Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет18/24
Дата17.04.2023
өлшемі497,53 Kb.
#83627
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

12-СОӨЖ тақырыбы:Оқу шығармашылық үдеріс және ерекше құбылыс сипатында. Г.Яусстың теориясы. Көркем мәтіннің интерпелляциясы және конкретизациясы.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Постмодернистердің теориясы. Қалыптасып келе жатқан көркемдік әлемнің «гештальті» және жекелей қалыптасқан мәтінді айқындау.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Он үшінші апта
13 дәрістің тақырыбы: Байланыс орнатушылық қызмет және оның көркем мәтінде айқындалуының тәсілдері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Көркем мәтінді қабылдау үдерісіндегі байланыс орнатушы қызметінің маңызы.
2. Әдебиет туындыларында оны таратудың негізгі тәсілдері: безендіру, мәтінді орналастыру.
3. Мәтіннің композициялық бірліктерінің маңызы.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы интертекстердің және олардың претекстерінің толық немесе үстірт таныс екеніне байланысты оқырманның қабылдап, түсінуіне орай интертекстерді автор интенциясына сәйкес түсінілетін, жартылай түсінікті және мүлде түсініксіз деп топтастыруға болады.
Қазақ әдебиетінде мәтінаралық байланыстар типологиясы мынадай: цитата, цитаталы сөз (цитация), аллюзия, реминисценция, пародия, символика, тексті аяқтау. Цитаталы сөз кейде еш өзгеріссіз қолданылса, енді бірде кіргізілетін мәтіннің өзіне тән ерекшеліктеріне, автордың мақсатына қарай трансформацияға түседі. Цитата шығарма тақырыбы, эпиграфынан бастап, мәтіннің кез келген жерінде орналасуы және олардың, яғни мәтін мен цитатаның семантикалық арақатысы түрліше болуы мүмкін. Кең мағынада цитацияға аллюзия мен реминисценцияны, синкретті интертекстуалдылықты жатқызуға болады.
Қазақ ауыз әдебиетінен белгілі қайым айтысты интертекст ретінде қарастыруға да болады, себебі айтысушы әр жұп өз мәтіндерін алғашқы ортақ жолдарға құрады да, сол арқылы мәтін тұтастығын, байланыстылығын түзеді. Мұндағы байланыс лексикалық-семантикалық парадигма, синтаксистік цитация арқылы екі ақынның шумақтарында (күрделі синтаксистік тұтастықтарында) үнемі көрініп отырады.
Роман ішіндегі роман, мәтінді жалғастыру мәтінаралық байланыстардың ең күрделі түрлері болғандықтан, қазақ әдеби үдерісінде некен-саяқ болса, пародия, перифраз біршама жиі кездеседі деуге болады.
Қазақ қаламгерлері ішкі және сыртқы интертекстуалдылықты жиі қолданады, яғни өмірде нақты бар және өз интенциясына сай қиялынан тудырған құжаттар мен хаттарды, күнделіктерді өздері түзіп отырған туындыға сөйлеу субъектісін өзгерту, мәтін семантикасын толықтыру, дамыту үшін кіргізеді. Көркем мәтіндегі түс көбіне метасипаттау, яғни шығармадағы жекелеген оқиғаларды түсіндіретін, олардың шешімін көрсететін интертекстуалды элементтер ретінде байқалады.
Жалпы қазақ көркем мәтініндегі интертекстуалды элементтердің негізгі түрлері осылар болғанмен, қаламгерлердің кейінгі буыны эксперимент ретінде таза цитацияны, анаграмманы байқастап жүргені белгілі.
Мәтінаралық байланыстарды тілдік тұлға ретіндегі оқырманнан тыс қарастыруға болмайды, өйткені көркем шығарманың вербалды құрылымындағы келтірінді элементтерді танып, қабылдау, оны өзі оқып отырған мәтін семантикасымен байланыстыру оның аялық білімі, тілдік- мәдени құзіреті шегінде ғана жүзеге асады. Тілдік тұлға құрылымының үшінші прагматикалық деңгейі, негізінен, осы бірліктерді қамтитынын ескерсек, автор мен оқырманның когнитивтік базасы, кеңістігі көбінесе шамалас болып келеді.
Тілдік тұлғаның жадында түрлі мәтіндердің ізі сөз, сөз тіркесі, сөйлем, микромәтін деңгейінде сақталып, қаттала береді және олар белгілі бір тақырып немесе оқиға төңірегінде тиісті тәртіппен емес, бей-берекет орналасады да, адам қажет еткен сәтте оқыс еске түсуге, қайта қолдануға бейім болып келеді. Мұндай сөзқолданыс эмоционалды жағынан адамның жан дүниесіне жақын болып келеді де, сол арқылы оқырман оқып отырған мәтіндегі оқиғаның жекелеген белгісі өзектенеді. Мәтінаралық байланыстардың маркері болып саналатын бұл элементтердің қолданылуына, өзектенуіне уақыттың әсері болмайды, себебі олар адам жадында ұзақ мерзім бойы, қажеттілік туған жағдайға дейін еш қозғаусыз сақтала береді.
Тілдік тұлға өз жадында түрлі мәтіндердің өзіне ұнаған үзіктерін сақтауы мүмкін, ол мәтіндер қалың көпшілікке де, оқырмандардың аз ғана тобына да таныс болуы ықтимал.
Тілдік тұлғаның танымдық іс-әрекеті арқылы қалыптасатын интертекстуалдылық құрылымының өзіне тән өзегі немесе орталығы, динамикалық интертекстуалды қабаты және интертекстуалды перифериясы болады. Бұлардың алғашқысы, негізінен, біршама тұрақты болып, оған ұлттық когнитивтік базасына кіретін классикалық әдеби шығармалар, белгілі қайраткерлердің есімдері мен сөздері, қоғам үшін маңызды болған түрлі саяси-тарихи, әлеуметтік-мәдени оқиғалар, діни жәдігерлер жатады. Тілдік тұлғаның динамикалық интертекстуалды қабаты түрлі объективті, субъективті жағдайларға байланысты ұлттық және жеке білім аясына тәуелді болады да, өзгеріп отырады. Бұл орайда кеңес үкіметі тыйым салған әдебиет пен әлемдік әдеби үдерістің ығына қарай ауыспалы болып отыратын шетелдік туындыларды айтсақ та жеткілікті. Тілдік тұлғаның интертекстуалды перифериясын бұқаралық мәдениет мәтіндері, күшті әдеби емес мәтіндер құрайды, ол тез, жиі өзгеріп отырады.
13 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдебиет шығармаларының құрылымындағы баяндаушы бейнесін талдаудағы әдебиеттану принциптері
Тапсырмалар:
1. Тілдік-образдық мәтіндер.
2. Пиктографиялық элементтердің маңызы.
3. Көркем мәтін құрылымындағы өзіндік референция.
4. Әдебиет туындыларындағы металингвистикалық және байланысорнатушылық қызметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет