Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет1/24
Дата24.07.2023
өлшемі0,88 Mb.
#104726
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі Қыдыршаев А.С.






1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:



Курс

Семестр

Кре
дит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісхана
дан тыс сабақтар

Бар
лық сағат

Бақы
лау түрі

Дәріс

Практика
лық/
семинар сабақтары

Зертхана
лық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

3

6

3

30

15

-

15

-

45

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы




2. Пән туралы мәліметтер


Мақсаты: студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті жоғары филолог мұғалім даярлау.


Курстың міндеті:

  1. Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;

  3. Студенттерді педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

  4. Студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсат-міндеттерімен және білім мазмұнымен таныстыру;

  5. Мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесімен таныстыру;

  6. Оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендермен таныстыру;

  7. Қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жолдарын меңгерту;

  8. Пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  9. Өз бетінше әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;

  10. Білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдалануға үйрету;

  11. Болашақ мамандарды қазақ тілін оқытудың инновациялық, интербелсенді әдістерін қолдануға үйрету (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);

  12. Өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға баулу;



Пререквизиттері: «Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері», «Кәсіби қазақ тілі»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет