Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет6/19
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111131
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
3-СОӨЖ тақырыбы: ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармаларындағы бала тәрбиесі мәселелері.
Тапсырмалар: XIX ғасырдың бірінші, екінші жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай.
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздарға сипаттама
Есеп беру түрі: баяндама
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.
2. .Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.
3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.
4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.
5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)
6.Ахметов.З Абайдың ақындық әлемі.-А,1997
7.Махамбет. Жыр-жебе. А: Дайл пресс, 2003ж
Төртінші апта
4 дәрістің тақырыбы: Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Терминдер мен анықтамалар: «Таза бұлақ» әңгімесі, «Ақ сандық, көк сандық».
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей –ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,-
деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.
Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.
Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
«Өнер –жігіт көркі», -деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды....-
деп жастарға зор үміт артты.
Өнер –білім бар жұрттар
Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты
Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,
Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.
Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.
Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай
Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,
Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -
Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-
Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.
Қазақ балалар әдебиетінде ұлы ақын Абайдың да көрнекті орны бар. Балаларға арнайы еңбек жазып, өзі педагогтік іспен шұғылданбаса да, Абай бала тәрбиесіне, оның келешек қоғам үшін пайдалы адам болып шығуына үлкен зер салған. Ұлы ақын 1845 жылы Бұрынғы Семей(қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Шыңғыс тауларында туған. Өзінің туған даласының ақындары мен әншілерінің толып жатқан бай шығармаларының бәрін – түрлі хикая-әңгімелерді, ертектерді, батырлар жырларын, тарихи өлеңдерді ауылында жүргенінде талай рет зейін сала тыңдап, жаттайды.
Ауылдағы молдадан хат танытқаннан кейін Құнанбай сегіз жасар Абайды Семей қаласына жіберіп, Ахмет-Риза имамның медресесінен оқытады. Осы медреседе оқыған үш жылдың ішінде дарынды, зирек бала көп нәрселерді үйренеді. Араб-иран және түрік ақындарының шығармаларын құмартып оқи бастайды. Абай жастайынан-ақ сөз тапқыш, өткір сөзді шешен деген атаққа ие болды. Абайдың ерте кезде жазған өлеңдері біздің заманымызға толығымен жеткен жоқ.
Өмірінің 35 жасында Абай қайтадан өлең жазуға кіріседі. Бірақ бұл кездегі өлеңдерін де ол әлі де болса өзінің жақын жас досы Көкпай Жанатаевтың атынан шығарады. Он-жиырма жылдың ішінде ой-өрісі кеңіп, мәдениеті өсе бастаған Абай халық әдебиетіні, шығыс ақындарының ең жақсы мұраларын, әсіресе, орыстың классикалық әдебиетін оқып үйренеді. Тек 1886 жылы, жасы қырыққа жеткенде ғана ол «Жаз» деген өте көркем өлеңін жазып, осыдан кейін тұңғыш рет өзінің шығармаларына өз атын ашық қоя бастады. Міне, осы уақыттан бастап, оның қалған өмірінің жиырма жылы терең мағыналы ақындық творчествосының қанатты кең жайып, еркін гүлдене бастаған кезеңіне айналды.
4 практикалық сабақтың тақырыбы:Ыбырай, Абай көрсеткен дана жол. Тапсырмалар: Ы.Алтынсариннің балаларға арнаған өлеңдерін жатқа айту. Абайдың оқуға, білімге шақырған өлеңдерін жатқа айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет