Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет14/19
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111131
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
10-СОӨЖ тақырыбы: Қалмақан Әдбдіқадыров шығармашылығы. «Қажымұқан» повесі
Тапсырмалар: Балалар әдебиетінің жанрлық өсуі
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Машқар Гумеров шығармашылығы туралы баяндау. «Құпия дәптері», «Бірінші тоқсан» повестерін мазмұндау.
Есеп беру түрі: Баяндап-талдау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қазақ балалар әдебиеті. –А,1974 ж.

  2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тархының очеркі. –А,1965

  3. Тұрсынбаев Б. Гумеров М. Төрежанов М. А., 1992

  4. Гумеров М. Ортаншы ұл. А., 1990



Он бірінші апта
11 дәрістің тақырыбы: С. Сарғасқаев, Қ. Қайсенов шығармашылығы
Терминдер мен анықтамалар: Батырлық пен балалық белестері
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың есіні жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Шарбақты» колхозында туған. 1943—1948 жылдары Кеңес Армиясы катарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. КПСС мүшесі. Ол жастық шағын еске алып бірде былай деп жазған еді: «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, - ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.
Мойнына ал қызыл галстук тағып пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына жасынан белсене араласқан Сарғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әнгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді, адал болуды жазды.
Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының беттерінен жиі-жиі көріне бастады.
1953 жылы Сарғасқаевтың «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.
Мұнан кейін Сансызбай 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдін балалары» (1956), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повестер мен «Балалар» (1958), «Шындық» (1964) атты әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Жинаққа енген жиырмаға тарта шағын әңгімелер тақырыбы, оқиғасы жағынан алғашқы әңгімелерінен әлдеқайда көркем. Бұлардан жазушының қаламы өткірленіп, шеберлігі арта түсіп, кекселенгендігі бірден байқалады. Әсіресе «Өкініш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жігіт» секілді әңгімелері композициялық шырақтығы, сюжеттік тартымдылығы, бояу нақышының айқындылығымен көзге түседі. Сансызбай Сарғасқаев пионер өмірін толық та жете біледі. Ол жас ұландар өмірін, қызықты істерін жай ғана тіркеуші емес, алға мезеуші. «Мен пионерлерді инитивасы, тапқырлығы үшін, коллективтілігі мен шынайы достықтары үшін жақсы көремін. Міне сондықтан да олар менің шығармаларымның басты кейіпкерлеріне айналды» деуі өте орынды. Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік — пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету. Оның «Бүршік жапырақ жаяды» повесі жаратылыс сұлулығын-таң шапағын суреттеудең бастаған: «Бүгін де күндегідей еді. Көкжиектің етегін түре таң біліне бергенде «Сұлу-төрдің» сүйір-сүйір шоқыларына қонған боп-боз ақша бұлттар таң шапағымен бойына қан жүгіргендей, ашық қызыл түске еніп, бейне бір күлтеленген гүлдей жұмыр-лана қалғанды. Таң самалы түнгі ауыр ауаны ысырып, әлде бір жадырақ қылықты әкелгендей селоның үстін сипап өтіп, жасыл жапырақтарды баяу тербетеді. «Сұлу-төрдің» найзадай тік қадалған биік шындарына түскен күн сәулесі бірте-бірте оның терең аңғарларына сүңгіп, торланған қос көлеңкенің жамылғысын бұзып өтіп, арғы қабағына шаншыла қалды. Қара-коңыр аспан көкшіл тартып, кең алқапта, қалың ағаштар да ашық сәуле құшағына енді. Енді бірде Бүкіл алқапка мол нұрын шашып «Сұлутөрдің» иығынан отты үлкен шар секілді — күн шыға келді».
Сансызбай адам портреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзаждын ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен, еңбек процестерімек байланыстыра суреттейді. Адам — табиғат перзенті. Табиғаттың даму, өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы басты кейіпкерлерін табиғат көріністерін суреттеуге байланыстыра гуманизм рухымен тоғыстырған.
Повестің басты кейіпкерлері — Раушан, Мақсұт, Олақ, Ақан. Бұлардың бәрі де бесінші класс оқушылары. Олар не нәрсені болса да қызыға, қуана қарсы алатын, ойындағысын орындағанша тыныштық көрмейтін, таудай талабы бар намыс иелері. Олардың көзге түсерлік елеулі еңбек еткілері келеді. Бірақ оны неден бастау керек? Әң-гіме сонда. Раушан да, Олақ та, Ақан да қаладан жаңа көшіп келген агрономның баласы Мақсұттың Москваға Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне қалай барғанын білгісі келеді. Олар Мақсұт сияқты Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне баруды армандайды. Осы проблеманың шешілуін автор тағы да әрекетке, балалар инициативасына, асқақ романтикасына әкеліп тірейді:
Повесте пионерлердің осындай үлкен талаптарын қолдап, соған басшылық ететін биология пәнінің мұғалімі Жомарт Алматаев пен колхоз агрономы Дулаттың образдары солғын шыққан. Олардың қимыл, әрекеті көбіне баяндау тұрғысында шешіледі. Кейбір эпизодтарда ғана кылаң еткені болмаса, көздеген мақсатка жетпей калған. Әрине, бұрын «Сұлутөрдін балалары» деген атпен жарық көрген бұл повесті жазушының біраз жөндегені көрініп тұр. Қосылған тараулар мен толықтырулар әлі де теренірек қарауды қажет ететін секілді.
11 практикалық сабақтың тақырыбы: Мұқан Иманжанов шығармашылығы.
Тапсырмалар: М. Иманжановтың өмірі мен шығармашылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет