Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет9/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Бекіту сҧрақтары:
1.
Этногенез дегеніміз не? 
2.
Тек дегенді қалай түсінесіз? 
3.
Шежіре не үшін қажет? 


4.
«Жүз» туралы сіздің түсінігіңіз. 
5.
Тарихи географияның анықтамасын беріңіз. 
Әдебиеттер: 
1.
Ата-бабалардың даналық сӛздері.Құрастырған: Қ.Еламанов.-Ақтӛбе,2001.-120 б. 
2.
Х.Абжанов. Қазақстан: тарих. тіл. ұлт.-Алматы, 2007.-272 б. 
3.
Е.Мұқадес. Әйтеке би.-Алматы, 2007.-560 б.М 
4.
Ж.Артықбаев. Этнология и этнография.-Астана, 2001.-304 с. 
5.
Тал бесіктен жер бесікке дейін. Құрастырған К.Ісләмжанұлы.-Алматы, 1995.-272 б. 
6.
К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы.-Алматы, 1999.- 328 б. 
7.
А.Еспенбетов. Абайтану әлемінен.-Семей, 2017.-150 б. 
8.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы, 1999. 
9.
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық 
кӛзқарас. -Алматы,2006. 
10.
Ш.Уалиханов. Таңдамалы.-Алматы, 1985.-560 б. 
11.
Б.Сулейменов. И.Алтынсарин. 3 томдық.-Алматы, 1975. 
 
Дәріс №3-4. 
Тақырыбы: Кӛшпенділер ӛркениеті. 2-сағат 
Жоспары: 
1.
Кӛшпелі мал шаруашылығының пайда болуы 
2.
Ұлы Жібек жолының дала ӛркениетіндегі орны 
3.
Кӛшпелі қоғамның әлеуметтік-саяси ерекшеліктері 
4.
Кӛшпенділердің дүниетанымы 
Дәріс тезисі: 
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларының нәтижесінде үш жүз 
жыл бойы жер пайдаланудың және ӛмір тіршілігінің негізгі нысаны мал шауаршылығы – 
шаруашылық ӛндірісінің ерекше түрі болды, бұл ретте жұмыстың басым кӛпшілігі 
экстенсивті жылжымалы мал шаруашылығы болып, тұрғындардың басым кӛпшілігі 
маусымдық кӛшіп-қонумен айналысты.
Кӛшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі – мал азығы мен су кӛздерінің 
тапшылығы себепті, малды жыл он екі ай бойы жайып бағу еді. Орташа алғанда кӛшу 
маршруты 50-100 шақырымды құраған, ал кейбір ру-тайпаларда (мысалы, адай, шекті, табын 
және т.б.) 1000 – 2500 шақырымға дейін жеткен.
Ӛмір сүру ортасының ерекшеліктері жайылымдарды пайдалану тәсілдерін айқындап 
берді, кӛктеу, жайлау, күздеу, қыстау секілді маусымдық жайылымдарды алмастырып 
кӛшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты.
Қысқы жайылымдар үшін кӛл жағалаулары, ӛзен аңғарлары, тау шатқалдары, тоғай 
шеті, мал табындарын қарлы борандардан және үскірік желден қалқалайтын табиғи 
ықтасындары бар жерлер пайдаланылды.
Күзгі, кӛктемгі жайылымдар қыстауларға жақын, қар кеш түсіп, ерте кететін жерлерге 
орналасты. Жазғы жайылымдар міндетті түрде жауын-шашын сулары кӛп жиналатын, шӛбі 
қалың ӛсетін және табиғи су қорлары бар ӛңірлерден таңдалған. 
VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы ӛтетін бұрынғы жол тӛте және қолайлы 
болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы ӛтетін жол мейлінше 
жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы ӛтетін 
сауда жолдарын солар бақылап отырды.
Екіншіден, Ферғана арқылы ӛтетін жол ӛзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті 
болды.
Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың тӛңірегіндегілер теңіздің арғы 
жағының тауарларын ірі мӛлшерде тұтынушылар болатын. 
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін 
хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын тӛре тұқымынан таралғандар ғана 


отыра алатын еді. Сӛйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-тӛстеп 
келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің ӛз ханы болды, 
кейде бір жүздің ӛзін екі немесе одан да кӛп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі 
әр жүздің ӛзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның ӛзінде ең осал билеушіге әдейі 
қолдау кӛрсетумен келді. Ондағы кӛздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп 
кӛшпелі жұрттың кӛз алдында масқара ету болатын. 
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша 
беделді бӛлігі еді. Билер ӛздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, 
дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше кӛзге түсетін. Бұл топтың 
ӛкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық 
даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие 
болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Тӛле би, Орта жүзден шыққан Қаз 
дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың 
сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді ӛзі 
тағайындауға кӛшті. Мұның ӛзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте 
тӛмендете берді. 
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған 
қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. 
Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше кӛзге түскен қолбасылары, сондай-ақ 
қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп 
шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде 
кӛзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік ӛктем 
билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы кӛтеріліске қол бастап 
шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты.
Бұл атаққа әркім ӛзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр 
атағы мұрагерлікпен берілмейтін. 
 
Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. 
II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра 
(Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай — Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста». 
Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.Ұлы 
Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.Ежелгі түркі 
халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Кӛк деп білген. Кӛктен 
кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана 
болып есептелген.VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам 
діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның кӛптеген жерлеріне 
тарап үлгерді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет