Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет2/24
Дата18.11.2023
өлшемі497,53 Kb.
#124638
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

Пререквизиттері:Тіл біліміне кіріспе. Әдебиеттануға кіріспе. Халық ауыз әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тарихы. Шетел әдебиетінің тарихы. Әдебиет теориясы. Жалпы тіл білімі. Мәдениеттану. Философия.
Постреквизиттері:Әдебиеттанудың өзекті мәселелері. Әдебиеттанудың философиялық мәселелері.
3. Магистранттарға қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда магистрантқа жоғары баға қойылады. Магистрант әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).
Сабаққа қатысу:
Магистрант сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1-і себепсіз қалдырылса, курстан шығарылады.
Аудиториядағы тәртіп:
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында магистранттың төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

  1. Өз пікірін дәлелдесе;

  2. Сабаққа белсенді қатысса;

  3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.

Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.
Жеке семестрлік тапсырмалар:
Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті түрде орындалуы қажет. Семестрлік жұмыстар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) түрінде орындалып, қорғалады. Жұмыстан қателер табылған жағдайда ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет