Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет10/25
Дата05.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#122283
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

6-СОӨЖ тақырыбы: XYII-XYIII ғасырлардағы тіл білімі.
Тапсырмалар: жаттығу жұмыстарын дайындау.
Есеп беру түрі: жаттығу орындау(орыс тіліндегі әдебиеттер бойынша конспекті дайындау).
СӨЖ тапсырмалары:1.Түркітанудың кеңес тіл біліміндегі орны.
2.Қазақ тіл білімінің кеңес дәуірінде дамуы.
3.Тіл білімі ғылымы, оның зерттеу нысанасы.
Есеп беру түрі: жекелеген ғалымдардың зерттеулері бойынша жазба жұмыстарын дайындау, жазба жұмыстарын тексеру
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Сусов И.П. История языкознания М., 2006.
2. Шелховская Л.А. Общее языкознания. А., 2001.
3. Амирова Т.А. История языкознания М., 2003.
4. Березин Ф.М. История лингвистических учений. М., 1975.
5. Кондрашов Н.А. История лингвистических учений. М., 1979.
6. Кодухов В.И. Общее языкознание. М., 1974.
7.Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.
8.Тіл білімі терминдерінің сөздігі А., 1999.
9.Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Жетінші апта
7 дәрістің тақырыбы: XX ғасырдағы структуралық лингвистика мектептері және этнографилық лингвистика.
Қарастырылытын мәселелер:
1.Структурализмнің негізгі мектептері
2. Л. Блумфилдтің дескриптік Йель мектебін қалыптастыруы.
Терминдер мен анықтамалар:
Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы.Оның жеке сала ретінде қалыптасқан кезі – 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары.
Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы.Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.
Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.Этнография ғылымының құрамында 19-20 ғасырлар арасында дербес бағыт ретінде пайда болған.Оған 19 ғасырдың 70-ші жылдарында Солтүстік және Орталық Америка жеріндегі көптеген үндіс тайпаларының зерттелуі ықпал етті.
Структурализм, оның тіл білімінде алатын орны, негізгі концепциялары мен ұстанған бағыттары. Структурализмнің негізгі мектептері.
Прага мектебі. Бұл мектепке топтасқан көренкті зерттеушілер: В.Матезиус, Р.Якобсон, Н.Трубецкой т.б Прага мектебінің фонологияда жеткен табыстары. Бұл салада Н. Трубецкойдыңи атқарған рөлі, ғылыми табыстары. Копенгаген мектебі. Бұл мектептің глоссематика атауының себебі. Мектептің қолбасшысы Дания лингвисі Лун Ельмслев, оның еңбектері. Копенгаген мектептебінің тілді зерттеуде ұстанған өзіндік принциптері. Ұстанымдардағы кемшіліктер. Копенгаген мектебінің Прага мектебінен айырмашылықтары.
Америка университеттік мектебі, оны қалыптастырушыларо Эдуард Сепир мен Леонард Блумфилдтердің көзқарастарындағы айырмашылықтар. Бұл мкетеп қолданған дискриптивтік әдістің ерекшелігі. Америка мектебінің пайда болуына негіз болған себептер. Бұл мектептің структурализм өзге мектептерінен айырмашылықтары, ерекшеліктері. Л.Блумфилдтің зерттеулерінде бихевиоризмдік (мінез-құлық) психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Оны Л. Блумфилдтің механистік теория деп атауы. Бұл теорияның жетістіктері мен кемшіліктері.
Л. Блумфилдтің дескриптік Йель мектебін қалыптастыруы. Оның білімін Э.Харрис, Б.Блок, Ү.Хоккет. Дж.Трейджер т.б. шәкірттерінің дамытуы.
Этнографиялық лингвистика, оның Америка және Германия мектептері. Америка мектебін қалыптастырушылар Эдуард Сепир мен Бенджамин Уорф болғандығы. Олардың этнографиялық лингвистикаға арналған еңбектері. Э. Сепирдің көтерген проблемалары.
Германия этнографиялық лингвистика мектебін қалыптастырушы Лео Вайегербердің «неміс тілінің күші туралы» еңбегінің мәні.
7 практикалық сабақтың тақырыбы: Структуралық және этнографиялық тіл білімдері.
Тапсырмалар:

  1. Прага структуралық мектебі.

  2. Копенгаген структуралық мектебі.

  3. Дескриптивтік Америка мектебі.

  4. Этнографиялық лингвистика.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет