дағдыландырып, оқушыларды қалалық олимпиадаға дайындау.


«Сөйлеу шеберлігі» курсының мақсаты - ана тіліндегі сөздердің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
-оқушылардың дыбыстық талдау (фонетикалық),сөз құрамына (морфологиялық), сөз мағынасын (лексикалық) және сөз тіркесі мен сөйлем мүшелеріне (синтаксистік) машықтары мен дағдыларын дамыту, жүйелеу;
-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген, сөз маржанын ұға білетін ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 144 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты жазба жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кеңесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /лексика, фонетика/, С.Мырзабековтың "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі", А. Ысқақовтың "Қазіргі қазақ тілі" /морфология/, М.Балақаев пен Т. Қордабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /синтаксис/ атты еңбектері пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет