Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет19/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
8-СОӨЖ тақырыбы:
1. Ресми іс-қағаздар стилі,оның өзіндік тілдік- стильдік ерекшеліктері.
2. Ресми іс-қағаздар стилінің шағын стиль түрлері мен жанрлары.
Тапсырмалар: реферат жазу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Варианттылық, оның тіл нормаларына тигізетін әсері.
2. Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
Есеп беру түрі: көркем әдебиеттен мысалдар табу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
13. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.


Тоғызыншы апта
9 дәрістің тақырыбы: Морфологиялық стилистика (сөз таптары стилистикасы)
Қарастырылатын мәселелер:
1. Үстеу, еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі.
2. Шылау, одағай сөздердің стилистикалық қызметі.
Терминдер мен анықтамалар
Коннотация (лат. connoto - қосымша мағынасы бар) – тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды, стилистикалық рең білдіруі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Үстеу, еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі.
Д.А.Әлкебаеваның айтуынша үстеу мен еліктеу сөздердің стилистикалық қызметі ерекше. Бұл сөз таптарының стильдік бояуы бірден байқалып түұрады. Үстеу, еліктеу сөздері барлық дерлік стильдерде кездескенімен олардың атқаратын стильдік жүгі әртүрлі болады. Бұл сөз таптарының белсенділігі ауызекі және көркем әдебиет стилінде көзге түседі. Д.А.Әлкебаева былай дейді: «Функционалдық стилдердегі үстеулердің мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, көлемдік түрлері септік жалғаулар арқылы жасалынған туынды үстеулер, сын-бейне үстеулердің стильдік мәні ерекше болады» [180 б.]. Үстеулердің стильдік атқаратын жүгі туралы арнайы зерттеулер болған жоқ. Б. Манасбаевтың жаттығулар жинағында да барлық сөз таптарына жаттығулар берілгенімен үстеу, шылаулар талданбаған. Қазірде стильдің түрлерінде шылау және үстеулердің стильдік қызметі енді ғана қолға алынуда. Бұндай зерттеу қатарына Д.А.Әлкебаеваның 2005 жылы шыққан «Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы» монорафиясын жатқызамыз. Ол былай дейді: «Үстеулердің стилистикалық мәнін олардың грамматикалық формалары анықтайды. Қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін жүзеге асыру тәсілін, мекенін, мезгілін, жай-күйін білдіретін сөздер, бұл сөздер әр стильде өзінің белгілі стильдік салмағымен ерекшеленеді.
2. Шылау, одағай сөздердің стилистикалық қызметі.
Шылаулардың барлық стиль түрлерінде ерекше қызмет атқаратындығы бұрыннан айтылып жүргенімен арнайы зерттеулер болған емес. Басқа тілдердегі артикльдердің қызметі сияқты қазақ тілінде шылаулар стильдік қызмет көрсетеді. Д.А.Әлкебаева былай дейді: «Шылаулар ауызекі сөйлеу стилінің қолданысында интонация арқылы алуан түрлі стильдік бояумен құлпырып кетеді. Мысалы, да шылауы, солай де шылауының астарында көп мағыналы үнмен айтылғанда көп астарлы ойдың түрлі мақсат әрекеттері көрініп отырады» [186 б.].
9 практикалық сабақтың тақырыбы: Ресурстар стилистикасы (сөз таптары стилистикасы).
Тапсырмалар:
1. Үстеудің стилистикалық қызметі.
2. Одағайдың стилистикалық қызметі.
3. Шылау сөздердің стилистикалық қызметі.
4. Еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет