Курс мақсаты: Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық – эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін тұжырымдап, семинар сабақтарында жеткізіп отырулары көзделген.
Курс міндеті: Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешуде мына міндеттерді айқындау көзделеді:
Балалар әдебиеті жөніндегі соңғы зерттеу еңбектерімен таныстыру
Курс соңында студент әр кезеңдегі балалар әдебиеті өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларын тақырыптық – мазмұндық, көркемдік – эстетикалық тұрғысынан жан-жақты талдай білуі қажет. Халқымыздың балаларға арналған рухани мұраларымен әлем балалар әдебиетінің озық үлгілерімен дәстүрлік, үндестік жақтарын айыра білуі тиіс.
Оқыту әдістемесі: Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіліп , білім - білік , таным дағдылары , түсініктері бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау, бағалау өзін-өзі бағалау критерилері негізінде жүзеге асады.Сабақ барысында оқу-жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары кеңінен қолданылып , баяндау, сұрақ-жауап, талқылау т.б әдістері арқылы жүргізіледі.
Студенттерге қойылатын талаптар:Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.