1-тапсырма. Ақпараттық жүйелерді жобалауда құрылымдық тәсілдің қолданылуы.
1. Есептің қойылымын жасау.
Аурухана әкімшілігі науқастарды қабылдау және медициналық хатшылық бөліміне ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тапсырыс берсін. Бұл жаңа жүйе дәрігерлер, науқастар, науқастарды қабылдау және емдеу туралы мәліметтерді өңдеуге арналған. Ақпараттық жүйе дәрігерлердің немесе әкімшіліктің сұранысы бойынша есептер шығаруы керек.
Жобалау алды зерттеу уақытында қарастырылатын бөлімшенің мынандай сипаттамасы алынды.
Ауруханаға қабылдау үшін дәрігер мен науқастың кездесуі болады. Дәрігер науқастарды қабылдау бөліміне науқасты қабылдау және ол туралы мәліметтерді хабарлайды. Науқас ауруханаға бір реттен көп қабылдануы мүмкін, бірақ егер науқас ауруханада бұрын емделмеген болса, онда оған тіркеу номері беріліп, оның мәліметтері (аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы) жазылады. Науқас жүйеге ауруханаға қабылданғанға дейін тіркелуі керек.
Біраз уақыттан кейін дәрігер науқастарды қабылдау бөлімінде ауруды қабылдауды рәсімдейді. Қабылдаудың реттік номері анықталып, науқасты қабылдау мәліметтері сақталады. Осыдан кейін қабылдау бөлімі ауруды қабылдау туралы бекітуді дәрігерге хабарлайды. Бұл хабарламада науқастың тіркеу номері жәнеоның фамилиясы, қабылдаудың реттік номері, емдеуді бастау мерзімі және палата номері болады.
Қабылдау күні науқас қабылдау бөліміне өзінің келуі туралы хабарлап, өзі туралы мәліметтерін береді. Қабылдау бөлімі науқастың мәліметтерін тексереді және қажет болса түзетеді. Егернауқас өзінің тіркеу нөмірін ұмытқан болса, онда әйкесінше сұраныс жасалады. Тіркеуден кейін науқас тіркеу картасын алады. Тіркеу картасында науқастың аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы, телефон нөмері, қан тобы, сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру нөмері сияқтымәліметтер болады.
Науқастың ауруханада болған уақытында бірнеше дәрігерде емделуі мүмкін; әр дәрігер бір немесе бірнеше емдеу курсын белгілейді, бірақ әрбір курс тек ғана дәрігермен белгіленеді. Емдеу курстары туралы мәліметтер медициналық хатшылыққа тапсырылады. Медициналық хатшылық науқастардың емдеу кординациясымен айналысады. Содан мәліметтер сонда тіркеліп, сақталады. Мәліметтер дәрігер номерін, науқас номерін, қабылдаудың реттік номерін, емдеу курсының атауын, белгілеу мерзімін, уақытын және ескертуді қамтиды.
Қажет болған жағдайда дәрігер медициналық хатшылыққа науқастың ауру тарихына (емдеу курстары туралы мәліметтер болады) сұраныс жасайды. Ауру тарихы кестесін құру қажет. Емдеу курстары аяқталған соң емдеуші дәрігер науқасты ауруханадан шығару туралы шешім қабылдайды. Науқас ауруханадан шығарында қабылдау бөліміне хабарлайды. Қабылдау бөлімі шығу туралы мәліметтерді тіркейді де, ауруханадан шығу туралы анықтама береді.
Дәрігер өзі туралы мәліметтерді және мәліметтердегі өзгерістерді қабылдау бөліміне береді. Дәрігер туралы мәлімет: дәрігер нөмері, аты-жөні, мекен-жайы, туған жылы, үй телефон нөмірі, мамандану, кабинет номері, жұмыс телефон номерін қамтиды.
Аурухана әкімшілігі науқастар туралы есеп сұрауы мүмкін. Сұраныста уақыт аралығы көрсетіледі (бастапқы және соңғы мерзім). Сол себепті науқастар туралы құрастыру керек. Аурухана әкімшілігі әр дүйсенбіде сағат 9:00-де соңғы аптадағы ауруларға шолуға сұраныс жасайды.