11-СОӨЖ тақырыбы:Көркем мәтін құрылымындағы ұғым білдіретін зат және оның атауын білдіретін сөз, олардың қарым-қатынасы (депотативті, коннотативті).
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Қабылдаушының субъектіні бетке алуы.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Он екінші апта №12 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтін байланыс арнасы және ақпарат көзі сипатында Қарастырылатын мәселелер: 1. Көркем мәтін автор мен оқырман арасындағы байланыстың ерекше арнасы және ақпарат таратушы.
2. Ашық және жабық көркем мәтіндер, олардың ерекшеліктері.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер) Интертекстуалдылық қаламгер және оның мәтіні өмір сүріп отырған лингвомәдени кеңістіктегі қоғам мүшелерінің күнделікті сөйлеуінде, жазуында қайтсе де байқалады. Бұл көркем тексті оқу, қабылдаумен тығыз байланысты үнемі болып жататын үдеріс. Олар көбіне өзіне ұнаған көркем тексті, оның тілдік қабатындағы түрлі бірліктерді өзінің ой-пікірін білдіруге, белгілі бір жағдайларды бағалауға, тіпті болмаса өз эрудициясын көрсетуге пайдаланады. Ондай бірліктер өзінің автосемантиялылығы (контекстен үзіп алып, басқа контекске түсе алу мүмкіндігі), коммуникативтік ситуацияға сәйкес полисемантикалылығы және эволюцияға бейімділігі, қысқалығы, әсерлілігі нәтижесінде оқырманның тілдік жадында қалып, реті келген жағдайда қолданысқа түседі. Ал оны естіген адам басқа жағдайда, басқа кезде, басқа адамға қайта қолдануы ықтимал. Сол себептен кез келген функционалдық стильдегі және басқа семиотикалық жүйедегі мәтіндерден алынған интертекстер қоғам мүшелерінің қарым-қатынас құралы, яғни контакт орнату, оны дамыту сияқты қызметтер де атқарады. Бұл жағдайда интертекстуалды элементтің претекспен байланысы үзіліп, тиісінше ассоциациясы жоғалып, тек ситуативті жұмсалады. Интертекст автор құзіретінен шығып, қолданушының өз сөзіне айналады. Мәселен, өз сөйлеу тәжірибесінде Қ. Аманжоловтың «Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым» жолдарын (жанындағы досымен, бастығымен, тіпті қоғамдық көліктегі мүлде танымайтын адаммен сөзге келіскен) түрлі ситуацияларға бейімдеп қолданушы тілдік тұлғалар бар. М. Мақатаевтың «Сен мені, сезесің бе, неге іздедім?» жолын өз ниетіне сай «Білесің бе, мен сені неге іздедім» деп өзгертіп қолданушы туралы да осыны айтуға болады. Мұндай тұлғалармен сөйлесу барысында «қандай жауды жеңдің? қашан, қалай? неге, қашан іздедің?» сияқты қарсы сұрақтар арқылы коммуникация орнатылып, әрі қарай жалғастырылады. Бұл қолданушылар локалды кеңістікте жаңағы интертексті насихаттаушы деуге де болады. Интертекстің бұлайша ауызекі сөйлеу тілінде локалды кеңістікте, локалды уақытта аз ғана рет жұмсалуын кейбір зерттеушілер коммеморат деп атайды, яғни коммуникация сөзі терминнің сыртқы формасына негіз болған. Қолданыс жиілігіне, көптігіне байланысты мұндай интертекстердің бірте-бірте қанатты сөздер қатарына да өту мүмкіндігі бар екенін айта кетуге тиіспіз.
Осындай жағдайларды ескерген Г.В. Денисова интертекстердің қызметін 10-ға бөледі: 1. Интертекст - коммуникацияның алғашқы құралы; 2. Интертекст – ойын мезетін құру құралы; 3. Интертекст – бағалаудың жасырын құралы; 4. Интертекст – реципиентті сендіру құралы; 5. Интертекст – коммуникативтік әсер ету құралы; 6. Интертекст – ойды кіргізудің өзіндік құралы, пайымдаудың алғашқы баспалдағы немесе контакт орнату тәсілі; 7. Интертекст - өзіндік интерпретатор; 8. Интертекст – семантикасы және/немесе стильдік бояуы бойынша қарама-қарсы контекске түсіру жолымен пародиялау тәсілі; 9. Интертекст – «өз адамдарына» қарасты эрудиция көрсету тәсілі; 10. Интертекст – мәтінді айшықтау тәсілі.
Ғалым тізіп көрсеткен қызметтер, негізінен, жоғарыда көрсетілген классификацияның ұсақталған түрі деп айтуға болады. Жасырын бағалауыштық қызметі және қарым-қатынастың алғашқы құралы екендігінен басқа бесеуін сілтемелік қызмет тобына кіргізуге болады. Тек стилистикалық контраст контекске түскен интертекстердің барлығы пародия болмайтынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ ғалым жіктеуіндегі интертекстердің бірінші көрсетілген қарым-қатынас орнатушы қызметі кең мағынада мәтін түзушілік қызмет атқаратынын ескере отырып, өз тарапымыздан көркем мәтіндегі интертекстердің қызметін бес топқа біріктіруді ұсынамыз: 1. Интертекстердің сілтемелік қызметі; 2. Интертекстердің мәтін түзушілік қызметі; 3. Интертекстердің бағалауыштық қызметі; 4. Интертекстердің айшықтаушы қызметі; 5. Интертекстердің парольдік қызметі.
Әрине, көркем мәтінде интертекстердің тек бір ғана қызметі емес, бірнешеуі қатар байқалады. Көбінесе сілтемелік және бағалауыштық қызметі қосарлана көрінеді, өйткені интертекст авторы өзі эталон немесе түкке тұрғысыз деп таңдап алуының өзімен-ақ претекске және оның авторына бағалауын да, сілтеуін де көрсетеді. Ал бұл автор мен оқырман үшін интертекстер қызметі үнемі сәйкесе бермейтінін көрсетеді.
№12 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдебиеттің сөз өнері сипатындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның табиғаты Тапсырмалар:
Оқырманның реакциясын басқару технологиялары.
Кейіпкерлер «сызбасы» және олардың оқырман санасына ықпал етуі.