Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Бекіту сҧрақтары
1.
Мәдениет туралы түсінігіңіз 
2.
Түркі жазуы деген не? 
3.
Соғды жазуын білесіз бе? 
4.
«Пәниден бақиға дейін» дегенді қалай түсінесіз? 
5.
Салт, дәстүр, наным, әдет, ғұрыпты түсәндәрәп беріңіз. 
Әдебиет: 
1.
Х.Абжанов. Қазақстан: тарих. тіл. ұлт.-Алматы, 2007.-272 б. 
2.
Е.Мұқадес. Әйтеке би.-Алматы, 2007.-560 б.М 
3.
Ж.Артықбаев. Этнология и этнография.-Астана, 2001.-304 с. 
4.
Тал бесіктен жер бесікке дейін. Құрастырған К.Ісләмжанұлы.-Алматы, 1995.-272 б. 
5.
К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы.-Алматы, 1999.- 328 б. 
6.
А.Еспенбетов. Абайтану әлемінен.-Семей, 2017.-150 б. 
7.
Ата-бабалардың даналық сӛздері.Құрастырған: Қ.Еламанов.-Ақтӛбе,2001.-120 б. 
 
Дәріс №7-8. 
Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті 2-сағат 
Жоспары: 
1.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері мен әшекей заттары 
2.
Ұлттық тағамдар және оның ерекшеліктері 
3.
Қазақ халқының қолданбалы мәдениеті 
4.
Киелі жерлер ескерткіштері 
Дәріс тезисі:
 
Адам тарихынан белгілі, ұлттық киімдер халықтардың мәдениетіжәне 
руханиятының айнасы. Әрбір ұлт киімдерінің қалыптасуында солұлттың географиялық 
орналасуы, әлеуметтік тұрмыс салты жеке орынғаие. Қоғамның дамуы, жаһандану 
процесінде де киімдердің жетіліп баруынаӛз әсерін кӛрсетіп келеді.
 
Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер 
болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп 
жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. 
Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде 
тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан. 
Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бӛлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, 
бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да 
бӛлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бӛлінеді. 
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры ӛте тереңде жатыр. 
Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның 
тӛңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер.
Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкӛріс тіршілігімен тығыз 
байланысты. Негізгі күнкӛрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары 
еттен, сүттен жасалады. 
Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты 
қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сақтайтын. Жылқы 
етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке тығып қарта жасайды. Жылқының 
жалындағы майынан жал деген сыйлы тағам жасалады.Сиыр етін мүшелеп бұзып тоңазытып 
іліп қояды да, қой етін кӛбіне сүрлейтін. 
Еттің әр мүшесінің қонаққа тартылуында ӛзіндік рәсім бар. Мысалы, ең сыйлы 
қонаққа бас және жамбас тартады. Мәні жағынан одан кейін мына мүшелер жүреді: асықты 
жілік, ортан жілік, жауырын, кәрі жілік және тоқпан жілік.Сүт тағамдары да ӛте бай. Сүт 
тағамдарына құрт, ірімшік, сары май, қымыз, қатық, шұбат, айран, іркіт жатады. 
Олар әсіресе кӛктем, жаз кезінде кӛп пайдаланылады. 


Қазақтың дәстүрлі тағамдарының ішінде дәннен жасалған тағамдар да бар. Қазақтар 
бидай, қара бидай, тарыны тамаққа кӛбірек пайдаланған. Қазанға қарма, қатырма нан 
пісірген. Кей ӛңірлерде оларды тӛңкерме, қазан жаппа нан деп атайды. Бидайды қуырып та 
жеген. 
Қазақ тарыдан тары кӛже, быламық, майсӛк жасаған. Тарыны, бидайды келіге түйіп 
талқан да жасаған. Тары, талқан, май, қант, балды қосып — қоспа немесе жент деген тәтті 
тағам жасаған. 
Қазақтың ыдыс-аяғы, негізінен, теріден, ағаштан және сүйектен жасалатын. Теріден 
жасалатын ыдыстарға мал сауатын кӛнек, қымыз, шұбат жинайтын саба жатады. Кӛнек 
шәугімдей ғана және кӛбіне шүмекті болады, ал саба жылқының терісінен тігілген, 
мӛлшермен 70—150 л сұйықтық сыятын түбі кең, мойыны ұзын ыдыс. Қымыз, басқа да 
сусын алып жүруге арналған ыдыс торсық, жан торсық деп аталады. Оңтүстік ӛңірлерде сүт, 
сұйық заттарды сақтау үшін асқабақтан кептіріліп жасалған қауақ дейтін ыдысты да 
пайдаланған. 
Кең ӛңірлерде мал сауғанға ағаш кеснек те қолданылады. Қымыз, шұбат кӛбінесе 
ағаш тегенелер мен ағаш ожауларға құйылады. Ожаулар кейде екі басты болып, тегенлердің 
жиегіне күміс, сүйек жиек жүргізетін болған. 
Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-
ӛрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың 
тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай 
құрылыстарында кӛрініс тапқан.
Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі 
мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін 
және кӛрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі 
қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, 
шартты түрде екіге бӛлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. 
Материалдық мӛдениетке ұстап кӛруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, 
рухани мәдениетке кӛзбен кӛріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз. 
Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық кӛрініс табады. 
Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір кӛрнектісі де кӛнесі - киіз үй. 
Ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді танытуымыз 
керек. Жалпы барлық елдерде мұндай қасиетті, киелі жерлер баршылық.
Ол жерлерді мемлекет тарапынан қорғалып, даңқын асырып дәріптеліп 
отырғандықтан, ӛз елдері түгілі әлем елдерінен туристер ағылып іздеп барады. Мәселен, 
ағылшындар Кентерберий ғибадатханасын мақтан етсе, немістер Кельндегі рим-католик 
готикалық соборын ұлықтайды. Сол секілді қазақ елінде де халықтың қызығушылығын 
тудыратын қасиетті жерлер жетеді.
Тек оларды дәріптеп, халқымызға кеңінен таныстырып, ӛзге елдердің де 
қызығушылығын тудыра білуіміз керек. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» 
жобасы аясында жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған міндеттер ӛз деңгейінде 
орындалса, ӛткен тарихымызға да қиянат жасамаған болар едік. Ӛйткені, күтім кӛрмей 
елімізде талай тарихи ескерткіштер тозып бара жатқаны тарихшыларды алаңдатып отырғаны 
жасырын емес. Жоба аясында осы олқылықтың да орны толатынына сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет