2-тақырып. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың концепциясы.
Ақпараттық жүйелер жобалаудың әдіснамасының негізгі түсініктерінің бірі - оның бағдарламалық қамтамасыздандыруының (БҚ) өмірлік циклі (ӨЦ) түсінігі. БҚ ӨЦ-оны жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған уақыттан қолданудан толық шығарылып тасталатын уақытына дейінгі үзіліссіз үрдісс.
БҚ ӨЦ регламентіне берілетін негізгі нормативті құжат ISO/IEC 12207 халықаралық стандартты болады.
ISO – стандарттау бойынша халықаралық ұйым (International Organization of Standardization- международная организация по стандартизации), IEC – электротехника бойынша халықаралық комиссия (International Electrotehnical commission – Международная комиссия по электротехнике).
Ол БҚ жасау уақытында орындалатын үрдістерді, әрекеттерді және міндеттерді құрайтын ӨЦ құрылымын анықтайды.
ISO/IEC 12207 стандарты бойынша БҚ ӨЦ-інің құрылымы үрдістердің 3 тобына негізделген:
БҚ ӨЦ-інің негізгі үрдістері (алу, жеткізіп беру, әзірлеу, эксплуатация, сүйемелдеу/сопровождение).
негізгі үрдістердің орындалуын қамтамасыз ететін қосымша үрдістер (құжаттау, конфигурацияны басқару, сапаны қамтамасыз ету, верификация, аттестация, бағалау, аудит, мәселелерді шешу).
ұйымдастырушылық үрдістер (жобаларды басқару, жобалардың инфрақұрылымын жасау, өмірлік циклдің өзін жақсарту және бағалау , оқу).
БҚ ӨЦ әзірлеу БҚ жасау бойынша барлық жұмыстарды жобалау және эксплуатациялық құжаттарды, жұмыс жасау қабілеттілігі үшін қажет материалдарды даярлау, бағдарламалық өнімнгің сапасының сәйкестілігін, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыруға қажетті материалдарды қамти отырып, берілген талаптарға сай компоненттердің сәйкестігін қамтиды.
Эксплуатация қолданысқа БҚ компоненттерін енгізу бойынша жұмыстарды атқарады, бұның ішінде мәліметтер қорын және пайдаланушылар орнын конфигуруциялау, эксплуатациялық құжаттармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуды жүргізеді.
Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, әзірлеушілердің колективін жинақтаумен, орындалатын жұмыстардың мерзімін және сапасын бақылаумен айналысады.
Жобаны техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жобаны жүзегеасыратын әдістермен инструменталды құралдарды таңдауды қамтамасыз етеді.
Жобаның сапасы ақпараттық жүйені верификация, тексеру және тестілеумен байланысты.
Верификация – осы кезеңде жеткен ақпараттық жүйені әзірлеудегі ағымдағы жағдайы осы кезеңдегі талаптарына жауап беретінін анықтайтын үрдісс.
Тексеру әзірлеудің параметрлерінің бастапқы талаптарымен сәйкестігін бағдарламалауға мүмкңндңк береді.Тексеру нақты және күтілетін нәтижелердің арасындағы айырмашылықтарды теңестірумен және ақпараттық жүйенің бастапқы талаптарымен сәйкестігін бағалаумен байланыстыболатын тестілеумен де сәйкес келеді.
Жобаны жүзеге асыру үрдісінде идентификация (текңестіру) сұрақтары, конфигурацияның жекелеме компоненттерінің және тұтастай жүйенің өзін сипаттау және бақылау сұрақтары маңызды орын алады.
Конфигурацияны басқару ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің негізгі үрдістерін қолдайтын, ақпараттық жүйені әзірлеу және сүйемелдеу үрдістері.Әрбір компоненті әр түрлі және әр нұсқалы болатын көптеген компоненттерден тұратын.Күрделі ақпараттық жүйелердің жобаларын жасау барысында олардың байланыстары мен функциялары есепке жасап алу мәселесі,бір текті және жүйенің толықтай қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Конфигурацияны басқару оң барлық кезеңінде ақпараттық жүйені ұйымдастыруға енгізетін өзгерістерді жүйелі түрде есепке алып, бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің әрбір үрдісі жекеленген есептермен және оларды шешу әдістермен, алдыңғы кезеңде алынған бастапқымәліметтермен және нәтижелерімен мәнездемелері.
Талдаудың нәтижелері функционалдық моделдер, ақпараттық моделдер және оларға сәйкес диаграммалар бола алады. Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі итерациялық сипатта болады.
Өмірлік циклдің моделі дегеніміз өмірлік цикл барысында орындалатын міндеттер мен әрекеттердің, үрдістердің орындалудың және өзара байланысының тізбегін анықтайтын құрылым. ӨЦ-дің моделі ақпараттық жүйелердің ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі кезде өмірлік циклдің екі моделі кеңінен тараған:
1) каскадты модель (70-85ж)
2) спиральді модель (86-90ж)
Каскадты модельдің негізгі мінездемесі ақпараттық жүйені әзірлеуді кезеңдерге бөлу, бір кезеңнен екінші кезеңге өту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда ғана жүреді. Әрбір кезең АЖ-ні әзірлеу әзірлеушілердің басқа командасына тапсырылатындай құжаттардың толық жинағымен аяқталады.
Талдау
Жобалау
Жүзеге асыру
Ендіру
Сүйемелдеу
3-сурет. Ақпараттық жүйені жобалаудың каскадты схемасы
Каскадты модельдің жағымды жақтары:
әрбір кезеңде аяқталған жобалау құжаттарының пакеті қалыптасады;
логикалық тізбектегі жұмыс кезеңдері барлық талаптарды толық қанағаттандырады.
Каскадты тәсіл ақпараттық жүйені әзірлеудің басында әзірлеушілерге барлық талапларды толық және дәл қоятындай ақпараттық жүйелерді тұрғызуда өте ыңғайлы.
Негізгі кемшілігі: нәтижелерді алудың көп кешіктірілуі.
4-сурет. Аралық бақылаумен кезең бойынша модель
Каскадты тәсіл қарапайым ақпараттық жүйелерді құруда, яғни жобаны әзірлеудің ең басында жүйенің талаптарын нақыт және толық анықтауда ыңғайлы. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі болып саналатын – жүйені жасаудың нақты үрдісі ешқашан осындай қатып қалған қатаң сызбаға бағына алмайды. Себебі, үнемі алдыңғы кезеңдерге қайта оралып отыруға, яғни алдында қабылданған шешімдерді нақтылау немесе қайта қарастыруды қажет етеді. Нәтижесінде ақпараттық жүйені жасаудың нақты үрдісі аралық бақылаумен кезең бойынша модельге әкеліп соғады.
Каскадты моделдің проблемеларын шешу мақсатында ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің спиральді моделі ұсынады. Мұнда талдау және жобалау кезеңдеріне басты назар аударылған. Бұл кезеңдерде техникалық шешімдердің жүзеге асырылуы прототиптерді жасау жолымен тексеріледі. Спиральдің әрбір ұшы ақпараттық жүйені жасаудың үзіндісіне немесе нұсқасына сәйкес келеді, сонда жобаның мақсаттары мен мінездемелері нақтыланады жіне сапасын анықтай отырып, спиральдің келесі ұшының жұмысы жоспарланады. Осылайша жобаның детальдары тереңдетіліп, нақтыланады, нәтижесінде жүзеге асырылатын негіздемесі бар нұсқа таңдалынады.
Итерациялық әзірлеу жүйені жасаудың объективті спиральді циклін бейнелейді.
Әрбір кезеңнің жұмысының толық аяқталмауы оны күтпей-ақ келесі кезеңге өтуге мүмкіндік береді, яғни итерациялық тәсілде жетпей тұрған жұмысты келесі итерацияда орындауға болады. Басты міндеті – пайдаланушыларға жұмыс жасауға қабілетті өнімді тезірек көрсету, ұсыну болып табылады.
5-сурет. Ақпараттық жүйені жобалаудың спиральды схемасы
Спиральді циклдің негізгі проблемасы – келесі кезеңге өту сәтін анықтау. Оны шешу үшін өмірлік циклдің кезеңдерінің әрбіреуіне уақытша шектеу енгізу керек. Кезеңнен кезеңге өту жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, тіпті жоспарланған барлық жұмысаяқталмаса да. Жоспар алдындағы жобалардан және әзірлеушілердің жеке тәжірибесінен алынған статистикалық мәліметтер негізінде құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |