Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет3/24
Дата17.04.2023
өлшемі497,53 Kb.
#83627
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

Өзіндік жұмыс:
Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Аталған курсты оқып үйрену нәтижесінде алған білімдерін магистранттар өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде, ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланатын болады.


5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Құрылымдық-функционалдық әдіс және оның негізгі ұғымдары. Телеологиялық әдіс (Р.Якобсон).
2. Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері және тарихи-әлеуметтік бағыт (В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Д.И.Писарев және т.б.).
3. Мәдени-психологиялық бағыт (Фрэнк Р. Ливис, Айвор А. Ричардс, У. Эмпсон және т.б.).
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқырманның ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мұмкін. Оқырман көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқырманның өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Көпшілік оқытушылар талдамас бұрын, шәкіртімен сол туынды жайында арнаулы әңгіме, пікірлесу өткізеді, тіпті шағын әдеби айтысқа да жетелейді. Оның тиімділігі сол, оқытушы шәкіртінің көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғартады, талдауда қандай мәселелерге назар аудару керек, соған бағыт-бағдар алады. Ең басты мәселе, оқырманды өз беттерімен талдауға жетелейді, тілін дамытады, көркем шығарманы қабылдай білу, әрі оған пікір айта білу дағдыларын қалыптастырады. Оқырманмен пікірлеспей, алдын ала олардың көркем туынды туралы (талданатын) ойлары, сезімдерін білмей, ескермей талдау жасау шәкіртті жаттандыққа, оқытушы мен оқулық пікірлерін қайталап айтушылыққа ұрындырады. Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеу керек. Әр бала – жеке тұлға. Ол – психологиялық жағынан болсын, дүниетанымы, білім жағынан болсын, бір-біріне ұқсамайтын жеке адам. Талдау, ең алдымен, міне, сол жеке адамның пікіріне де сүйенуі тиіс. Әдебиеттану ғылымы әдеби талдауда ең басты мына мәселелерге көңіл аудартады яғни ғылыми талдаудың негізгі принциптері мынадай:а) Көркем туындыдағы авторлық көзқарас; в) Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі; б) Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу.
Әдеби талдауда осы принциптерді басшылыққа алу оқылып жатқан көркем туынды туралы, оның авторы туралы үстірт пікірлер мен жалған бағалардан сақтандырады. Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне де байланысты. Әрине, сөз жоқ, мұғалімнің терең әдеби білімі, кең ой-өрісі, көркем туындыны объективті түрде бар бітім-болмысымен қабылдай білу де талдауға әсер етеді. Талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады.
1 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтін теориясының пәні мен міндеттері
Тапсырмалар:
1. Деконструктивизм және оның көркем мәтінді оқып үйренудегі негізгі тәсілдері (Ю.Кристева, Ж.Деррида).
2. Когнитивтік бағыт және оның мәтін танудағы рөлі (У.Г.Ленерт, Р.Де Богранд, У Лабов және т.б.).
3. Лингвистикалық әдіс (А.А.Леонтьев, М.Риффатер және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет