Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет4/24
Дата18.11.2023
өлшемі497,53 Kb.
#124638
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

1-СОӨЖ тақырыбы:Әдеби герменевтика рецептивтік теориясы. Әдебиеттанудағы формализм (В.Б.Шкловский, Ю.Н.Тынянов, Б.В.Томашевский, К.Брукс, Д.Рэнсом және т.б.).
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Мәтінді оқып үйренудің семиотикалық әдісі және структурализм (В.Пропп, Ю.Лотман, Р.Барт).
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Екінші апта
2 дәрістің тақырыбы:Көркем мәтіннің функционалды-прагматикалық теориясы
Қарастырылатын мәселелер:
1. Мәтін прагматикасы – мәтіннің коммуникативтік моделінің бөлігі
2. Мәтін прагматикасы – әдеби үдеріс субъектілерінің (автор, оқырман) бөлігі
3. Мәтін прагматикасы – тіл мен шындықтың бөлігі
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Көркем мәтінді туындататын да, тұтынатын да адам болғандықтан, антропоөзектік лингвистика тілдік тұлғаның дүниені көркем түйсінуі мен қабылдауын бір-бірінен ажырағысыз қарастырады. Көркем мәтін, ондағы мазмұндық-нақты, мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды түзуге қызмет ететін санаттардың концептуалды және прагматикалық әлеуеті біртұтас, тиянақталған мәтін көлемінде әлі де толық сипатталмай жүргені белгілі. Көркем мәтіннің лексика-фразеологиялық қабатында кездесетін түрлі тілдік бірліктер арқылы орнатылатын экстралингвистикалық байланыстарды танып, білу үшін тілдік тұлға болып табылатын оқырманның когнитивтік базасы айрықша маңызды екені де аса ескерілмей жүрген мәселелердің бірі. Көркем мәтіннің басқа функционалды стильдегі мәтіндермен, басқа көркем мәтіндермен, сондай-ақ өзге семиотика жүйесіне жататын мәтіндермен байланысын көрсететін интертекстуалдылықтың вербалды көрінісі, ондай байланыстардың қолданылу себептері, оларға негіз болатын түрлі прецедентті феномендер және олардың көркем шығармадағы қызметі қазақ тіл білімінде зерттеу нысаны болмағандықтан, жұмыстың өзектілігін танытады.
Күрделі семантикалы коммуникативті-прагматикалық ашық жүйе ретінде өзіндік санаттарымен ерекшеленетін көркем мәтінді антропоөзектік тұрғыдан қарап, оның басқа мәтіндермен байланысу заңдылықтарын көрсету үшін қазақ әдеби үдерісіне қатысты прозалық және поэзиялық шығармалар пайдаланылды. Мәтінаралық байланыстардың әлеуетін өз шығармашылығында сәтті қолданатын авторлар қатарында М.Мақатаев, Қ.Шаңғытбаев, Ж.Жақыпбаев, Г.Салықбай, Ғ.Жайлыбай, С.Ақсұңқарұлы сияқты белгілі ақындар мен прозашы І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Т.Әбдіков, Н.Ораздарды, сондай-ақ поэзияға кейінде келген толқынды (М.Райымбекұлы, Д.Мәсімханұлы, Б.Мүбәрак, С.Сағынтай) атауға болады.
2 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтінді түсіндіретін негізгі әдістер
Тапсырмалар:
1. Көркем мәтіннің функционалды-прагматикалық теориясының пәні мен міндеттері.
2. Мәтіннің негізгі деңгейлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет