4.2 Постреквизиттер Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта Компьютерлік желілер пәнін меңгеруде қажет.
5 Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар Курстың оқылу нәтижесінде студенттер түсінуі қажет:
экономикалық–математикалық әдістері мен есептеу техникасын қолдануға негізделген БАӨКЖ жобалау принциптерін, күрделі жүйені талдау және синтездеу концепциясын және әдістемесін;
білуі қажет:
ақпараттық жүйелерді макро және микродеңгейде жобалау әдістемесін;
күрделі жүйелердің эскизді жобалауын іске асыруды және
жобаланған жүйенің сенімділігі мен сапасын бағалауды;
құзіретті болу:
жаңа ақпаратты технологияларды және жүйелерді жобалаудың инструментальды құралдарын қолдану арқылы ақпаратты жүйелерді жобалаудың барлық түрлерін қамтамасыз етуге.