Орындаған: Жаңабаева Айсұлу Азатбайқызы
Тексерген:Ибраева Магрипа Курманбековна
РЕФЕРАТ
Мен Тұжырымдамасы
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.
"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді. Мақалада оқыту жəне тəрбиелеу теориясындағы «Мен»-тұжырымдамасына теориялық талдау жасалған жəне оның құрылымдық компоненттерінің сипаттамасы жүйеленген. «Мен»- тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерін қарастыра отыра, психологиялық ғылымдардағы тұлғаға берілген сипаттамалар, жалпы адам, индивид, даралық мəселелесі оқыту жəне тəрбиелеу контекстінде қозғалған. Себебі, қазіргі автоматтандырылған, техникаландырылған жəне жедел қарқынмен белсенді дамып отырған заманауи қоғамда тұлғаға қатысты сұрақтар аса көкейкесті болып отыр, оның маңыздылығы күннен-күнге арта түсуде. Бұл оқыту жəне тəрбиелеу мəселесінде «Мен»- тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерінің теориялық негіздерін терең түсінудің жəне білудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Алыс жəне жақын шетел психологиясындағы жеке адамды зерттеп білудің əртүрлі бағыттарына қазіргі əдебиеттерде берілген мəліметтерге де қысқаша шолу берілген. «Мен»-тұжырымдамасының авторы болып саналатын ағылшын ғалымы Р.Бернстің еңбегіне талдау жасалған. Оқыту жəне тəрбиелеу тұрғысындағы «Мен»-тұжырымдамасының құрылымынан орын алатын қызығушылық, қажеттілік, дүниетаным, мұрат, сенім, көзқарас, ниет, белсенділік, талғам тағы басқа компоненттерге адамтану туралы ғылымдарда берілген анықтамалар жүйеленіп, сараланған. «Мен»-тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерін кеңінен қарастыру мақсатында психологиялық, философиялық сөздіктердегі осы түсініктерге берілген анықтамалар бар.
Кіріспе
Адам — абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы — адам, оның өмірі, құқығы жəне бостандығы. Қазіргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мəдени үлгілер жасаушы жəне өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық жəне таным субъектісі ретінде ұсынылады.
Жалпы адам туралы, оның өткен тарихы, бүгіні жəне келешегі туралы барлық деректерде жазылған. Дей тұрғанмен адамның өзі туралы, адамзат туралы білуге деген талпынысы ұлан-ғайыр. Гуманитарлық ғылым өкілдерінің: философтар, əлеуметтанушылар, психологтар, генетиктер, əдебиет, өнер өкілдері, педагогикалық ғылымдар өкілдерінің əлі де адамның болмысын тереңнен зерттеп ашуға, тұлғаның өмірлік қалыптасу заңдылықтарын түсінуге, оның қазіргісін, болашағын білуге деген құлшыныстары арта түсуде. Сонымен қатар, бұл сұрақтар əр қырынан қойылуда.
Бүгінгі күні де оқыту жəне тəрбиелеу тұрғысында тұлғаны əр қырынан зерттеу мəселесі көкейкесті болып табылады, өзгермелі қоғамда əлі ол күн тəртібінде тұр. Біз қарастырып отырған «Мен»-тұжырымдамасының құрылымдық компоненттерін жүйелеу жəне сипаттау, талдау, тұлғаға қатысты аса маңызды сұрақтардың бірі. Жоғарыда айтып өткендей тұлғаға қатысты сұрақтар өте ертеден-ақ зерттеліп келгенімен, əлі қарастыратын оқытуда теориялық, тəрбиелік, практикалық мəселелер бар, əсіресе қазіргі ХХІ ғасырда, тұлғаға жағымды, жағымсызы бар, сыртқы жəне ішкі ықпалдардың əсері айрықша көрініп тұрғанда аса қажет. Сол себепті мұндай зерттеулер жүргізілуі керек, онсыз қазіргі қоғамда болып жатқан көптеген келеңсіз жайттардың себеп-салдарын түсіну мүмкін емес болып отыр. Қандай болмасын құбылыстың табиғатын түсіну үшін ең əуелі оның теориялық-əдіснамалық негіздері терең қарастырылып, талдануы қажет, ол алдағы жүргізілетін зерттеуге негіз болады.
Осы жоғары да баяндалғандар аталмыш мəселенің қазіргі уақыттағы қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |