Бағдарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной 2014 ж


Қолдану нұсқаларына сипаттамаларды енгізу



бет17/24
Дата02.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#132546
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Ба дарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кром

7. Қолдану нұсқаларына сипаттамаларды енгізу.



      1. Браузерде Register for Courses қолдану нұсқасын ерекшелеңіз.

      2. Құжаттама терезесінде осы қолдану нұсқасына «Бұл қолдану нұсқасы студентке ағымдағы семестрде курсқа тіркелуге мүмкіндік береді» сипаттамасын енгізіңіз.

      3. MS Word бағдарламасының көмегімен Жүйеге кіру (Login), Курсқа тіркелу (Register for Courses) және Тіркеуді жабу (Close Registration) қолдану нұсқаларына сипаттамаларды үш мәтіндік файлға жасаңыз.

Жүйеге кіру (Login) қолдану нұсқасы
Қысқаша сипаттама: Бұл қолдану нұсқасы пайдаланушының курстарға тіркеу жүйесіне кіруді сипаттайды.
Оқиғалардың негізгі ағыны:Бұл қолдану нұсқасы пайдаланушының курстарға тіркелу жүйесіне кіргісі келген уақыттан орындалуын бастайды.

        1. Жүйе пайдаланушының атын және паролін сұрайды.

        2. Пайдаланушы аты мен паролін енгізеді.

        3. Жүйе енгізілген ат пен парольді тексереді, содан кейін жүйеге қатынау ашылады.

Альтернативті ағындар: Дұрыс емес ат/пароль. Негізгі ағынды орындау барысында пайдаланушы атын және/немесе паролін дұрыс енгізбесе, жүйе қате туралы хабарлама шығарады. Пайдаланушы Негізгі ағынның басына қайта оралуына болады немесе жүйеге кіруден бас тартуы мүмкін, бұл жағдайда бұл қолдану нұсқасы аяқталады.
Алдында берілген шарт: жоқ.
Соңында берілген шарт: Егер қолдану нұсқасы сәтті орындалса, пайдаланушы жүйеге кіреді. Қарсы жағдайда жүйе жағдайы өзгеріссіз қалады.
Курсқа тіркелу (Register for Courses) қолдану нұсқасы.
Қысқаша сипаттама: Бұл қолдану нұсқасы студентке ағымдағы семестрде нақты курсқа тіркелуге мүмкіндік береді. Студент өзінің пәндерге тіркелуіне семестрдің басында белгіленген уақытқа дейін өзгеріс жасау арқылы таңдауын өзгерте алады, яғни жаңадан курсты таңдай алады немесе курсты жоюына болады. Курстардың каталог жүйесі ағымдағы семестрдің барлық нақты курстарының тізімін береді.
Оқиғалардың негізгі ағыны: Бұл қолдану нұсқасы студент нақты курсқа тілкеле бастағанда немесе өзінің курстар кестесіне өзгерту жасағысы келген уақытта орындала бастайды.

          1. Жүйе қажетті әрекетті (жаңадан кестені жасау, кестені жаңалау немесе кестені жою) сұрайды.

          2. Студент өзіне қажетті әрекетті (кестені жасау, жаңалау, жою немесе қабылдау) көрсеткен кезінде бағынышты оқиғалар орындалады.

Кестені жасау

            1. Жүйе курстар каталогында қол жетімді нақты курстарға іздеу жасап, олардың тізімін береді.

            2. Студент тізімнен 4 негізгі және 2 альтернативті курсты таңдайды.

            3. Таңдаудан кейін жүйе студенттің кестесін жасайды.

            4. «Кестені қабылдау» бағынышты ағыны орындалады.

Кестені жаңалау

              1. Жүйе студенттің ағымдағы кестесін шығарады.

              2. Жүйе курстар каталогында қол жетімді нақты курстарға іздеу жасап, олардың тізімін береді.

              3. Студент нақты курстарды жойып, жаңа курсты қосып, өзінің курстарды таңдауын өзгерте алады.

              4. Таңдаудан кейін жүйе кестені жаңалайды.

              5. «Кестені қабылдау» бағынышты ағыны орындалады.

Кестені жою

                1. Жүйе студенттің ағымдағы кестесін шығарады.

                2. Жүйе студенттен кестені жою туралы бекітуін сұрайды.

                3. Студент жоюды растайды (бекітеді).

                4. Жүйе кестені жояды. Егер кесте студент жазылған нақты курстарды қамтыса, онда ол осы курстардың тізімінен жойылуы керек.

Кестені қабылдау
Әрбір таңдалынған, бірақ әлі кестеде тіркелмеген нақты курсты жүйе студентке қойылған алдын ала талаптардың орындалуын, яғни пререквизиттерді, нақты курстың ашылу фактісін және кестеде қарама-қайшылықтардың болмауын тексереді. Содан соң жүйе таңдалынған нақты курстарға студент туралы мәліметтерді енгізеді. Курс кестеде тіркеледі және жүйеде сақталады.
Альтернативті ағын
Кестені сақтау
Студент кез келген уақытта кестені қабылдаудың орнына оны сақтауына болады. Бұл жағдайда «Кестені қабылдау» қадамы төмендегілермен ауысады:

                  1. Тіркелінбеген нақты курстар кестеде таңдалынған болып сақталады.

                  2. Кесте жүйеде сақталады.

Студентке алдын ала қойылатын талаптар орындалмаса, курс толып кеткен болса немесе кестеде қарама-қайшылық туындаса
Егер «Кестені қабылдау» бағынышты ағыны орындалу барысында жүйе Студентке алдын ала қойылатын талаптар орындалмағанын немесе таңдалынған курс студенттермен толыққанын немесе кестеде қарама-қайшылық туындағанын байқаса, онда студентке қате туралы хабарлама шығады. Студент басқа курсты таңдап, қолдану нұсқасының орындалуын жалғастыруына болады. Әйтпесе кестені сақтауына немесе әрекетті болдырмауына болады, онда оқиғалардың негізгі ағыны қайта басталады.
Кесте табылмады. Егер «Кестені жаңалау» немесе «Кестені жою» бағынышты ағындарын орындау барысында жүйе студенттің кестесін таба алмаса, онда қате туралы хабарлама шығады. Бұл хабарламаны студент бекіткен соң, негізгі ағын қайта басталады.
Курстар каталогы жүйесі қатынаусыз, яғни қол жетімді емес. Егер Курстар каталогы жүйесімен байланыс орнатылмаса, онда қате туралы хабарлама шығады. Бұл хабарламаны студент бекіткен соң, қолдану нұсқасы аяқталады.
Курсқа тіркелу аяқталды. Қолдану нұсқасының орындалу басында ағымдағы семестрге тіркелу аяқталған болса, онда хабарлама шығады және қолдану нұсқасы аяқталады.
Жою болдырылмады. Егер «Кестені жою» бағынышты ағынды орындау барысында студент оны жоймау туралы шешім қабылдаса, жою болдырылмайды және негізгі ағын басынан қайта басталады.
Алдында берілген шарт
Қолдану нұсқасын орындаудың басында студент жүйеге кіруі керек.
Соңында берілген шарт
Егер қолдану нұсқасы сәтті аяқталса, онда студент кестесі жасалады, жаңарады немесе жойылады. Әйтпесе жүйе жағдайы өзгеріссіз қалады.
Тіркеуді жабу (Close Registration) қолдану нұсқасы
Қысқаша сипаттама. Бұл қолдану нұсқасы тіркеушіге тіркеу үрдісін жабуға мүмкіндік береді. Студенттердің қажетті саны жазылмаған нақты курстар жабылады. Есептеу жүйесіне курстарға төлем жасауы үшін әрбір студенттің әрбір нақты курс бойынша ақпарат беріледі.
Оқиғалардың негізгі ағыны. Бұл қолдану нұсқасы тіркеуші тіркеуді тоқтату туралы сұраныс жасағанда орындалады.

    1. Жүйе тіркеу үрдісінің жағдайын тексереді. Егер тіркеу әлі орындалып жатса, онда хабарлама береді де қолдану нұсқасы аяқталады.

    2. Жүйе әрбір нақты курс үшін оны қандай да бір оқытушы жүргізе ме, ол курсқа кем дегенде 3 студент жазылды ма тексереді. Егер бұл шарттар орындалса, онда жүйе осы курсты қамтитын әрбір кестеде нақты курсты тіркейді.

    3. Әрбір студенттік кестеде негізгі курстардың максималды санының болуы тексеріледі. Егер толық болмаса, онда жүйе осы кестенің тізімінен альтернативті курстармен толықтырады, яғни алғашқы альтернативті курс таңдалынады. Егер бұндай курстар болмаса, онда ешқандай толықтыру болмайды.

    4. Жүйе барлық нақты курстарды жабады. Егер қандай да бір нақты курста 3 студенттен кем студент болса, онда жүйе оны болдырмайды және осы курс бар барлық кестеден алып тастайды.

    5. Жүйе ағымдағы семестрде әрбір студентке осы курсты оқыту үшін төлемді есептейді де ақпаратты есептеу жүйесіне жібереді. Есептеу жүйесі студенттерге олардың соңғы кестелерінің көшірмесімен төлемдер есебін жібереді.

Альтернативті ағындар
Нақты курсты ешкім жүргізбейді. Егер негізгі ағындарды орындау барысында курсты ешқандай оқытушы жүргізбейтіндігі анықталса, онда бұл курс алынып тасталады. Жүйе бұл курс бар барлық кестеден осы курсты алып тастайды.
Есептеу жүйесі қатынаусыз, яғни қол жетімді емес. Егер есептеу жүйесінмен байланыс орнату мүмкін болмаса, орнатылған нақты уақыттан кейін тағы жүйемен байланыс орнату мүмкіндігі қайта іске қосылады. Осылайша байланыс орнатылғанға дейін қайталана береді.
Алдын ала берілген шарт
Бұл қолдану нұсқасын орындаудың алдында тіркеуші жүйеге кіруі қажет.
Соңында берілген шарт
Егер қолдану нұсқасы сәтті аяқталған болса, онда тіркеу жабылады, әйтпесе жүйе жағдайы өзгеріссіз қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет