Бағдарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной 2014 ж


Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары



бет24/24
Дата02.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#132546
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ба дарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кром

Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. АЖ-ді жобалаудың әдіснамасының негізгі ұғымы не болып табылады?



  1. оның корпоративті ақпараттық жүйелерге арналғандығында;

  2. оның бағдарламасының қай тілде даярлануы;

  3. оның қандай кәсіпорындарға арналғандығында;

  4. оның бағдарламалық қамтамасыздандырылуының өмірлік циклі;

  5. оның бағдарламасының қандай әдіснама негізінде жасалғандығында.

2. АЖ-лерді жобалау мен талдаудың құралдарында қолданылатын модельдердің түрлері?

  1. DFD, SADT;

  2. DFD, SADT, ERD;

  3. DFD, ADT, ERD;

  4. DFD, ERD;

  5. DFD, SERD.

3. Төмендегілердің қайсысы «мән-байланыс» диаграммасына сәйкес келеді?

  1. DATARUN;

  2. SADT;

  3. DFD;

  4. ERD;

  5. RAD.

4. ERD-диаграммада «байланыс» қандай фигурамен белгіленеді?

  1. тік төртбұрыш;

  2. төртбұрыш;

  3. үшбұрыш;

  4. эллипс;

  5. шеңбер.

5. Төмендегілердің қайсысы Rational Rose интерфейсінің экранының элементтері бола алмайды?

    1. браузер;

    2. құжаттар терезесі;

    3. саймандар панелі;

    4. бағдарламалау терезесі;

    5. диаграммалар терезесі.

6. Rational Rose бағдарламасында модель бойынша көшуді жүзеге асыратын иерархиялық құрылым қалай аталады?

  1. браузер;

  2. құжаттар терезесі;

  3. саймандар панелі;

  4. бағдарламалау терезесі;

  5. диаграммалар терезесі.

7. Төмендегілердің қайсысы ақпараттық жүйелердің масштабы бойынша жіктелуіне жатпайды?

  1. аймақтық ақпараттық жүйелер;

  2. топтық ақпараттық жүйелер;

  3. корпоративті ақпараттық жүйелер;

  4. дара ақпараттық жүйелер;

  5. барлық жауап дұрыс.

8. Ақпараттық жүйелерде қандай ақпараттар болады?

    1. нәтижелі және нәтижесіз;

    2. кіріс және нәтижелі;

    3. шығыс және нәтижелі;

    4. кіріс және шығыс;

    5. барлық жауап дұрыс.

9. Rational Rose бағдарламасында браузердің құрылымы қандай?

  1. сызықтық құрылым;

  2. желілік құрылым;

  3. бұтақ тәріздес құрылым;

  4. тармақталған құрылым;

  5. барлығы дұрыс.

10. Бір пайдаланушыға немесе бір жұмыс орнын уақыт бойынша бөлісетін пайдаланушылар тобына есептелген АЖ-лер қандай АЖ-лер?

  1. дара АЖ-лер;

  2. корпоративті АЖ-лер;

  3. топтық АЖ-лер;

  4. аудандық АЖ-жер;

  5. аймақтық АЖ-лер.

11. Клиент-серверлі архитектура негіз болатын қандай АЖ-лер?

  1. дара АЖ-лер;

  2. корпоративті АЖ-лер;

  3. топтық АЖ-лер;

  4. аудандық АЖ-жер;

  5. аймақтық АЖ-лер.

12. Жүйенің бағдарламалық және аппараттық компоненттерінің арасындағы физикалық өзара байланысты бейнелейтін диаграмма қалай аталады?

  1. орналастыру диаграммалары;

  2. физикалық диаграммалары;

  3. жағдайлар диаграммасы;

  4. өзара әрекеттестік диаграммалары;

  5. қолдану нұсқаларының диаграммалары.

13. Төмендегілердің қайсысы АЖ-ді жобалаудың моделі болып табылады?

  1. каскадты және каскадты емес;

  2. каскадты және спиральды емес;

  3. спиральды және спиральды емес;

  4. каскадты және спиральды;

  5. спиральды және каскадты емес.

14. АЖ-лерді жобалау кезеңдерге бөлініп, әрбір кезеңнен келесі кезеңге өту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда жүзеге асатын модель қандай модельге тән:

  1. спиральды;

  2. спиральды емес;

  3. каскадты,

  4. каскадты емес;

  5. сызықты.

15. Кез келген АЖ-дің жобасының негізін құраушылары:

  1. жобалаудың әдіснамасы, технологиясы және аспаптық құралдары;

  2. жобалаудың әдістері, әдіснамасы және теориясы;

  3. жобалаудың әдіснамасы, технологиясы және мәліметтер қоры;

  4. жобалаудың әдістері, тәсілдері және мәліметтер қоры;

  5. жобалаудың әдіснамасы, тәсілдері және құралдары.

16. АЖ-лердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер төмендегілердің қайсысын орындай алмайды?

  1. енгізу/шығару диалогын;

  2. мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;

  3. файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;

  4. пайдаланушылардың санын анықтауды;

  5. мәліметтерді басқару логикасын.

17. Қосымшаларды жылдам жасаудың әдіснамасы:

  1. DATARUN;

  2. ERD;

  3. DFD;

  4. SADT;

  5. RAD.

18. Төмендегілердің қайсысы «мәліметтер ағындарының диаграммасына» сәйкес келеді?

  1. DATARUN;

  2. ERD;

  3. DFD;

  4. SADT;

  5. RAD.

19. ERD-диаграммада «мән» қандай фигурамен белгіленеді?

  1. тік төртбұрыш;

  2. төртбұрыш;

  3. үшбұрыш;

  4. шеңбер;

  5. эллипс.

20. Итерация тәсілі қолданылатын АЖ-ді жобалаудың моделі?

  1. спиральды;

  2. спиральды емес;

  3. каскадты,

  4. каскадты емес;

  1. сызықты.

21. Жобаланатын жүйенің функционалдық талаптарын модельдейтін негізгі құрал?

  1. «мән-байланыс» диаграммасы;

  2. мәліметтер ағынының диаграммасы;

  3. модельдер және сәйкес функционалдық диаграммалар;

  4. барлық жауап дұрыс;

  5. дұрыс жауап жоқ.

22. Көпдеңгейлі иерархияны жасай отырып, жүйені қарапайымдылыққа жеткізу үрдісі қалай аталады?

  1. жай үрдіс;

  2. бөлшектеу үрдісі;

  3. дефрагментация;

  4. декомпозиция;

  5. қарапайым үрдіс.

23. ERD – «мән-байланыс» диаграммасының негізгі ұғымдары:

  1. мән; байланыс; атау;

  2. мән, байланыс, атрибут;

  3. мән, байланыс, қасиет;

  4. мән, байланыс, әрекет;

  5. барлық жауап дұрыс.

24. Екі мәннің арасындағы атаулы ассоциация қалай аталады?

  1. атау;

  2. атрибут;

  3. байланыс;

  4. әрекет;

  5. барлық жауап дұрыс.

25. Контексті диаграммалар дегеніміз не?

  1. иерархияның 2-деңгейінің диаграммасы;

  2. иерархияның 1-деңгейінің диаграммасы;

  3. иерархияның төменгі деңгейінің диаграммасы;

  4. иерархияның орташа деңгейінің диаграммасы;

  5. иерархияның жоғары деңгейінің диаграммасы.

26. CASE құралдары дегеніміз не?

  1. жобалаудың аспаптық құралдары;

  2. жобалау технологиялары;

  3. жобалау әдістері;

  4. жобалаудың аппараттық құралдары;

  5. жобалаудың техникалық құралдары.

27. DATARUN әдіснамасы қандай екі модельге сүйенеді:

  1. мекеменің моделіне және әзірлеушілердің моделіне;

  2. әзірлеушілердің моделіне және пайдаланушылардың;

  3. мекеменің моделіне және пайдаланушылардың;

  4. мекеменің моделіне;

  5. мекеменің және АЖ-лердің моделіне.

28. Мәліметтер ағынының диаграммасының көмегімен талаптар қандай түрде, яғни мәліметтер құрылымының қандай түрімен көрсетіледі?

    1. сызықтық;

    2. тармақталған;

    3. кестелік;

    4. иерархиялық;

    5. тізімдік.

29. Қарастырылатын пәндік аймақтың мәнділік мәні бар шынайы немесе ойластырылған объектісі?

  1. мән;

  2. нәрсе;

  3. объект;

  4. зат;

  5. барлығы дұрыс.

30. Төмендегілердің қайсысы класпен байланысты ақпараттың элементі болатын – атрибуттың мәні бола алмайды:

    1. жалпы немесе ашық;

    2. жабық немесе құпия;

    3. қорғалған;

    4. процедуралы;

    5. пакетті.

31. Оқиғаның негізгі ағынынан ауытқуы қалай аталады:

  1. қосымша ағын;

  2. қосалқы ағын;

  3. параллельді ағын;

  4. негізгі емес ағын;

  5. альтернативті ағын.

32. Қолдану нұсқалары мен қатысушы кейіпкерлер арасында байланыстың қандай типі болмайды:

  1. коммуникация байланысы;

  2. қосу байланысы;

  3. кеңейту байланысы;

  4. даралау байланысы;

  5. жалпылау байланысы.

33. Жүйенің қалыпты тәртібіндегі өзгерістерді сипаттауда қолданылатын байланыстың түрі:

  1. коммуникация байланысы;

  2. қосу байланысы;

  3. кеңейту байланысы;

  4. даралау байланысы;

  5. жалпылау байланысы.

34. Бірнеше қатысушы кейіпкерлердің ортақ қасиеттерін көрсетуде қолданылатын байланыстың түрі:

  1. коммуникация байланысы;

  2. қосу байланысы;

  3. кеңейту байланысы;

  4. даралау байланысы;

  5. жалпылау байланысы.

35. Өзара әрекеттесетін объектілердің тобының тәртібін сипаттауда төмендегі диаграмалардың қайсысы қолданылады:

  1. жағдайлар диаграммасы;

  2. қолдану нұсқаларының диаграммалары;

  3. тізбектілік диаграммасы;

  4. өзара әрекеттестік диаграммасы;

  5. тәртіптер диаграммасы.

36. Кластар арасындағы семантикалық байланыс қалай аталады?

  1. байланыс;

  2. мәндер;

  3. өзара әрекеттестік;

  4. атрибут;

  5. ассоциация.

37. Төмендегі суретте байланыстың қай типі бейнеленген:


  1. ассоциация;

  2. агрегация;

  3. тәуелділік;

  4. даралау;

  5. жалпылау.

38. Кластарды категорияларға бөлуге мүмкіндік беретін механизм қалай аталады?

  1. параметрлер;

  2. стандарттар;

  3. стереотиптер;

  4. қасиеттер;

  5. барлық жауап дұрыс.

39. Төмендегі суретте не бейнеленген:


  1. қатысушы кейіпкерлер арасындағы коммуникация;

  2. катысушы кейіпкерлер арасындағы байланыс;

  3. қатысушы кейіпкерлерді жалпылау;

  4. қатысушы кейіпкерлерді байланыстыру;

  5. қатысушы кейіпкерлерді іске қосу.

40. Қай диаграммада бір қолдану нұсқасының объектілерінің жиыны мен олардың бір-бірімен алмасатын хабарламалары бейнеленеді:

  1. қолдану нұсқаларының диаграммалары;

  2. тізбектілік диаграммасы;

  3. кооперативті диаграмма;

  4. жағдайлар диаграммасы;

  5. өзараәрекеттестік диаграммасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет